Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру
«Жаңа Жетісу Білімі» қоғамдық
бірлестігінің оқу орталығы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы қаржыландыруды реттейтін НОРМАТИВТІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығы
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы
- Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі
- "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес әзірленді
- Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеуде бірыңғай тәсілдемені білім берудің келесі деңгейлерінде қолданылады:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Орта білім беру Техникалық және кәсіптік білім беру Орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
- Орта білім беру
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
- Жан басына шаққандағы қаржыландыру білім беру ұйымдарының барлық нысанындары үшін бірдей қолданылады
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу ФОРМУЛАЛАРЫ
V = (N * Конт) cуммасы
Мұндағы:
N – бір айда бір тәрбиеленушіні қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі. Ол АЕК (айлық есептік көрсеткіш), БЛА (базалық лауазымдық айлықақы), мектепге дейінгі ұйымның орналасқан аймағы және мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс режимін есепке ала отырып есептелінеді.
Конт – тәрбиеленушілердің нақты ай сайынғы контингенті (бірақ жобалық қуаттылығынан аспайды).
Бір айда бір тәрбиеленушіні қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі N = E + L
Мұндағы:
Е - білім беру процесі шығыстарының нормасы
L - өңірлердегі коммуналдық қызметтерді тұтыну көлемдеріне және олардың тарифтеріне байланысты өзгешеленетін МДТО-ның (мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың) білім беру ортасы шығыстарының бір айда бір тәрбиеленушіге шаққандағы нормасы:
(2018 жылы АЕК 2 405 теңгені құрайды)
- жарты күндік шағын орталықтағы топтарда = 0,5 АЕК = 1 202,50 теңге мектеп жанындағы шағын орталықтағы топтарда = 5,75 АЕК = 13 828,75 теңге болу режимі 9 сағаттық және 10,5 сағаттық топтарда:
- жарты күндік шағын орталықтағы топтарда = 0,5 АЕК = 1 202,50 теңге
- мектеп жанындағы шағын орталықтағы топтарда = 5,75 АЕК = 13 828,75 теңге
- болу режимі 9 сағаттық және 10,5 сағаттық топтарда:
- Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы үшін = 6 АЕК = 14 430,00 теңге Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары және Астана қаласы үшін = 6,17 АЕК = 14 838,85 теңге Солтүстік Қазақстан облысы үшін = 6,33 АЕК = 15 223,65 теңге Қызылорда облысы үшін = 6,5 АЕК = 15 632,50 теңге.
- Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы үшін = 6 АЕК = 14 430,00 теңге Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары және Астана қаласы үшін = 6,17 АЕК = 14 838,85 теңге Солтүстік Қазақстан облысы үшін = 6,33 АЕК = 15 223,65 теңге Қызылорда облысы үшін = 6,5 АЕК = 15 632,50 теңге.
- Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы үшін = 6 АЕК = 14 430,00 теңге
- Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары және Астана қаласы үшін = 6,17 АЕК = 14 838,85 теңге
- Солтүстік Қазақстан облысы үшін = 6,33 АЕК = 15 223,65 теңге
- Қызылорда облысы үшін = 6,5 АЕК = 15 632,50 теңге.
Білім беру процесі шығыстарының нормасы Е = Т + Х
Мұндағы:
Т – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және педагогикалық қызметкерлердің бір айда бір тәрбиеленушіге есептегендегі айлық еңбекақы қоры
Х – бір айда бір тәрбиеленушіге есептелген білім беру процесіне байланысты оқу шығыстары, 0,3 АЕК-ті құрайды = 721,50 теңге
Т мына формула бойынша есептеледі:
Т = Т нег . + Т өтем .
