1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал туғызу. Математика сабағын, Жақсылап ұғып аламыз. Сәулесі деп сананың Мәнінен ой табамыз. Фронтальді сұрау. Білімін актуалдандыру үшін «Не туралы сұрағанын анықта?» әдісі бойынша, бұл әдіс оқушыларды ойлауға, ойын жүйелеуге жұмылдырады Үлес дегеніміз не? Жай бөлшекке мысал келтіріңдер. Бөлшектің негізгі қасиетін тұжырымдаңдар. Бөлшекті қысқарту дегеніміз не? Қандай бөлшекті қысқартылмайтын бөлшек деп атайды? Жай бөлшектің бөлімі нені көрсетеді, алымы нені көрсетеді? Үй жұмысын тексеру. Тақтада орындатып тексеру. «Сенемін -сенбеймін» ойыны (жұппен жұмыс) Сұрақтар | Сенемін -сенбеймін | Бөлшектердің дұрыс және бұрыс болатынына сенесің бе? | | Бөлшектің 1 санынан үлкен болуы мүмкін екендігіне сенесің бе? | | Бөлшектің алымы бөліміне тең болуы мүмкін екендігіне сенесің бе? | | Бөлшектің алымы бөлімінен кіші болуы мүмкін екендігіне сенесің бе? | | Тапсырма: (топтық жұмыс) 5 минут Берілген бөлшектердің айырмашылықтары бар ма? Болса, Берілген бөлшектерді екі топқа бөліп, жіктеу себебін түсіндіріңдер:  Оқушылар берілген сандарды екі топқа бөледі: алымы бөлімінен кем жай бөлшектер және алымы бөлімінен артық жай бөлшектер. Оқушылар алымы мен бөлімі тең бөлшектерді үшінші топқа шығаруы мүмкін. Оқушылар дұрыс және бұрыс бөлшектер анықтамаларын құрастыруға бағытталады. Оқушылар жай бөлшектерді оқиды. Бөлшектерді екі топқа жіктелуінің себебін түсіндіреді, дұрыс бөлшек анықтамасын құрастырады. Қажетті тіркестерді қолданады: - бөлшектің алымы бөлімінен кем болғандықтан, берілген жай бөлшек дұрыс болып табылады; - бөлшектің алымы бөлімінен артық немесе тең болғандықтан, берілген жай бөлшек бұрыс болып табылады. Сабақтың тақырыбын ашады. Сабақтың мақсатын айту. Негізгі бөлім. Тапсырма. (жеке жұмыс) Суреттің көмегімен құрастырыңыз: а) дұрыс бөлшектерді:  б) бұрыс бөлшектерді:  Оқушылар дұрыс және бұрыс жай бөлшектердің анықтамаларын бекітеді. Шығармашылық тапсырма (жеке ойлануға беріледі) бөлшектерді қысқартып барлық дұрыс бөлшектерді жаз. бөлшектерді қысқартып барлық бұрыс бөлшектерді жаз. Дескритор: 1. Жай бөлшектерді қысқартады 2. Дұрыс және бұрыс бөлшектің анықтамасын қолданады. Топпен жұмыс Бөлімі ең кіші екітаңбалы жай сан, ал алымдары жай сандар болатын бөлшектерді жаз. Дескриптор: Бұрыс және дұрыс бөлшектерді жазады Тереңірек ойлан. (саралау тапсырмасы) 3 минут Алымы мен бөлімінің қосындысының мәні 20-ға тең болатын үш дұрыс және үш бұрыс бөлшектерді жаз. Кері байланыс: «Мадақтау» әдісі Сабақтың мақсатын еске түсіру. Оқулықпен жұмыс, деңгейлік тапсырмаларды қолдану А деңгейінің есептері № 328 Дескриптор: Аралас санды жазады. |