СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Практическое занятие на тему "Виды теста"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Выполнение практических работ по предмету "Технология приготовления пищи"

Просмотр содержимого документа
«Практическое занятие на тему "Виды теста"»


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Алматы қаласы Білім басқармасының

«Алматы сән және дизайн колледжі» КҚМК


Бекітемін:

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары


________________ Г. Ұябаева

____ _____________ 20___ жыл


93 сабақ жоспары


Күні











Оқу тобы


18-5










Пән атауы: Тағам дайындау технологиясы

Бөлімнің тақырыбы: Қамырдан дайындалатын бұйымдар

Сабақ тақырыбы: Қамырлар тақырыбы бойынша тапсырмалар

Сабақ типі Тәжірибелік

сабақ түрі Өз бетінше жұмыс істеу

Оқыту әдістері Көрнекі, конспектілеу

Сабақтың мақсаттары:


  1. білімділік

Студенттердің бойында қамырдың жіктелу, дайындау әдістері жөнінде білім қалыптастыру;

  1. дамытушылық

Теорияда алған білімдерін тәжірибеде қолдануын, салыстыра білуін, қорытындылай алуын дамыту;

  1. тәрбиелік

Эстетикалық талғамға, ұқыптылыққа тәрбиелеу


Пәнаралық байланыстар

Сабақты әдістемелік және көрнекілік жабдықтау

Тауартану, химия, биология, Тамақтану физиологиясы, санитариясы және гигиенасы

  1. оқыту көрнекіліктері

  1. үлестірмелі материалдар

  1. оқытуды техникалық жабдықтау


Сабақтың негізгі кезеңдері мен хронологиясы


Сабақтың құрылымы

Сабақ көлемін уақыттарға бөлу, мин

1

2

  1. Ұйымдастыру кезеңі.


  1. Өтілген тақырып бойынша студенттердің білімі мен дағдыларын тексеру.


  1. Жаңа оқу материалдарын түсіндіру.


  1. Өзіндік жұмыс


  1. Жаңа білімді бекіту және қолдану


  1. Сабақты қорытындылау. Рефлексия


  1. Үй тапсырмасын беру.


Барлығы





Сабақ барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі


2.Өтілген тақырып бойынша студенттердің білімі мен білігін тексеру.

  • Бисквитті жартылай өнімдерді көркемдеу себебі

  • Орама үшін бисквит жартылай өнімін пісіру температурасы мен ұзақтығы

  • «Прага» бисквитін пісіру температурасы мен ұзақтығы

  • Сиропты 20°С-тан асырмай қолдану себебі

  • Тазаланған май – бұл ...


3.Жаңа оқу материалын түсіндіру. Жаңа білімді қалыптастыру.


Тапсырма 1.

Өндірістік мәселелерді шешу.

Кесте №1. Мәселенің туындау себептерін көрсету, алдын-алу жолдарын тізбектеу.


Өнімнің аталуы

Өндірістік мәселе

Себебі

Алдын-алу жолдары

Ватрушка

Қамыры нашар қызарған, жұмсағы дөрекі

Қамыр аышып кеткен, жылы бөлмеде ұзақ тұрып қалған

Ашыту уақытын сақтау

Жартылай ашық пирог

Өнім тығыз, қамыры нашар көтерілген

Сдоба көп боп кеткен

Өнімдерді нормасымен салу


Теориялық сұрақтар

  1. Ұн өнімдеріне арналған ет фаршын дайындау технологиясы

  2. Ашытқылы қамырдың ашуы кезінде жүретін үрдістер

  3. Ашытқылы қамырдың иін қандыру себептері


Тәжірибелік тапсырмалар

  1. «Кулебяка» тағамының технологиялық картасын құрастыру.

  2. «Кулебяка» тағамының технологиялық сүлбесін құрастыру

  3. «Кулебяка» тағамының калькуляциялық картасын құрастыру


Тапсырма 2

Өндірістік мәселелерді шешу.

Кесте №2. Мәселенің туындау себептерін көрсету, алдын-алу жолдарын тізбектеу.

Өнімнің аталуы

Өндірістік мәселе

Себебі

Алдын-алу жолдары

Қамыр

Қамырдың ашуы кезінде кеуіп қалған қабықша түзілген

Қамыр салыстырмалы ауа ылғалдылығы төмен бөлмеде ашыған

Қамырды ашыту кезінде қақпақпен немесе майлық жауып қою

Көкнәр себілген орама

Өнімнің беті боз

Қанты аз немесе бетіне нашар жағылған

Рецептурасын сақтау


Теориялық сұрақтар

  1. Ұн өнімдеріне арналған орамжапырақ фаршын дайындау технологиясы

  2. Ашытқылы қамырдан өнімдерді пісіру кезінде жүретін үрдістер

  3. Ашытқылы қамырдан өнімдерді дайындау кезіндегі қанттың атқаратын рөлі

4. СӨЖ Тест тапсырмаларын орындау.

1. Сұйықтықты құйған кезде ұн аққуыздарына не болады?

а) ісінеді, иілгіш желімшеге айналады;

б) суды сіңіреді;

в) ұсақ кеуектілік пайда болады.


2. Қамырды илген кезде крахмалға не болады?

а) крахмал тҥйіршіктер жартылай ісінеді;

б) крахмал түйіршіктері иілгіш болады;

в) жаңадан дәм пайда болады.


3. Қамырды илеу аяқталғандығын қалай анықтауға болады?

а) қамыр жұмсақ және ылғалды;

б) қамыр қолға және ыдысқа жабыспайды;

в) қамырдың жаңа иіс болады.


4. Қамырда неліктен кеуектілік болады және көлемі үлкейеді?

а) спирт есебінен ашып, көмірқышқыл газын бөледі (көміртек диоксиді);

б) қант және тұз есебінен;

в) крахмалдың ісінуі есебінен.


5. Неліктен ашыған қамырда жаңа дәм мен иіс пайда болады?

а) қант және ашытқы есебінен;

б) сүт-айран және сүт қышқылының пайда болуы мен көмірқышқыл газы есебінен;

в) ашытқы саңырауқұлақтардың оттегіні сіңіруі есебінен.


6. Қамырды ашыту процесін қалай қалпына келтіруге болады?

а) қамырды 1...3 рет илеу керек;

б) ашытқы қосу;

в) ашыту температурасын арттыру.


7. Қай кезде қамыр ашытылды деп есептеледі?

а) көлемі 2,5 есе үлкейіп, басылған кезде ;

б) спирттің иісі шығады, үсті көтеріледі;

в) саусақпен басқан кезде, ақырын қалпына келеді


5.Жаңа білімді бекіту және қолдану.


6.Сабақтың қорытынды нәтижелерін шығару. Студенттерді бағалау.

Тест жауаптарын бағалау үшін студенттер бір-бірінің тест тапсырмаларымен алмасып, оқытушының көрсеткен дұрыс жауаптары бойынша тексеріп бағалайды:


7.Үй тапсырмасын беру Өтілген материалдарды қайталау.




Оқытушы ____Кокимбекова Гулим Даулетовна_______________________



Нысан 06.2-07.Басылым1