СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Өзін - өзі тану" пәнінен сабақ жоспары. "Табиғаттан нәр алып"

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Өзін - өзі тану" пәнінен сабақ жоспары. "Табиғаттан нәр алып". 8 - сынып

Просмотр содержимого документа
«"Өзін - өзі тану" пәнінен сабақ жоспары. "Табиғаттан нәр алып"»

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары


Мектебі: №17 жалпы орта мектеп

Күні: 14.09.2016ж

: 20

Мұғалімі: Султанкулова Сарвиноз Анаркуловна

Сыныбы: 8

Оқушылардың саны: 24

Тақырыбы: Табиғаттан  нәр  алып.

Құндылығы: Қиянат жасамау.

Қасиеттері: Қоғам меншігін қамқорлау, толеранттылық (кеңпейілділік), қоршаған ортаны қорғау.

Мақсаты:

Оқушыларды қоршаған ортаға қамқорлық жасай отырып, табиғаттан нәр алатынын қиянат жасамау құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды қоғам меншігіне қамқорлық жасауға үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың толеранттылық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларны қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

Өзін-өзі тану.kz №6(66) Маусым 2015

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсі ріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқта рыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындық ты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №19 сабақ жұмыс дәптердегі 1 тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №20, 84-беттегі Қ.Толыбаев «Ақ гүл» мәтінін оқып келу.
1. Гүлдер өз бойындағы қандай қасиеттерді мақтаныш етті?
2. Гүлдер кімге өздерінің разылығын білдірді?
3. Табиғат пен адам үйлесімділігінің сыры неде?
4. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі қандай сезім тудырады?
5. Сүйіспеншілік сезімі қандай қасиеттер арқылы орын алды?
6. Сүйіспеншілікті күнге теңестірудің сыры неде?

7. Әңгіме қай құндылық туралы айтылып тұр?

8. Сен қай гүлге ұқсағың келеді?


  1. Сабақтың дәйексөзі.

«Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді».
Махатма Ганди.

Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту.


Үндістанның ұлы перзенті - Махатма Ганди.
Мохандас Карамчанд Ганди - үнді халқының оның көзі тірі кезінде - ақ аты аңызға айналған көсемі.
Сөзі мен ісінің арасында алшақтық болып көрмеген Махатма Гандидің өмір жолы бұрын - соңды адамзат баласы басынан кешіп көрмеген теңдесі жоқ үлгі - өнеге! Махатма Ганди өзі құрған Сатьяграха қозғалысының арқасында еш қандай қарсылықсыз, қантөгіссіз, күш көрсетусіз, асқан төзімділікпен Үндістан халқын тәуелсіздікке жеткізуге шындап бел буады.
Ата - бабасынан келе жатқан үйіндегі барлық асыл заттарды банкіге өткізіп, оның өсімін жетім - жесірлерге жұмсап отырды. Адам миы жете бермейтін қадамдарға бару - М. Ганди үшін үйреншікті әдет болды.

Сұрақтар:

  1. «Қиянат жасамау» дегенді қалай түсінесіздер?

  2. Адам өзіне қатысты қандай қиянат жасамауы керек?

  3. «Жанашыр адам» қандай болуы керек? 

  4. «Шексіз жанашырлықты» қалай сипаттаймыз? 

  5. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

«Жер ана туралы мысал»

