1-нұсқа
Мақалды аяқтаңыз: «Әліппенің ар жағы - ... бағы»
А) кітап В) мектеп С) білім Д) ғылым Е) ілім
Тек жуан дауыстылар қатарын табыңыз:
А) а,о,ү,е; В) ә,і,и,ө; С) а,о,ы,ұ; Д) а,о,ы,ү; Е) Ұ,Ү,І,Е;
Тек қатаң дауыссыздар қатарын табыңыз:
А) х,щ,ч; В) ғ,г,д; С) л,м,н; Д) р,у,з; Е) к,қ,ғ;
Тасымалданбайтын сөзді табыңыз:
А) сұлу; В) аяқта; С) төрт; Д) әже; Е) аспан.
Екінші ұстаз деп кімді айтқан?
А) Иассауи; В) Әл-Фараби; С) Аристотель; Д) Платон; Е) Ш.Уәлиханов.
Құрмалас сөйлемнің неше түрі болады?
А) 2; В) 4; С) 3; Д) 1; Е) 5;
Табыс септігінде тұрған зат есімді табыңыз:
А) аспанның; В) жұлдызға; С) күнде; Д) түнін; Е) айменен.
Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз:
А) білімге; В) ғалымдікі; С) еңбекті; Д) ағаштан; Е) борды.
Екі түбірден жасалған сөзді көрсетіңіз:
А) қамқор; В) мемлекет; С) ықшамаудан; Д) достарым; Е) басшылар.
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысатын құрмаластың түрі:
А) сабақтас;
В) салалас;
С) аралас;
Д) ыңғайлас;
Е) құрмалас.
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз:
А) Қоңырау соғылып еді, оқушылар орындарынан тез-тез тұра бастады.
В) Кеше сабаққа көп дайындалдым, сондықтан бүгін жақсы баға алдым.
С) Сабақтан соң кітапханаға барамын, не кітап дүкеніне барамын.
Д) Мен үйге автобуспен қайтамын, мектепке дейін жаяу барамын.
Е) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қай жылы қабылданды?
А)1992; В)1984; С)1993; Д)1997; Е) 1995;
Синонимдік қатарды табыңыз:
А) мәртебелі, сыйсыз;
В) жұмысшы, оқушы;
С) бауырмал, жанашыр;
Д) қоныс, аймақ;
Е) үлкен-кіші;
«Чужой» сөзінің аудармасын табыңыз:
А) туған; В) зерттеген; С) сүйген; Д) жат; Е) жұрт;
Мақалды аяқтаңыз: «Жеті атаңды білмесең, ... боп өтесің»
А) көргенсіз; В) тәрбиесіз; С) білімсіз; Д) жетесіз; Е) мейірімсіз;
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді анықтаңыз:
А) Қоңырау соғылды, сабақ басталды;
В) Менің бес алғаным мынау: тақырыпты өте жақсы түсіндім.
С) Қар қалың жауғандықтан, көліктің жүруі қиындады.
Д) Күн суық, бірақ дала тамаша;
Е) Өз отбасын сыйламайтын ұл мен қыз, өзгені сыйлап жетістірмейді.
«Тренер» сөзінің қазақша баламасын табыңыз:
А) жүйрік; В) жаттықтырушы; С) жүлдегер; Д) сайыскер; Е) иегер;
18. Мақалды аяқтаңыз: «Тәрбие басы ...»
А) тал бесік; В) жақсы есік; С) көп қасық, Д) достық, Е) адалдық;
19. Тәуелденген сын есімді анықтаңыз:
А) Ешкім жоқ Б) Жақсың қайсы? В) Айтарың бар ма? Г) Сенің балаң
Д) Біреуің кел
20. Жақсыз сөйлемді анықтаңыз:
А) Зор денсаулық тілейміз.
Б) Бұл жерде суға түсуге болмайды.
В) Өзгерістер көп.
Г) Үлкен жетістікке жетті.
Д) Жері байдың – елі бай.
