- Білімділік мақсаты: Оқушыларға бағдарлама талаптарына сай білім беру, ондық бөлшек туралы түсінікпен таныстыру, ондық бөлшекті жазып, оқи білуге үйрету, бөлімінде 2 немесе 5 сандарынан басқа жай көбейткіштер болмайтын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға үйрету, ондық бөлшектің соңындағы нөлді (нөлдерді) алып тастағаннан немесе қажетінше нөлдерді тіркегеннен ондық бөлшектің өзгермейтінін дәлелдеп, оны пайдалана білуге дағдыландыру;
- Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды дамыту мақсатында жұмыс жүргізу, өз бетімен есеп шығаруда қажетті білім, білік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
- Тәрбиелік мақсаты: Сабақ жүргізе отырып, оқушыларда өз еліне, ұлтына, Отанына деген патриоттық сезімдерді ояту, жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, болашақта жақсы тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: жазу, шығару,
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дидактикалық материалдар, интер белсенді тақта
Сабақ барысы:
Ι. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу;
ә) түгендеу;
б) дайындау;
в) кезекшімен жұмыс;
г) зейінін, назарын сабаққа аударту.
ΙΙ. Негізгі кезең: кезеңі
Ғьлым мен техниканың дамуымен байланысты күрделi есептеулер жүргiзіле бастадьт. Күрделі есептеулерді жай бөлшекпен есептеу қиындық туғызды. Сондықтан бөлiмдсрi 10, 100, 1000 және т.с.с. жай бөлшектерді бөлімсіз жазу қабылданды. Мұндай бөлшектердің алдымен бүтiн бөлігі жазылып, сонан соң үтір қойылып, үтірден кейін бөлшек бөлігінің алымын жазу келісілген. Жай бөлшекті осылайша жазу оның ондық жазылуы немесе ондық бөлшек түрінде жазылуы деп аталады.
Мысалы,
- нің ондық бөлшек түрінде жазылуы: 5,7 (оқылуы 5 бүтін оннан 7).
- нің ондық бөлшек түрінде жазылуы: 0,11 (оқылуы 0 бүтін жүзден 11).
- нің ондық бөлшек түрінде жазылуы: 9,217 (оқылуы 9 бүтін мыңнан 217).
Яғни, мұндағы 5,7, 0,11, 9,217 – ондық бөлшектер
Ондық бөлшектердің жазылуында үтірден сол жағына – ондық бөлшектің бүтін бөлігі, ал оң жағына бөлшек бөлігі жазылады.
Ондық бөлшектiң бөлшек бөлiгiнiң цифрлары ондық таңбалар деп аталады.
Ондық бөлшектер де натурал сандар сияқты ондық жүйеде жазылады, мұнда да солдан онға қарай әрбiр келесi бiрлiк алдыңғысынан 10 есе кiшi.
Ондық бөлшектердің бiрлiктенде кіші разрядтары болады. Олар: