| (МК) «Ойыншық» әнінің аудиожазбасын тыңдату. -Балалар өлеңде не туралы айтылған? -Сендерде қандай ойыншықтар бар? -Ойыншықтың қандай пайдасы бар? -Ойыншықтар жайлы қандай өлеңдер білесіңдер? /оқушылардың жауабын тыңдау/ Сергіту сәті Ал балалар тұрайық Бой сергітіп алайық Жоғары төмен қарайық Онға-онға түзу тұр Солға-солға түзу тұр Бойымызға күш жинап Біз демалып қалайық (Ұ)Өлеңді оқу Қоян, қоян тұршы, Бетінді жушы. Шашыңды тарашы, Айнаға қарашы. Мұғалім іс-әрекеті:Өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқып беремін.Оқушылармен бірге өлеңнің мазмұнын талдап, сұрақ қоюға бағыт-бағдар беремін. (Ө)Оқушының іс-әрекеті:Өлеңді хормен және жеке оқиды. Өлең мазмұны бойынша сұрақ құрастырады. Мысалы:Бұл не?Қоян не істеді? Қоян шашын тарады ма?Қоян қандай? т.с.с. (Ж) Әр жұпқа екі суреті бар карточкаларды таратамын. Сурет бойынша бір- біріне кезектесіп сұрақтар қоюды және жауап беруді сұраймын. Оқушылардың қарапайым сұрақтар қоя білу және жауап беру дағдысын бағалаймын. Дифференциация:Білім деңгейі әр түрлі оқушыларды жұптастырып отырғызамын. Қалыптастырушы бағалау Оқушының аты-жөні:____________________________ | ОБ сілтеме | Оқу мақсаты | Бағалауға арналған ұсыныс | | О4 Сұрақтар қоя білу және бағалау | Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі. | Әр жұпқа екі суреті бар карточкаларды тарату. Сурет бойынша бір- біріне кезектесіп сұрақтар қоюды және жауап беруді тапсыру. Оқушылардың қарапайым сұрақтар қоя білу және жауап беру дағдысын бағалау. Тапсырма:Жұптасыңа сурет бойынша сұрақ қой. Жұптасыңның сұрағына жауап бер. | | Дағдылар | Жетістік критерийлері | | Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді | | Оқылым | мәтіннің мазмұны немесе сурет бойынша сұрақтар құрастыра алады; мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап бере алады. | |