21. Сұрау есімдігін көрсетіңіз:
А) Олар, сендер.
Б) Ешкім, ештеңе
В) Кім, не.
Г) Ешқашан, ешбір.
Д) Анау, мынау
22. Жинақтық сан есімді көрсетіңіз:
А) Бес-бестен
Б) Бестен бір
В) Бесінші
Г) Бес
Д) Бесеу
23. Жүрнақ арқылы жасалған сөзді көрсетіңіз:
А) Әркім
Б) Жүрегің
В) Қасқыр
Г) Өздерің
Д) Ұшқыш
24. Жәрдем сөзінің синонимін көрсетіңіз:
А) Арнау
Б) Көмек
В) Қадірлі.
Г) Оқымысты.
Д) Атақ.
25. Құрамында қаратпа сөзі бар сөйлем:
А) Паһ, шіркін!
Б) Піскен алма жерге түсті.
В) Мен дүкенге бардым.
Г) Кел, балалар, оқылық!
Д) Ол, сірә, бүгін келмейді.
2-нұсқа
1. Тек жіңішке дауыстылар қатарын табыңыз:
А) а,о,ү,е; В) ә,і,и,ө; С) а,о,ы,ұ; Д) а,о,ы,ү; Е) Ұ,Ү,І,Е;
2. «А,О,Ұ,Ы» қандай дыбыстар екенін көрсетіңіз.
A) Қысаң.
B) Жуан.
C) Еріндік.
D) Езулік.
E) Ашық..
3.Тұйық буынды сөзді табыңыз
A) Бұлт.
B) Қант.
C) Өрт.
D) Іні.
E) Жұрт.
4. Дара түбірді сөзді табыңыз.
A) Мәдениет сарайы.
B) ТМД.
C) Ата-ана.
D) Он бес.
E) Кесте.
5. Алматы қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болған жылдарды анықтаңыз.
A) 1929-1995 ж.
B) 1920-1925ж.
C) 1926-1929ж.
D) 1929-1991ж.
E) 1929-1997ж.
6. Жалпы есімді табыңыз.
А) Балқаш. В) Сырдария. С) Бетпақдала. Д) Тау. Е) Жамбыл.
7. Туынды зат есім жасаушы қосымшаны көрсетіңіз.
А) Сөйлем. В) Қолға. С) Мектеп. Д) Әке. Е) Кеңесші.
8. Күрделі сын есімді табыңыз.
А) Қызыл ала. В) Көкшіл. С) Қара. Д) Қызылдау. Е) Әдемі.
9. Сапалық сын есімді көрсетіңіз:
А) Ынталы. В) Киелі. С) Тамаша. Д) Білімді. Е) Атақты.
10. Синонимдік қатар құрайтын сөздерді табыңыз.
А) Суретші, сурет. В) Әдемі, сұлу. С) Жоғары, төмен.
Д) Дәстүр, салт. Е) Ем, дәрі.
11. «6» санынан жинақтық сан есім жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.
А) –дан. В) –тен. С) –нші. Д) –ау. Е) –ні.
12. Тиісті есімдікті қойыңыз: ...сабақ оқыдық.
А) Олар В) Ол С) Мен Д) Біз Е) Кім?
13. Ауыспалы нақ осы шақты белгілеңіз.
А) Жүр. В) Жазады. С) Жазды. Д) Отыр. Е) Жатыр.
14. Негізгі етістікті көрсетіңіз.
А) Отырғыз. В) Аула. С) Үйренуші. Д) Шығар. Е) Ал.
15. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз:
А) Қоңырау соғылып еді, оқушылар орындарынан тез-тез тұра бастады.
В) Кеше сабаққа көп дайындалдым, сондықтан бүгін жақсы баға алдым.
С) Сабақтан соң кітапханаға барамын, не кітап дүкеніне барамын.
Д) Мен үйге автобуспен қайтамын, мектепке дейін жаяу барамын.
