§26 PyGame (пайгейм) кітапханасы
Оқу мақсаты:
9.3.3.3 PyGame (пайгейм); кітапханасын қосу;
9.3.3.4 ойын терезесін жасау үшін PyGame (пайгейм) кітапханасының дайын модульдерін пайдалану;
- Кітапхана – функция мен кластар кодтарының жиынтығы. PyGame кітапханасы – 2D ойындарын және басқа мультимедиялық қосымшаларды әзірлеуге арналған Рython программалау тілінің модулі.
PyGame өте ыңғайлы болғанымен Python-ның стандартты кітапханасына кірмейді. Ол үшін өзіміз қолданып отырған Python нұсқасына сәйкес PyGame кітапханасын www.pygame.org сайтынан жүктей аламыз немесе командалық жолдан төмендегі команданы тереміз: Рython mpip install U pygame user немесе Рython mpip install pygame
- Тиісті буманы орнатқаннан кейін Python интерпретаторын ашып, мына команданы енгізу арқылы оны тексеруге болады: import pygame.
- Егер кітапхана дұрыс орнатылса, сендер РyGame-нің 30-суреттегі үлгісін көресіңдер
Python программасын PyGame кітапханасымен пайдалануда құжатты құру:
File (файл) New File (жаңа файл)
Python программасын PyGame кітапханасымен пайдалануда құжатты сақтау:
File (файл) Save (сақтау) немесе Save As (....ретінде сақтау)
Python программасының кеңейтілімі - «*. ру »
Дәптерге орындайық
- PyGame кітапханасын орнату алгоритмін дәптерлеріңе жазыңдар.
алг
____________________
____________________
_____________________
_____________________
_____________________
Сұрақтарға жауап беріп көріңіз: ауызша
- Python кітапханалары деген не?
- PyGame кітапханасын қалай іске қосуға болады?
- PyGame кітапханасының қызметінің мәні неде?
- PyGame модуль дерін атаңдар
Үй жұмысы: