СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Пайымдау мәтіні

Нажмите, чтобы узнать подробности

4 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен "Пайымдау мәтіні" тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Пайымдау мәтіні»

Сабақтың жоспары

Күні :

Сынып : 4 «В»

Пән : Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Пайымдау мәтіні

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, ребус.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Мәтін туралы берілген түсініктерді кеңейте түсу. Мәтін түрлерін ажырату дағдыларын жетілдіре түсу.Пайымдау мәтіннің мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін байқату. Пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; сөздік қорын,ауызекі сөйлеу дағдыларын тапсырмалар арқылы дамыту, өз бетімен жұмыс жасауға баулу.
3. Тәрбиелік : Сөз мәдениетін күнделікті өмірде қолдануға, әдептілікке тәрбиелеу, психологиялық жағдай туғызу арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі : интербелсенді тақта, доп, тірек – сызба, ребус, суреттер, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару:

«Сәліметсіздерме! Здравствуйте! Good afternoon! »

Ә)Психологиялық ахуал: оқушылар бір-бірінің қолдарынан ұстасып, сабақ ұраның хормен айтады.

Ана тілің арың бұл,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

-Балалар, сабақты біз не себепті бұл ұранымен бастадық?

-Арада қандай мереке өтті? Қанеки тіл жайлы кім нақыл сөз біледі?

- Ендеше балалар бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз!

Б) Сабаққа белсене қатысатын балаларға мен житондарды сыйлаймын,бұл житондарды көп жинаған оқушыға мен жақсы бағаны қоямын.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жаттығу жұмысын ауызша тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

Доп арқылы. (ауызша)

- Фонетика дегеніміз не? (тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы)

-Буын үндестігі дегеніміз не? (сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып айтылу заңдылығы.)

-Дыбыс үндестігі дегеніміз не? (Сөзбен сөз арасында, түбір мен қосымша арасындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзгеріп, айтылуын немесе жазылуын үндестік заңы дейді.)

- Мәтін дегеніміз не? (мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады. бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі.)

- Мәтін қандай бөліктерден құралады? (Мәтіннің үш бөлімі болады:басы,негізгі бөлімі,соңы)

-Мәтіндердің қандай түрлерін білесіндер? (Мәтіннің үш түрі болады:Әңгімелеу (не істеді?), Сипаттау (қандай?), Пайымдау (неліктен?))


IV. Жаңа тақырып.

-Балалар, тақтаға назар аударайық, тақтада ребус береліді.

Доп, ай, ыдыс, май, дәрі, тау,

Мақта, әтеш, ін, із

Жауабы: Пайымдау мәтіні.


-Жарайсындар, балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы пайымдау мәтіні.

-Бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерімізге жазып қойяйық.

Ереже:

1.Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді?

2.Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай?

3.Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?

Тапсырмалар.

Оқулықпен жұмыс. 149-жаттығу. Әңгімелеу.

-Мәтін не туралы?

-Мәтінге қандай ат қоюға болады?

-Мәтін неше бөліктен тұрады?

-Әр бөліктің қандай жолдан басталып жазылғанына назар аудару.

-Әр бөлігіндегі сөйлемге сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін ажырату.

Мәтіннің басқы бөлігін көшіріп жазу.

Оқушылар көшіріп болған соң барыс жайлы қосымша мәліметтер айту.

-Қазақстанда барыс Іле Алатауында мекен етеді. Барыстың саны тым азайып кеткендіктен Қызыл кітапқа енгізілген.

Сергіту сәті.

- Балалар, денемізді шынықтыру үшін сегіту сәтін орындайық !

Бейне-ролик. (ағылшын тілінде)

-Балалар, енді сабағымызды ары қарай жалғастырымыз!

Тапсырма:

Шағын мәтін құрастыр. Шығармашылық тапсырма.

1. Әр топқа тапсырма тарату:

І-топ - сипаттау мәтіні «Күзгі даланың көрінісі»

П-топ - әңгімелесу мәтіні «Жыл құстарының қайтуы»

Ш-топ - пайымдау мәтіні «Күзгі еңбек»

V. Жаңа тақырыпты бекіту.

Тест жұмыстары арқылы қорытындыланады.

1. Мәтіннің қандай түрлері болады?

а) Әңгімелеу, сипаттау, көркемдеу.

б) Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау. +

в) Пайымдау, дәлелдеу, түсіндіру.

2. Бірыңғай жіңішке айтылатын сөзді тап:

а) жапырақ.

б) инелік +

в) құлыншақ.

3. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата:

а) б, в, г, ғ, д, ж, з. +

б) р, л, и, у, м, н, ң.

в) п, ф, к, қ, т, с, ш.

4. Көптік жалғауы жалғанған зат есімді белгіле:

а) зейнеткер

б) зейнеткерім

в) зейнеткерлер +

5. Құттықтау мәтінін таңда:

а) Біз демалуға орманға бардық.

б) Денсаулық, бақыт тілеймін. +

в) Біздің халқымыз бақытты.

  • Бүгінгі сабақта біз қандай жұмыс жасадық?

  • Мәтін дегеніміз не?

  • Мәтін неше бөліктен тұрады?

  • Әр жол қалай жазылады?

  • Мәтін неше түрге бөлінеді?

Жүректен жүрекке.

-Балалар, мына жүректі бір-бірімізге сыйлап, жақсы тілек тілейік!

VІ. Үй тапсырмасы.

Оқулықтағы жаттығуды түсіндіру.

VІ. Бағалау.

Оқушыларды бағалау. Житондар арқылы бағалау.

Сабақта белсенділік көрсеткен, тақтада және ауызша жаттығу жұмыстарын орындаған оқушыларды бағалап, мадақтау.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!