Просмотр содержимого документа
«Пән: Құрастыру Тақырыбы: "Жаңа жылдық ойыншықтар"»
Екінші кіші «Жұлдызша» тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Құрастыру
Өтпелі тақырып: «Жаңа жылдық сыйлықтар»
Тақырыбы: "Жаңа жылдық ойыншықтар"
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балалардың шырша ойыншықтарын қағаздан жасау
Дамытушылық: Жаңа жыл мерекесіне дайындықты бақылау дағдыларын қалыптастыру
Оқыту: Жаңа жылдық шыршаны безендіруге- үйрету
Билингвальдық компонент: қағаз –листок, безендіру- укашать.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелесу, көрсету.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: жасанда шырша, экран, слайд, шырша суреті, түрлі – түсті қағаз, үлгі – шырша, ойынға қажетті суреттер, алдын – ала дайындалған пішіндер, безендірілген шырша суреті, салфеткалар.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Сәлемдесу.
Қонақ күту салтымыз,
Оқып біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік жалпымыз.
Ұранымыз!
Бір, екі, үш,
Отырамыз тып тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
2.Негізгі бөлім:
Балалар казір жылдың қай мезгілі?
-Қыста далада қандай өзгерістер болады?
-Қыста қандай мереке бар?
-- Сендер жаңа жыл мерекесін жақсы көресіңдер ме?
- Ал жаңа жыл мерекесінде не міндетті түрде болу керек?
-Шыршаны қайдан алуға болады?
-Мерекеге шыршаны дайындау үшін не істейміз?
Жұмбақ шешу.
Тікен – тікен тік пісте,
Қысы – жазы бір түсте.
Ол не?(
Жақында Жаңа жыл мерекесі болады.Ортада шырша тұрады, әсем етіп безендіріледі.Онда көптеген ойыншықтар болады,сол ойыншықтарды қағаздан да жасауға болады екен,балалар.
Сурет көрсету «Маша мен аю»
-Балалар біз де Маша мен аю секілді шыршаны безендірейікші.
Д\о Геометриалық пішіндерден шырша құрастыру.
-Балалар, мынау қандай пішіндер?
- геометриялық фигуралар
- үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
- әр түрлі, үлкен, кіші, орташа
-түсі қандай?
Ұжымдық жұмыс.
Ендеше осы шыршаны сәндейікші.
Сергіту сәті:
Бейнеролик арқылы сергіту.
Біраз серігіп алсақ жасаған ойыншықтарымызды шыршамызға ілейікші
3.Қорытынды:
- Біз сендермен нені безендірдік?
- Шыршаның түсі қандай?
- Қандай мереке онсыз өтпейді?
- Балалар, сендерге бүгінгі күннің тапсырмасы ұнады ма?
Қызық болды ма?
Сұрақтарға жауап беріп, алған әсерлерімен бөліседі.