Ертеде жер кіршіксіз таза болыпты. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары болатын. Ол барлық жер бетіндегі тіршілік иелеріне, жануарларға, құстарға, жәндіктерге пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған бар сүйіспеншіліктерін арнап, жанашырлықпен қарады. Күндердің бір күнінде Табиғатадам пайда болды. Ол құдыретті, зор, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыратын, ол ән айтқанда онымен бірге аспан мен жел қосылып ән шырқайтын. Жер-ана мен Табиғатадам бір-бірінен жарастық тауып олардан адам-ұрпақ өмірге келді. Бірақ әрбір ұрпақ- адам оларға өмір сыйлаған Ұлы сүйіспеншіліктен алыстай берді. Жер-ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды. Адамдар Жер- ананың кім екенін ұмытты, ал Табиғатадам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды. Адамдар өздерінің қажеттіліктері үшін жерді жыртты, егін екті, одан пайда тапты. Тамақ іздеп, олар жердің мәпелеп өсірген өсімдіктері мен жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң алтын мен басқа қазба байлықтарын іздеп Жер- ананың денесін ойып, шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттер қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтыларды құрту үшін қуатты қаруларды пайдаланып, соғысты. Ал Жер - ана осының бәріне шыдады, ол адамдар естерін жияр, олар Ұлы сүйіспеншіліктің перзенттері екенін түсінер деп сенді. Осыдан кейін, ол өзін адамдардың естеріне саламын деп, табиғи апаттарын жасап, өз күшін көрсетті. Сонда да адамдар қорқатын емес, олардың құлақтары алтынның сыңғырынан керең болған, көздері сараңдықтан көрмей қалған, адамдықтың шырқау биігінен төмендеп, әрі қарай өмір сүруде. Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспеншілігін көрсете алмаса, ал Табиғатадамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер- ана мен Табиғатадамның сүйіспеншілік дастаны өкінішпен аяқталуы мүмкін.

Сұрақтар:

  1. Жер- ананың бастапқы қалпы қандай болған?

  2. Адам ұрпағы Жер – ана мен Табиғатадамның риясыз сүйіспеншілігін жалғастыра алды ма?

  3. Жер -ана неге адамдарға ашуланды, ол неден үміттенді?

  4. Адамдар неліктен қатыгез болып кетті, одан құтылар жол бар ма?

  5. Жерді неліктен күллі тіршіліктің анасына теңейміз?

  6. Ана мен жердің қандай ұқсастықтары бар?

  7. Табиғатқа жасалынған залал қиянатқа жата ма?

  8. Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтырады?  

Қорытынды: Адам үшін тыныс алуға таза ауа, ішуге мөлдір су, тіпті, өмір сүру үшін бүкіл табиғат қажет. Табиғат адамға қажет баға жетпес байлық. Сондықтан халқымыз «Табиғат-адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» деген. Табиғат байлықтарын тиімді  пайдалануға, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Қоршаған ортаны қолайлы болуына адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етуіне ықпал етеді. Сондықтан әр бір адам Жер-Ананы аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екендігін ұмытпаған жөн. Жер-Ананы аялауға үлес қосуға шақырамын.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Енді балалар осы Табиғат ананың балаларының аты бойынша төрт топқа бөлінеміз: 
«Жер» тобы: Жерге еткен жақсылық жерде қалмас.
«Су» тобы: Су - ырыстың көзі, Еңбек кірістің көзі.
«Ағаш» тобы: Аялы ағаш — саялы.
«Ауа» тобы: Туған жердің ауасы да шипа.
Тапсырма: «Адамға жер, су, ауа, ағаштың қажеттілігі» тақырыбы бойынша сурет салу.


6. Топпен ән айту.

Жерім менің

Сөзі: Н. Назарбаевтікі

Әні: Б. Тілеухановтікі

Байлығы қазағымның кең даласы,
Ырыстың ұясындай сай-саласы.
Туған жер қасиетіңмен айналайын,
Таусылмас ұрпағымның қазынасы.
Жерім менің.

Қайырмасы:

Бабамнан қалған кең далам,
Анам сенсің мен балаң.
Арым сенсің аялар беу кең далам,
Аманатым қорғаған.

Жетісу жер жанаты ғажабыңнан,
Думаным Сарыарқам бар базарыңдай.
Арасы өр Алтаймен Атыраудың,
Жаратқан бұйыртыпты ау қазағыма.
Жерім менің 

Қайырмасы:


  1. Үй тапсырмасы.

1. №20сабақтың дәптердегі 1-2 –тапсырмасын орындау.

2. №21 сабақтың 109-бетіндегі О.Бөкейдің«Алтай» мәтінін оқып келу.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Өзін – өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы «Бөбек» Алматы, 2010

  2. «Өзін – өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал. «Бөбек» Алматы, 2010

  3. «Өзін – өзі тану» Оқулық. 8 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010

  4. «Өзін – өзі тану» Оқушы дәптері. 8 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010

  5. Самопознание.kz №6(66) Маусым 2015


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!