Сабақ: Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Мақсат: Жүйке жүйесінің қызметі мен оның құрылымдық компонентерінің атау
Жүйке жасушасының құрылымдық компоненттерін анықтау
Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесі ( нервная система ) - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.
Жүйке жүйесінің маңызы
Жүйке денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.
Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.
Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді (бағынышты).
Жүйке жүйесінің мүшелері жүйке ұлпаларынан тұрады. Олар жасушалардың екі түрінен тұрады: Нейрондар және Нейроглия (глиальды жасушалар) Нейрондар – жүйке ұлпасының негізгі жасушалары. Жүйке импульстарын беруге қабілетті, бұл қабілетті өткізгіштік деп атайды. Жүйке ұлпаларында негізгі 2 қызметі бар: өткізгіштік және қозғыштық . Нейроглия – жүйке ұлпасының қосымша ұлпалары, оларды глиальды жасушалар деп атайды. Олар нейрондарды қорғайды және қоректендіреді. Бір нейронды мыңдаған глиальды жасушалар қорғайды.
Нейрон денесі – ядро, цитоплазма және барлық органоидтары бар жасушаларының орталық бөлігі.
Дендрит – нейронның қысқа тармақталған өсінділері.
Аксон – жасуша денесінен шығатын ішінде ұсақ органоидтар, сыртында жасуша мембранасы бар цитоплазманың ұзын өсіндісі.
Жүйке жүйесі
Орталық жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жатады .
Шеткі жүйке жүйесі.
Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан таралатын жүйкелер мен жүйке түйіндерінен тұрады .
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан,
ұзындығы ересек адамдарда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. Жұлынның жоғарғы ұшы сопақша
мимен жалғасады да, төменгі ұшы шашақтанып І және ІІ бел омыртқа тұсында бітеді.
Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390г, ересек адамдарда 1400-1450г. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Адамның ақыл-ойы миының салмағымен тікелей байланысты
емес. Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті оның салмағы 900 грамнан төмендегенде жҽне 2100 грамнан асқанда бұзылады.
Шеткі жүйке жүйесі . Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан шығып бүкіл мүшелерге, олардың ұлпаларына, жасушаларына тараған нейрондар мен жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі соматикалық және вегетативтік жүйке жүйелеріне бҿлінеді.
Вегетативтік жүйке жүйесі барлық ішкі мүшелерді, қантамырларды, жүректі жүйкелендіреді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ми бағанасында, жұлынның көкірек,
бел жҽне сегізкөз
бҿлімдерінде
орналасқан.
Соматикалық жүйке
жүйесі организмнің
сыртқы мүшелерін жҽне қаңқа бұлшық еттерін
жүйкелендіреді. Соматикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның барлық сегменттерінде, мидың
барлық бөлімдерінде (аралық мидан басқасында) орналасқан
Назарларыңызға
рахмет!!!