Тақырыбы : С абақтарда қолданылатын инновациялық
әдіс-тәсілдер
Мақсаты:
Сабақтарда инновациялық
әдіс-тәсілдерді қолдану тәжірибеммен бөлісу
Кіріспе:
Біз даналықты үш жолмен үйренеміз: Ойлану - ең ізгі жол; Еліктеу – ең жеңіл жол; Тәжірибе жолы – ең ауыр жол. / Бенедикт Спиноза/
Стратегия -ұзақ уақытты қамтитын
кез келген іс-әрекеттің жалпы жоспары
және мақсатқа жету тәсілі.
Педагогикалық стратегия – білім беру
мақсаттары мен міндеттеріне қол
жеткізу үшін сыныпта қолданылатын
жоспарланған, әрі жүйеленген әдістер
мен тәсілдердің жиынтығы.
4
Ынтымақтастық орта
қалыптастыру
Екі жақты күнделік
Шығармадан үзінді
Өз пікірім
“ Дана үкілер” стратегиясы
Өлеңдегі негізгі ойды бір сөйлеммен жазыңыздар.
Иллюстрациялық бейнелеу (сурет, сызба арқылы көрсету)
Өлеңнен келешекте қажет болатын қандай маңызды қорытынды шығаруға болады?
4. Талқылауға болатын, ерекше көңіл бөлуге болатын пікір табыңыздар.
Топтастыру
Сын есім
1. Жабық сұрақтар
Әдетте, жабық сұрақ қойылған кезде сұраққа нақты қысқа ғана жауап қайтарылып, нәтижесінде әңгіме жалғаспай қалады. Мысалы:
Сұрақ: Ауылдан қашан келдіңіз?
Жауап: Кеше.
Сұрақ: Сізге фильм ұнады ма?
Жауап: Иә.
Сұрақ: Аптасына жұмысқа қанша күн барасыз?
Жауап: 5 күн ғана.
Байқаған шығарсыз, құдды тергеушінің сөздері.
2. Ашық сұрақтар
Ал ашық сұрақтар түсіндіруді, өз көзқарасын білдіруді талап етеді. Бұл сұрақтар сіздің ерекше қызығушылығыңызды білдіретіндіктен, әңгімелесушіңізбен жақсы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Ашық сұрақ қоятын адамдарды шынайы, ақпейіл жандар дейді.
Ең жақсы ашық сұрақтар төмендегі 4 мысалдың көмегімен жүзеге асады:
Қалай...?
Маған ... туралы айтып беріңізші
Сіз ... туралы не ойлайсыз?
Не себепті ...?
Джиксо
Мақсаты:
Сұрақтар топтамасымен жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және топта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастыру :
Оқушыларды сынып бойынша үш-төрттен орналастырыңыз.
Жаттығудың сипаттамасы : «Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі.
• Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі.
• Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.
• Нақты бір сұрақты немесе тапсырманы таңдаған оқушылардың барлығы Сарапшы топ деп аталатын жаңа топ құрылып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін олар бірлесіп жұмыс істейді. Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге «сарапшылармен» өзара қарым-қатынас жасап, мәселені талқылаудың арқасында өз сұрағы бойынша сарапшы болып қалыптасады.
• Оқушылар бастапқы топтарына қайтып оралады. Материалдар таратылады да, бастапқы топтарға ақтық тапсырма беріледі. Ол ұжымдық қорытынды шығару немесе жеке тапсырма болуы мүмкін. Бұл тапсырманың көздегені: тапсырманы сәтті аяқтау үшін оқушылар әрқайсысының сарапшы топта болған кезде алған мәліметтерін ескере отырып, бастапқы топтың бірлескен «ақылына» сүйенуін қамтамасыз ету
2-топ. Үшінші абзац.
«ДЖИКСО » страегиясы
1-топ. Бірінші, екінші абзац.
3-топ. Төртінші абзац.
