| Мотивациялық - қозғаушылық | Ойын жағдаяты Пойыз әнін орындауды ұсынады. Пойыз, пойыз Судай жаңа, Жылтырайды шынымен. Не бар екен пойызда? Аю менен маймылдар, Мысықтар мен қояндар, Міне, осындай пойызды Балаларга сыйлаймыз. Ұзақ, ұзақ, Жол ұзақ. Проблемалық жағдаят - Балалар, біздің ойыншықтар саяхатқа шыққысы келеді. Бірақ оларда пойыз жоқ. Не істейміз? | Ынта білдіреді, орындықтарды пойыз сияқты етіп, ретімен қойып, пойыз туралы ән шырқайды. Комектесуге ынта білдіреді. |
| Ұйымдастырушылық - ізденістік | Үлестірмелі материалға назарларын аударады. - Пойыз қандай геометриялық пішіндерден түратынын қарастырайық. - Пойыз - көлік, теміржолмен жұреді. - Пойызда паровоз бен вагондар бар (суретін көрсетеді). Создік жұмыс: паровоз, вагон. педагог жұмысты жасау ретін түсіндіреді, көрсетеді. Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді. Сергіту сәті Пойыз: « Ду-ду-! Ду-ду! Мен жүремін, Мен жүремін!» - деп шулайды, Ал вагондар зулайды. «Тақ-тақ-тақ! Тақ-тақ-тақ! Тақ-тақ-тақ! Тақ-тақ-тақ!» Ұшақ болып, балалар, Ұшамыз биікке, биікке. Жоғары қарай тартыламыз, Енді жерге қонамыз, Қолымызды төмен түсіреміз. Билингвальді компонент: пойыз - поезд. Жұмысқа кірісуді ұсынады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. | Үлестірмелі материалды қарастырады. Сұрақтарға жауап береді. - Пойыз тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар мен дөңгелектерден тұрады. Қайталайды: паровоз, вагон. Педагогті тыңдайды, жұмысты жасау ретімен танысады. Балалар бірінің артына бірі «пойыз» сияқты тұрады. Жұдырықтарымен айналдырады. Алақандарымен шапалақтайды. Аяқтарының ұшына тұрып, қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді. Билингвальді компонент: пойыз - поезд. Пойыз жасауға кіріседі. |