Е) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
16. Ауыспалы нақ осы шақты белгілеңіз.
А) Жүр. В) Жазады. С) Жазды. Д) Отыр. Е) Жатыр.
17. Шартты рай етістігін анықтаңыз.
А) Айтып келдім. В) Тыңдаса болды. С) Барғым келеді.
Д) Біліп отырмыз. Е) Ойнап кел.
18. Антоним сөздерді көрсетіңіз.
A) Жақсы, жаман.
B) Мектеп, қала.
C) Өте, тым.
D) Оқушы, бала.
E) Көктем, жаз.
19. Ш.Уәлиханов кім?
А) Жазушы В) Ақын С) Оқытушы
Д) Ғалым. Е) Әртіс
20. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді көрсетіңіз:
А) біліммен; В) ғалымнан; С) еңбектікі; Д) ағаштай; Е) борды.
21. Туынды зат есім жасаушы қосымшаны көрсетіңіз.
А) Септік жалғау В) Көптік жалғау.
С) Жіктік жалғау. Д) Тәуелдік жалғау. Е) Жұрнақ.
22. Болжалды келер шақтағы етістікті көрсетіңіз:
A) Суретін де беріп үлгеріпті.
B) Бірақ Абай дәл осы жолы бұрынғыдай жасыған жоқ.
C) Біз келгенде, ойын жаңа ғана басталған екен.
D) Биыл қыстың өзі ұзаққа созылса, сірә, Есіл бойында малдан тұк қалмас.
E) Гүрс-гүрс басқан әскер адымы да естілмейді.
23. Кезектес салалас құрмаластың жалғаулығын анықта:
A) Және.
B) Бірде
C) Немесе
D) Өйткені
E) Сонда да
24. Толымды сөйлемді табыңыз:
A) Балық аулаймыз
B) Көкшетаудан.
C) Абай Ділдәмен оңаша кездесті.
D) Мектеп алды.
E) Айдала.
25. Сөз үнді дыбысқа аяқталса, қосымша қандай дыбыстан басталады?
A) Қатаң немесе ұяң дауыссыз дыбыстан.
B) Қатаң дауыссыз дыбыстан.
C) Тек үнді дауыссыз дыбыстан.
D) Үнді немесе ұяң дауыссыздан.
E) Тек ұяң дауыссыз дыбыстан.
3-нұсқа
1. Үш буынды сөзді табыңыз:
A) Қарындас
B) Сіңлі
C) Тәтті
D) Үлкен
E) Әдемі
2. Негізгі түбірді анықтаңыз:
A) Бастық
B) Басу
C) Басқару
D) Бас
E) Бастама
3. Болымды етістікті табыңыз.
А) Күлмеді. В) Жуынбады. С) Қуанбады.
Д) Алды. Е) Жыламады.
4. Ш.Уәлихановтың шын аты кім?
А) Шыңғыс В) Мұхаммедханафия С) Өтеген
Д) Ғалымжан. Е) Шоқанжан.
5. Антонимдік жұпты көрсетіңіз:
A) Кәрі - жас
B) Үй - баспана
C) Қанағат – еңбек
D) Үлкен - зор
E) Әдемі – ажарлы
6. Қалау рай етістігін анықтаңыз.
A) Ойнайық
B) Ойнады
C) Ойнағысы келді
D) Ойнасаң
E) Ойнай алмады
7. Туынды зат есімді көрсетіңіз.
А) Еңбекті. В) Еңбекші. С) Еңбекпен.
Д) Еңбегің. Е)Еңбектен
8. Атаулы сөйлемді анықтаңыз:
A) Көлдің суы тұзды.
B) Табиғатты қорғау – біздің міндетіміз.
C) Тамаша табиғат
D) Қазақстан табиғаты сан-алуан.
E) Табиғатты тамашалайық.
9. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз:
А) Ынталы. В) Киесіз. С) Тамаша. Д) Білімді. Е) Атақты.
10. Көптік жалғаулы зат есімді табыңыз.
А) Гүлдер. В) Өлең. С) Өтірік. Д) Шын. Е) Есік.
11.Үнді дауыссыз дыбыстан басталған жалғаулы сөзді анықтаңыз:
A) Астанада, ескерткіштер
B) Көшеде, саябақта
C) Аспанды, көлшік
D) Шаштаразға, жиналысқа
E) Астананы, кітапханалар
12. Көмекші есімді табыңыз:
A) Кәрі - құртаң
B) Алды - арты
C) Қанағат – еңбек
D) Үлкен - зор
E) Әдемі – ажарлы
13. Мақалдың жалғасын табыңыз: «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала ... »
A) оңды бала
B) сорлы бала
C) жаман бала
D) жақсы бала
E) ұятсыз бала
14. Дерексіз зат есімді табыңыз.
А)Тұңғыш президент. В)Атақты ғалым. С)Алғашқы махабат.
Д)Алғашқы ұстаз. Е)Жақсы адам
15. Туынды түбірді анықтаңыз.
А) Жол. В) Тазалық.
С) Сынып. Д) Жаңа. Е) Бол.
16. Жіктік жалғауын табыңыз.
А) –ын, -ін. В) –пын, -пін.
С) –ға, -ге. Д) –мен, -бен. Е) –дың, -дің.
17. Заттың түсін білдіретін сын есімді көрсетіңіз.
А) Зейінді, ынталы. В) Жас, кәрі. С) Қара, көк.
Д) Үлкен, биік . Е) Жақсы, ақылды.
18. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.
А) Екі. В) Жеті. С) Тоғыз. Д) Жиырма бір. Е) Бес.
19. Жинақтық сан есімді анықтаңыз.
А) Он бес. В) Бестік. С) Төрт. Д) Үшеу. Е) Үштен екі.
20. Ілік септік тұлғасындағы сұрау есімдігін табыңыз.
А) Нешеуінің? В) Қайсын? С) Кімсіздер? Д) Неңіз? Е) Кіміңіз?
21. «Анау» сөзі қай сөз табы екенін белгілеңіз.
А) Есімдік. В) Етістік. С) Үстеу. Д) Сын есім. Е) Зат есім.
22. Шартты рай етістігін анықтаңыз.
А) Айтып келдім. В) Тыңдаса болды. С) Барғым келеді.
Д) Біліп отырмыз. Е) Ойнап кел.
23. Туынды етістікті көрсетіңіз.
А) Көреген, сүзеген. В) Жая, қоя. С) Жала, тала.
Д) Ойна, ойла. Е) Ойшыл, ойыншыл.
24. Өткен шақтағы етістікті табыңыз.
А) Отырармын. В) Отырдым.
С) Отырмассың. Д) Отырмын. Е) Отырарсың.
25. Сынып кезекшісінің атқаратын қызметін анықтаңыз
А) Бала оқытады. В) Телевизор көреді. С) Тақта сүртеді.
Д) Гүл тереді. Е) Тамақ ішеді.
.
4-нұсқа
1. «Көгершін» сөзіндегі буын санын анықтаңыз.
А) 4 В) 6 С) 2 Д) 3 Е) 5
2. Жалқы есімді көрсетіңіз.
А) Кітап В) Білгіш С) Абай Д) Оқушы Е) Орман
3. Тұрлаусыз мүшелердің санын анықтаңыз.
А) 2 В) 3 С) 5 Д) 6 Е) 4
4. Тұйық буынды сөзді табыңыз
A) Бұлт.
B) Қант.
C) Өрт.
Д) Іні.
E) Жұрт.
5. Жіктік жалғауын табыңыз.
А) –ын, -ін. В) –пын, -пін. С) –ға, -ге.
Д) –мен, -бен. Е) –дың, -дің.
6. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз:
А) Қаламмен. В) Қағазды. С) Әншіге.
Д) Кітаптың. Е) Ақынның.
7. Жақсыз сөйлемді анықтаңыз:
А) Зор денсаулық тілейміз.
Б) Бұл жерде суға түсуге болмайды.
В) Өзгерістер көп.
Г) Үлкен жетістікке жетті.
Д) Жері байдың – елі бай.
8. Негізгі түбірді анықтаңыз:
A) Бастық
B) Басу
C) Басқару
D) Бас
E) Бастама
9. Сын есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
А) Заттың атын В) Заттың іс-қимылының мекенін
С) Заттың іс-қимылының мезгілін Д) Заттың қимылын
Е) Заттың түр-түсін
10. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.
А) Жағада. В) Көлдер. С) Өзен. Д) Тау. Е) Биіктен.
11. Тиісті сан есімді қойыңыз. Ер жігіттің ... сөйлегені - өлгені.
А) Екі бүтін үш ондық. В) Екінші. С) Екі-екіден.
Д) Екі. Е) Екеу.
12. Жатыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Көктемгі. В) Жазғытұры. С) Күзде. Д) Жазғы. Е) Қыстың.
13. Соңғы дыбысы дауыссыз жуан түбірлі сөзге қай жұрнақ
жалғанатынын табыңыз.
А) –ншы, -нші. В) –нші, -ыншы. С) –інші, -нші.
Д) –ыншы, -ншы. Е) –ыншы
14. Осы шақтағы етістікті табыңыз.
А) Айтып кетті. В) Әкеле жатыр. С) Келді.
Д) Сұрайды. Е) Барып келді.
15. Сөздерге жалғанатын тиісті жұрнақтарды белгілеңіз.
Асық..., қи..., жағалас..., ұмыт...
А) –па,-ма,-па,-па В) –ба,-бе,-ма,-па С) –бе,-па,-ме,-ма
Д) –ма,-па,-пе,-ме Е) –па,-ма,-па,-ме
16. Кезектес салалас құрмаластың жалғаулығын анықта:
A) Және.
B) Бірде
C) Немесе
D) Өйткені
E) Сонда да
17. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.
А) Пырақ. В) Алтын. С) Жаңбырлы. Д) Қос. Е) Бейне.
18. Көсемшенің жұрнағын табыңыз.
А) –ар, -ер, -р. В) –мақ, -мек. С) –а, -е, -й.
Д) –ған, -ген. Е) –атын, -етін, -итын.
19. Тиісті сөзді табыңыз: Дүкен ... ашылады?
А) Ештеңе. В) Өзі. С) Әрбір. Д) Қандай. Е) Қашан.
20. Қалау райлы етістікті табыңыз.
А) Еңбек етсем. В) Амандасайын. С) Айтқысы келген.
Д) Тынығыңыз. Е) Жүдеп қалыпты.
21. «Мен, сен, ол, біз, сіз» есімдіктерінің түрін белгілеңіз.
А) Сілтеу.
В) Жіктеу.
С) Сұрау.
Д) Өздік.
Е) Болымсыздық.
22. Асты сызылған сөзге қойылатын сұрақты табыңыз.
Өз отбасымыз ұлттық дәстүрлерді сақтаймыз.
А) Қайтті? В) Қандай?
С) Не істейміз? Д) Қалай? Е) Кім?
23. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
A) Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі.
B) Менің айрандай ұйыған отбасым бар, әрі туғандарым бір-бірін құрметтейді.
C) Жейдесін шешіп алып, сандыққа сақтап қояды.
D) Қазақ отбасында қыздың орны бөлек, сондықтан оны ерекше құрметтейді.
E) Дастарқан жайылып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойнайды.
24. Қыстырма сөзді табыңыз.
A) Алақай.
B) Бәлкім.
C) Абылай.
D) Ойбай.
E) Кітап.
25. Көңіл-күй одағайын анықтаңыз.
A) Моһ-моһ. B) Жә.
C) Тәйт. Д) Кә-кә
Е) Паһ, шіркін, неткен дауыс!