Ыстық орындық
Мақсаты :
Біреуге алаңдаушылық танытуды ынталандыруға, мазмұнды «түсінетіндігін» түсінуге арналған драмалық тапсырма. Сұрақтарды зерделеп, ұстанымдарды негіздеуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастыру :
Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар доға болып қойылған .
Жаттығудың сипаттамасы :
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рөлді немесе адамды сомдай алады
Алтын балыққа арналған аквариум
Мақсаты : Топқа идеяларын ұсынуға мүмкіндік береді, негіздеу қабілетін , сараптамалы қсұрақтар қоюды, идеялар алмастыруды дамытады.
Ұйымдастыру:
Топқа арналған орындықтар ортада, сыныптың қалған бөлігі тыңдаушылар ретінде отырады .
Жаттығудың сипаттамасы:
Барлық сынып алдында өз пікірін білдіргені болмаса, қалған жағдайда «ыстық орындық» сияқты. Олар алтын балыққа арналған аквариумда отырады, басқалары оларға сұрақ қойып, түсініктеме беруді талап ете алады және т.б.
Ақылдың алты қалпағы
Мақсаты:
Мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс .
Жұмыс алгоритмі : Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған) де, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Бұл әдістің көздегені: осылайша мәселенің немесе ойдың барлық аспектілерін қамтитын карта жасау. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді .
İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі.
Қолдарына қарындаш алып,
« v » - білемін, « + » - білмеймін,
« - » - мен үшін жаңа білім (ақпарат),
« ? » – мені таңқалдырды – деген белгілерді қойып отырып , мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға,
ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.
Инсерт кестесі
Біле-
мін
“ V ”
Білмей-
мін
“ +”
Мен үшін жаңа білім
“ -”
Мені таң қалдырды
“ ?”
Семантикалық карта
Етістік
Дара
бермейсіңдер
Күрделі
Тамашалай
сыз
Негізгі
шынығамыз
Туынды
ерінбейді
Болым
ды
суреттеп тұрмыз
Болым
сыз
жеңдік
қарамай жүр
дайындаламын
көтере алмадың
жүгірдік
тазаладыңдар
ойлан
Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы –
оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай:
бірінші жолда 1 зат есім,
екінші жолда 2 сын есім,
үшінші жолда 3 етістік,
төртінші жолда 4 сөзден тұратын
сөйлем яғни ойды түйіндеу,
бесінші жолда тақырыпқа
байланысты 1 синоним сөз жазылады.
Кім? Ана
Қандай? Мейірімді, ақылды
Не істеді? Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.
Түйін Ағайын - алтау, ана –біреу.
Синоним Адам
RAFT стратегиясы –
Оқушы қандай да бір
объектіні алып, сол рөл ге
еніп , өз ойын жазады. Бұл
стратегияны қолдануда
бала сол зат туралы ойын
жазба түрде, бірінші жақта
хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын.
Менің күмбірлеген қоңыр
үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ.
Мен әр қазақтың төрінде ілулі
тұрамын. Мен адамның
көңіл – күйін шектерім
арқылы жеткіземін. т.с.с
Венн диаграммасы –
бұл стратегияның мақсаты
салыстыру, пайымдау.
Екі зат немесе мезгілдің
(объектінің) айырмашылығы
мен ұқсастығы жазылады.
Бір біріне айқасқан екі шеңбер.
Екі жағына салыстырылады,
ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті
жазылады. Оқушылардың
ойлары ашылып, салыстыру
сияқты күрделі операция жүзеге
асады.
Венн диаграммасы
Салалас Сабақтас
“ Екі жұлдыз, бір тілек” стратегиясы
Екі жұлдыз = екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы);
Бір т ілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.
“ Сандық, еттартқыш,
қоқыс шелегі”
Қорытынды :
«Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді.Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында:"Не істеп,не оқысам да соның бәрі,тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді,ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін",-деген екен.Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттерінің өздеріне шәкірт тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес етіпті»
Я.А.Каменский