СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзін-өзі тану пәні "Үйренгенім көп менің"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін-өзі тану пәні сабақ жоспары 4 сынып

Үйренгенім көп менің

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану пәні "Үйренгенім көп менің"»

Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары


Мектебі: Күні:

Мұғалімі:

Сыныбы: 4

Тақырыбы: Үйренгенім көп менің

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Тілалғыш, батылдық,ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау


Мақсаты: Оқушылардың адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту арқылы, дұрыс әрекет құндылығын дамыту


Міндеттері:

- Оқушыларды өзін-өзі тану пәнінен алған білімдерін пысықтау

- Оқушылардың бойындағы батылдық қасиеттерін дамыту.

- Оқушыларды ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға тәрбиелеу.

Ресурстар:


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

2. Үй тапсырмасын тексеру.


1. №33 – сабақ. Жұмыс дәптердегі 1 – тапсырманы орындау.



Сұрақтар:

1. Адамдармен жақсы тіл табысу үшін өіңде қандай жақсы қасиеттер болуы керек?

2. Білімнің адам үшін қандай пайдасы бар?

3. Сыныптастарыңызды қалай құрметтейсіз?

4. Өзіңіздің жақсы оқушы екеніңізді қалай дәлелдейсіз?




Сабақ бойы ережені ұстану мақсатында слайдқа немесе тақтаға жазып қою







Жағымды психологиялық көңіл күй

3. Сабақтың дәйексөзі.


Үйренгенің өзіңе жақсы

Сұрақтар:

1. Өзін-өз тану пәнінен не үйрендіңдер?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Халық даналығы.


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Еркіннің еңбегі

Атасы жаз шыққалы шөп шауып жүр еді. Қаладан қонаққа келген Еркін бір күні:

– Ата, шөпке мені де ала барыңызшы! – деп өтінді.

– Барғың келсе, жүре ғой. Шөп шабуды үйреніп қайтасың, – деді атасы.

Атай арбасына кер биені жегіп, құлынын ертіп, тоғайға келді. Биені шалғынға тұсап қоя берді де, өзі шөп шабуға кірісті. Ол қол шалғыны көсілте сермегенде, жоңышқалы көк шөп қолмен қойғандай түп-түзу болып атжалданып қалып жатыр. Атасының өнеріне қызыға қарап қалған Еркін:

–Ата, мені шөп шабуға үйретемін дегеніңіз қайда? – деді.

– Ұмытып барады екенмін ғой, ана жақтан шалғыны алып келе ғой,– деп жұмсады ол немересін.

Еркінге үйден арнайы алып шыққан шалғыны беріп, қолынан ұстап көрсетіп, демеп, шөп шабуға үйретті. Еркін ұзақ уақыт шөп шауып, өзімен-өзі әуре болып, күнді кештетті. Шапқан жері көп емес. Оның үстіне орған шөбі біркелкі түспей, шашырап жатыр. Жығылғанынан тік тұрып қалғаны көп сияқты. Сонда да атасы:

– Еркінжан, сен шөп шабуды үйреніп қалдың. Атаңмен күнде келіп тұрсаң, демалысың біткенше нағыз шалғышы болып шығасың, – деп немересін мадақтап қойды.

Атасы орамалын жайып, үстіне нан турап, май қойып, Еркінге қымыз құйып берді. Еркін нанға май жағып, біраз жеп алды. Жайшылықта ащы деп ішпейтін қымыздың да екі кесесін сімірді. Оған бәрі де дәмді көрініп, ішіп-жегісі келді де тұрды...

– Еркінжан, іш. Бүгін көп еңбек еттің. Еңбек қаныңды жүргізіп, тәбетіңді ашады. Ауырмайтын да боласың, – деп, атасы өмірден түйгендерін немересінің құлағына құя берді.

Сұрақтар:

1. Атасының Еркінге риза болуының себебі неде деп ойлайсыңдар?

2. Адамды қандай істер ризашылыққа бөлейді?

3. Еркіннің бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыңдар?

4. Өзіңнің еңбектеніп рақатқа бөленген кезіңді суреттеп бер.




М.Төрежанов

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

1 – топ: «Талап»

2 – топ. «Ақыл»

3 – топ: «Ой»

Тапсырма: Табиғатқа, өсімдіктерге, құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?


6. Топпен ән айту.

«Әрқашан күн сөнбесін!»


Сөзі:

Л. Ошанин

Әні:

І. Мәмбетов,

Қ. Ыдырысов

7. Сабақтың қорытынды сәті.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.