Просмотр содержимого документа
«Президент күніне сценарий»
Павлодар қаласы әкімдігі
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің
«Павлодар қаласының № 28 сәбилер бақшасы»
Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны




Біздің Елбасы
Ортаңғы «А» тобы
Тәрбиеші:Кунанбаева.Р.М
Сейтжанова.Ғ.К
2017-2018жж
Тақырыбы: «Біздің Елбасы»
Мақсаты:
1. Қазақстан Елбасы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының өмірімен таныстыру.
Елбасы болғаны жайлы мағлұмат беру.Қазақстанның жетістіктері туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту.
2. Республиканың туымен, елтаңбасымен, әнұранымен таныстыру. Мемлекеттік рәміздерді қайда қолданатынын және оларға қатысты қандай салттар орындалатынын көрсету. Отанға деген мақтаныш пен махаббат сезімдерін тәрбиелеу
Міндеті:
1.Білімділік: Қазақстан президенті туралы түсінік беру.
2.Дамытушылық: Сұрақтар қою арқылы ой өрісін дамыту
3.Тәрбиелік: елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастырып тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілдер:.Сұрақ-жауап түсіндіру көрсету
Көрнекіліктер:Н.Ә.Назарбаевтың өмір дерегінен суреттер.Байтерек, ту, елтаңба, пирамида макеттері, президент фотосы, ЭКСПО-2017 көрмесінің макеті.
ҰОК-жоспары
| 1.Кіріспе бөлім: Қазақстан Республикасын әнұранын орындау.  |
| 2.Негізгі бөлім: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірімен таныстыру. Сұрақ-жауап әдісі. -Балалар, біздің Елбасымыз кім? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. -Балалар, біздің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы, 6 шілде айында Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Әкесі- Әбіш, анасы- Әлжан.  Нұрсұлтан атамыз отбасында ең тұңғышы. Еңбек жолын Теміртау қаласындағы «Қазметаллургқұрылыс» тресінің жұмысшысы болып бастаған. Қазақстан 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш президентің сайлады. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Балалар алдарында ту, елтаңба, бәйтерек, пирамида макеттері.Осылардың барлығы елордасы Астана қалаласында орналасқан.Биыл Астана қаласында «ЭКСПО-2017»көрмесі өтті.міне мынау ЭКСПО-2017көрмесінің макеті.Бұл көрмеге көптеген басқа ұлттар келді.Осылай президентіміз Қазақстан Республикасын бүкіл әлемге таныттатындай еңбек етуде.Біздің президентіміз көп жұмыстар атқарады. |
| 4.Сергіту сәті: 5.Шығармашылық орталық: 1топ: «Қазақстан Республикасының туын бояу» 2-топ: «Астанадағы ғимараттарды жапсыру»  |
| Қорытынды: Біз бүгін кім жайында әңгімеледік? Бүгін біздің Елбасы жайлы оның өмірі жайлы танып білдік.Шығармашылықта кандай жұмыстар жасадыңдар?  |