Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану пәнінде оқиға, әңгіме айту әдісі»
Өзін-өзі тану пәніндегі оқиға, әңгіме айту әдісі
Әңгіме – оқытудың диалогтік әдісі, мұнда мұғалім жете ойластырылған сұрақтар жүйесінің қойылуы жолымен оқушылардың жаңа материалды түсінуіне ықпал етеді немесе өткенді меңгеруін тексереді.
Әңгіменің мақсаты – бұрын меңгерген білімді көкейкесті ету, оқушылардың алдағы тұрған міндеттерді шешуі үшін оқу-танымдық іс-әрекетке олардың белсенді қатысуына зейінін, мүмкіндіктерін шоғырландыру, Әңгіме барысында оқушылардың жаңаны тануға дайындығы мен түсіну дәрежесі анықталады.
Сократ (469-399 б.э.д.)
«… Өзін білетін адам, өзі үшін ненің жақсы екенін біледі, және не істей алатыны мен қолынан ненің келмейтінін ажырата алады.
... Дегенмен, мен сенімен бірге ой жүгіртіп және іздестіргім келеді.
Әл-Фараби(872-950) «Білімді қалай ұғуға… болады? Оны зерттеумен, тәрбие өнерімен, үйренумен ұғынуға болады».
М. Монтень(1533-1592) «Мен мұғалімнің әуел бастан балалардың қабілетіне сәйкес талғамын дамыта отырып, өз ойларын ашық айтуға, олардың арасынан таңдау жасауды, ажырата білуді талап еткенін қалаймын».
Абай (1845-1904)
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) «Оқытудың ең үздік тәсілі – әңгіме, ол мұғалімнің тәлімгерлік шеннен түсіп, оқушылармен тең дәрежеде ақиқат іздеушіге (оқудағы болса да) айналады. Әңгімелесуде басты мәселелер: Отан, адам бойындағы Руханилық пен Адамгершілік туралы ой толғау керек. Шакарим Кудайбердыулы (1858-1931) «…Наилучший метод обучения - беседа, в которой учитель как бы снимает с себя сан наставника и становится вместе с учениками равноправным искателем истины (пусть даже, учебной). В беседах надо вести разговоры о главном: о родине, о духовном и нравственном в человеке».
Педагог кітапханасында сабақ тақырыбын неғұрлым терең ашатындай, өзінің жеке сыйы ретінде оқушыларға әңгімелеп айта алатын әңгімелер, оқиғалар, аңыздар мен ертегілер түріндегі рухани-адамгершілік қазынаның жинақ сандықшасы болуы тиіс. Оқушылар осындай оқиғалар мен әңгімелерді тыңдағынды өте жақсы көреді. Олар газет, журналдардан оқылған, теледидардан көрген өмірдегі жағдайлар, оқиғалар болуы мүмкін. Оларда міндетті түрде өнегелілік, адамгершілік сабақтарының реңкі болуы тиіс.
ӘҢГІМЕ ТАҢДАУ
- Сәйкес келетін оқиғаны таңдауда біз оқушылардың жасына байланысты нені жақсы көретіндерін, нені ұнатпайтындарын есепке алуымыз керек.
- Баланың ұл, қыз екеніне назар аудару керек. Ұлдарға көбінесе, шытырман оқиғалы әңгімелер мен фантастика сүйініш әкеледі. Екінші жағынан қыздар неғұрлым романтикаға үйір және жоғары эстетикалық қасиеттермен ерекшеленетін неғұрлым жайлы, мейірімді әңгімелерді таңдайды. Қыздарға сондай-ақ бақытты аяқталатын оқиғалар ұнайды.
- Тағы бір нәрсеге мұғалім назар аударуы тиіс – бұл балалардың отбасылық жағдайы. Мысалы, өздерін қабыл алмаған немесе сүйкімсіз сезінетін нашар отбасынан шыққан балаларға бақытты отбасының өмірін және балалар өмірін салыстыруды көрсететін әңгімелер ауыр әсер қалдырады және жағымсыз реакция тудырады.
ӘҢГІМЕ ТАҢДАУ ҮШІН ЖӨН СІЛТЕУ ТІЗІМІ:
- Әңгіме айтудың ұзақтығы тыңдаушының жасына байланысты болады. Мысалға, кіші жастағы оқушылар үлкен балалар сияқты ұзақ шоғырлана алмайды.
- Әңгімені иллюстрациялап және осы сәтте оқытылатын құндылықтардың мәнін ерекше көрсетіп қою керек, сонда оны көп сөзбен түсіндіруге уақыт кетпейді.
- Сондай-ақ әңгіме мұғалімнің көздеген мақсатына сай келуі тиіс.
- Әңгіме дені сау баланы дамыту үшін құндылықтарды қабылдауға ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерге ынталандыруы тиіс.
ӘҢГІМЕЛЕРДІҢ ДЕРЕККӨЗДЕРІ
Фольклор, мифология, тарихи кітаптар, өмірлік жағдаяттар, әулиелердің, көрнекті адамдардың өмірін сипаттау, аңыздар, ертегілер, өлеңдер, мысқылдар, ұлы пайғамбарлардың ғибратнамалары және рухани кітаптар.
ОҚИҒАНЫ АЙТЫП БЕРУДІҢ ПАЙДАСЫ
- Балаларға білім береді.
- Зейінді шоғырландыра білу, тыңдай білу іскерлігін дамытуға көмектеседі.
- Отбасында немесе сыныпта әңгімелеуші мен тыңдаушының ортасында байланыс орнатады.
- Шығармашылық қабілеттері мен қиялдарын дамытуға көмектеседі.
- Тыңдаушының бойын еркін ұстауға әсер етіп, жағымды жағдай туғызып, көңіл күйлерін көтереді.
- Оқушыға үйретіліп отырған құндылықтарды есте сақтауға мүмкіндік береді.
- Жақсы, дұрыс мінез-құлық қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
- Тыңдалған оқиғаны, көрнекі бейнелеп көрсету балалардың жақсы жаққа қарай өзгеруіне ықпал етеді.
Өткен ғасырдың аяғында бір бала король Харичандре туралы пьесаны көруге келеді. Ол король өмірде ақиқат жолында ғана жүрген екен. Ол ақиқатқа қиянат жасамау үшін өз отбасынан да бас тартады. Осы оқиға балаға қатты әсер етеді. Бала сол сәттен бастап айтқан сөзінде тұруға, ақиқат жолымен жүруге өзіне-өзі ант етеді. Бұл бала Махатма Ганди еді!
Әңгімелеп беру техникасы:
- Мұғалім оқиғаны кітаптан оқып бермей, өзі мәнерлеп, қажет жерінде кідіріс жасап, дауыс ырғағымен әңгімелеп беруі керек.
- Әңгімелеуші тыңдаушының деңгейіне бейімделе алуы керек.
- Мұғалім баяндалып отырған оқиға баланы елітіп әкетіп, оның жүрегіне жетуі үшін, оқиғаны тек қана жақсы біліп қана қоймай өзі де ол оқиғаны жүрегінен өткізуі керек.
- Оқушының қиялына қанат бітіру үшін мұғалім дауыстың мәнерлілігін, сарынын, әуезін, күшін пайдалану керек.