| | |
| Күні:2.12.2019 | СЫНЫП: 7 |
| Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | 7.3.3.2- су ресурстарының маңыздылығын түсіндіреді |
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: |
| |
| Оқушылардың басым бөлігі: |
| |
| Кейбір оқушылар: |
| |
| Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
| Тілдік құзіреттілік | Су ресурстарының маңыздылығы |
| Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
| Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
| Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі,тарих. |
| Алдыңғы тақырып | Гидросфера және оның құрамдас бөлігі |
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар |
| Басталуы 5 минут | Топқа бөлу 2 минут Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші» Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау. Нұсқаулық: Көршіңді оң жақтан құшақта, Көршіңді сол жақтан құшақта. Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Сол жақтағы көршіңе бір жымиып, Бүгінгі тренинг барысы, Біз үлкен отбасы. | Жіпте жайылған фотосреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді. (Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды) |
| Ортасы 20 минут | Білу және түсіну 10 минут Топтарға тапсырма: (Мәтін бөліктерін тарату) Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөлу Су кәдімгі сұйық зат деген күнде де, судың адам ойы жетпейтін таңғажайып қасиеттері жетерлік. Сол себепті география, ішінде гидрология ғылымы талай замандар бойы суға назарын салып келеді. Су қабығы біздің планетамыздың 71 %- ын алып жатыр. бұл мәлімет адам тіршілігіндегі судың орны зор екендігін көрсетеді. Жалпы адамзат қабылдаған теория бойынша «алғашқы тіршіліктің өзі жерде емес, суда пайда болған». Мысал ретінде қарапайым зат алмасу, қоректену үрдістерін айтуға болады. Адам денесі 65% судан тұрады екен. Өсімдіктердің, жан - жануарлардың өсуінде, олардың қоректенуі үшін жүретін бтохимиялық реакциялардың барлығына днрлік су әсер етеді. Егер қолдағы бар сандық мәліметтерге жүгінсек, 1 кг бидай дәнін өсіру үшін шамамен 2 т, ал 1кг ет өнімі шығуы үшін 20т су жұмсалады екен. Адам шамамен жылына 60т су ішеді, оған күнделікті тұтынатын 300 т суды қоссақ, 1 адамның қажетіне жылына 360т су қажет болып табылады. Техникалық өнеркәсіпте 1т аллюминий өндіру үшін 45 - 60т су кетеді, ал қағаз, мұнай өндіру сусыз іске аспайтыны бөәрімізге белгілі. Су ғаламшардың көптеген жерлерінде: мұхиттарда, өзендер мен көлдерде, мұздықтарда, жер астында да бар. Мысалы: жер тереңдігінің 1 шқ - ында 4 млн текше шақырым су сақталады екен. Атмосферадағы сулар әр шаршы шақырымда 20тоннадай су бу күйінде қалқып тұрады. Біздің планетамызды ғарыштан қарағанда су деп бағалауға болады. Ғалымдар біздің планетада 350млн текше шақырым су сақталады деп есептейді. Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар оны тіршілік нәрі деп түсінген. Қолдану 8 минут Постер жасату. Жалпыға арналған тапсырма: Оқушылар жаңа білімге сай оқулықты қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіреді. | «Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі. Постер жасату. Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді. |
| Аяқталуы 20 минут | Синтез «Ойнаймыз да, ойлаймыз» 1. Судың тұздылылығын өлшейтін өлшем қандай? 2. Дүние жүзіндегі ең үлкен, ең ұзын, ең енсіз бұғаздарды ата. 3. Мұхит суының тереңдігін өлшейтін құрал 4. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктерін ата. 5. Жерорта теңізінің қайта қалпына келуі үшін қанша жыл қажет? 6. Аустралияда кеуіп қалған өзен арналарын не деп атайды? Мақал - мәтелдерді аяқтау. 1. Судың кепкені...(тіршіліктің кеткені) 2. Суды лайлама,... (балығын шошытасың) 3. Су бергеннің сауабы бар,...(су төккеннің жауабы бар) 4. Су бар жерде...(өмір бар) «Су экологиясы». Суды қорғау, үнемдеу тақырыбында өлең, сурет, эссе. «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады. | «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі |
| | |