Т нег . - білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және педагогикалық қызметкерлердің өтемақылық төлемдерсіз айлық еңбекақы қоры
Т өтем . - қызметкердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың айлық көлемі
Білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және педагогикалық қызметкерлердің өтемақылық төлемдерсіз айлық еңбекақы қоры
Т нег . = (W + ((ЛА +БЛА * f )*(е + r)))* sno * mp * mv
Мұндағы:
W – педагогикалық қызметкерлердің айлық еңбекақы қоры
ЛА – білім беру процесіне қатысатын педагогикалық қызметкерлердің БЛА -ны 3,57 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын лауазымдық айлықақысы. ЛА = БЛА * 3,57 . БЛА = 17 697 теңге
f – білім беру процесіне қатысатын басқарушылық қызметкерлердің еңбекақы төлеу қорын есептеу коэффициенті = 0,643
e - Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес Арал экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа үстемеақы коэффициенті = 0,025 . Экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы болмаған жағдайда е қолданылмайды
r – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалысқа үстемақы коэффициенті = 0,028 . Радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы болмаған жағдайда r қолданылмайды
sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті = 1,099
mp – жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналар және жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті: 2018 жылға = 1,01 ; 2019 жылға = 1,01 ; 2020 жылға = 1,07 .
mv – бала-сағат коэффициенті мыналардан құралады: жарты күн болатын шағын орталықтағы топтар үшін = 0,04 ; болу режимі 9 сағаттық топтар үшін = 0,08 ; болу режимі 10,5 сағаттық топтар үшін = 0,09 ; туберкулезбен уланған балаларға арналған 10,5 сағаттық топтар үшін = 0,15 ; 10,5 сағаттық түзету топтары ушін = 0,1875 .
Қызметкердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың айлық көлемі
Т өтем . = (((ЛА + БЛА * f) *k s + Эөтем ) * mv)/12
Мұндағы:
k s – мамандарға ауылдық жердегі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы коэффициенті мынаны құрайды:
- қалалық МДТО ұйымдары үшін = 1 ; ауылдық ұйымдар үшін = 1,25 .
- қалалық МДТО ұйымдары үшін = 1 ; ауылдық ұйымдар үшін = 1,25 .
- қалалық МДТО ұйымдары үшін = 1 ; ауылдық ұйымдар үшін = 1,25 .
- қалалық МДТО ұйымдары үшін = 1 ;
- ауылдық ұйымдар үшін = 1,25 .
Э өтем = ЛА +БЛА * f
Мұндағы:
Э өтем – жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек
Педагогикалық қызметкерлердің айлық еңбекақы қоры
W = ((ЛА + БЛА * f) * k s + БЛА * (Қеж + u z + k e ) + R)* k алм.
Мұндағы:
Қеж – ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті = 0,421
u z – дамуында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс үшін педагогикалық қызметкерлерге төленетін қосымша ақы коэффициенті = 0,380
k e – Арал өңірінде зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті = 1,07
R – радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы = 1,5 АЕК . Радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы алуға құқылы қызметкерлер болмаған жағдайда R=0
K алм . – қызметкерлердің орнын алмастырғаны үшін қосымша ақы коэффициенті – 1,357
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары
Білім беру ортасы – оқу-тәрбие процесінің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті әлеуметтік, материалдық және тұрмыстық жағдайлардың жиынтығы.
Білім беру процесі – білім берудің барлық деңгейлерінің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру шеңберіндегі оқу-тәрбие процесі.
Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі.
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде анықталатын білім беру процесіне және білім беру ортасына арналған шығыстарды қаржыландыру.
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібі
- Жан басына қаржыландырылатын білім беру ұйымын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру республика және жергілікті бюджеттердің есебінен іске асырылады (Қағидалардың 3 тармағы).
- Жан басына қаржыландырылатын білім беру ұйымын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру үшін арналған республика және жергілікті бюджеттерден қаражатты бөлу және пайдалану осы Қағидалардың ерекшеліктері есепке алына отырып, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі (Қағидалардың 4 тармағы) . Финансирование осуществляется по специфике 159 бюджетной классификации расходов, поэтому не требуется расшифровка расходов по каким-либо другим спецификам. («Внутри» специфики нет разделения по другим спецификам).
- Жекеменшік білім беру ұйымдары жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінде бөлінген бюджет қаражатын өз бетінше жұмсайды (Қағидалардың 14 тармағы) .
- Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының кірістері мен шығысдарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, бухгалтерлік есепке алу мен бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес қатаң есепке алуды қамтамасыз ету ұсынылған.
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібі
- Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес анықталады. (Қағидалардың 5 тармағы).
- Жергілікті бюджет қаражаты болған жағдайда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері Әдістемеге жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінен төмен емес мөлшерде белгіленеді. (Қағидалардың 7 тармағы) .
- Жан басына шаққандағы норматив өзгеріп, жергілікті бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуға әкеп соғатын шығынның өтемі республикалық бюджеттен бөлінетін насаналы ағымдағы трансферттермен толтырылады. (Қағидалардың 8 тармағы).
- Ағымдағы қаржы жылы республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерден жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінің өзгертілуіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген қағидалаларына сәйкес білім алушылардың немесе тәрбиеленушінің нақты контингенті айқындалған жағдайда ғана жол беріледі. (Қағидалардың 9 тармағы).
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі қамтытин шығыстардың түрлері
- Қызметкерлерге еңбекақы төлеу, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеу және салық пен басқа да міндетті төлемдер бойынша жұмыс берушінің жарналары
- Экологиялық қасірет және радиациалық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін қосымша ақылар
- Білім беру процесін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға арналған шығыстар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына сәйкес жабдықтарды және жиһазды сатып алу)
- Дәрі-дәрмектер мен басқа да медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алуға арналған шығыстар
- Үй-жайды жалға алуға арналған шығыстар
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі қамтытин шығыстардың түрлері
- Коммуналдық шығыстар
- Пошта және телефон байланысы қызметіне, интернет қызметіне ақы төлеуге арналған шығыстар
- Ғимараттарды, құрылыстарды, техникалық жабдықтарды, компьютерлік және кеңсе техникасын, интерактивті жүйелерді ағымдағы жөндеуге, ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар
- Жан басына қаржыландырылатын білім беру ұйымының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, білім беру процесінде қолданылмайтын тауарларды, оның ішінде жуғыш құралдарды, шаруашылық тауарлары мен құрал-саймандарды, құрылыс тауарларын, кеңсе тауарларын, дизинфекциялаушы құралдарды, жұмсақ құрал-саймандар мен ыдыс-аяқты сатып алуға арналған шығыстар
Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидалары
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидалары бекітілді
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында орналастырылады (Қағидалардың 2 тармағы).
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде бір балаға есептегенде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындары мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде өтеледі (Қағидалардың 2 тармағы).
Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидалары
- Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалық (аудандық) білім бөлімдері конкурс өткізеді
- Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балалар құрамын топтастыруда республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалық (аудандық) білім бөлімдері кезек тізімін басшылыққа алады.
- Алматы облысының білім басқармасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 765 бұйрығымен Алматы облысындағы мемлекеттік мемлекеттік тапсырыс орналастыру тәртібі туралы нұсқаулық бекітілді, онда конкурстық комиссия мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен 50/50 пропорцияда қалыптастырылуы тиіс екендігін мәлімдеген.
Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидалары
- Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін комиссия жаңа орындарға конкурстық негізде қалыптастырады.
- Комиссия отырысы ай сайын өткізілуі тиіс, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса дұрыс деп есептеледі.
- Комиссия отырысынан үш күн өткеннен кейін конкурстық отырыстың хаттамасын жасалынып және осы хаттаманың негізінде 10 күн ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша балалар санын(мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаттылығынан аспайтын) және ағымдағы жылдың аяғына дейін жан жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін көрсетеді. Біздің елімізде қаржы жылы 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының аудандық және қалалық білім бөлімдеріне, облыстық білім басқармаларына ұсынатыр құжаттыр тізімі
- Комиссия төрағасының атына ҚР Білім және ғылым министрлігінің № 122 бұйрығымен бекітілген қағидаларының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш
- Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігінің, жарғының, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу)
- Медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың болуының көшірмесі
- Ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі (ҚР Білім және ғылым министрлігінің № 122 бұйрығымен бекітілген қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес толтырылады)
Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары
- Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады
- Конкурс барысында келесі ұйымдарға артықшылық беріледі:
1) жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%.
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы.
Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары
- Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады
- Конкурс барысында келесі ұйымдарға артықшылық беріледі:
1) жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%.
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы.