Просмотр содержимого документа
«Жай бөлшектер және аралас сандар»
Күні:
Сыныбы: 5А
Сабақтың тақырыбы: Аралас сандар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға аралас сандар туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жаза білуге үйрету және аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жаза білуге үйрету;
Тәрбиелік: Оқушылардың ой – өрісін кеңейту, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: деңгейлеп саралап оқыту
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру әдісі: Сәлемдесу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Топтық деңгей (ауызша сұрақтар)
Жаңа сабақты меңгерту
Сергіту сәті
Шығармашылық деңгей (оқулықпен жұмыс)
Эвристикалық деңгей (сәйкестік тесті)
Топтық деңгей (ауызша сұрақтар)
1.Жай сан дегеніміз не?
2. Натурал сандардың бөлінгіштік қасиетін пайдаланып, бөлшекті қысқартыңыз: 
3. Жай бөлшектің негізгі қасиетін тұжырымдаңыз.
4. Қандай бөлшекті қысқартылмайтын бөлшек деп атайды?
5. Үлес дегеніміз не?
6. Тор көздің қандай бөлігі боялған?
7. Жай бөлшектерді қысқартыңдар: 
8. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?
Жаңа сабақты меңгерту.
Жай бөлшектің алымы бөлімінен кіші болуы мүмкін, оған тең болуы немесе бөлімінен үлкен болуы мүмкін.
Мысалы:
- дұрыс бөлшектер, өйткені 2сандары
1-ден кіші.
Жай бөлшектің алымы бөлімінен кіші болуы мүмкін, оған тең болуы немесе бөлімінен үлкен болуы мүмкін. Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, онда бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
Егер бөлшектің алымы бөліміне тең немесе одан үлкен болса, онда бөлшек
бұрыс бөлшек деп аталады.
Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан аралас сан деп аталады.
Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазу үшін:
Аралас санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің бөліміне көбейту керек;
Шыққан көбейтіндіге бөлшек бөлігінің алымын қосып, алым етіп алу;
Бөлшектің бөлімін өзгертпей, бөлім етіп қалдыру
Бөлшектің алымын бөліміне бөлу керек:
Толымсыз бөлінді аралас санның бүтін бөлігі болады;
Қалдық (егер ол бар болса) бөлшектің алымы, ал бөлгіш бөлімі болады.
Аралас санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің бөліміне көбейту керек;
Шыққан көбейтіндіге бөлшек бөлігінің алымын қосып, алым етіп алу;
Бөлшектің бөлімін өзгертпей, бөлім етіп қалдыру.
Топтық тапсырма. Бұрыс бөлшектерді алдымен қысқартып, сонан соң аралас сан түрінде жазыңдар.

Қорытындылау. Не білдік? Не білеміз? Не білгіміз келеді?
Бағалау. Оқушыларды сабаққа қатысымына қарай бағалау.
Үйге тапсырма. Аралас сандар тақырыбын оқу.