БҚОӘББ «Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚК
0104000 «Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)» мамандығы бойынша
«Өндірістік және арнайы пәндерді оқытуды ұйымдастыру және оқыту әдістемесі» пәнінен
Ашық сабақ

Орал –2015ж
Сабақтың жоспары
Топ: ҚТ -431қ
Тақырыбы: «Арнайы пәндер бойынша теориялық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу»
Құзыреттілік:
Ақпараттық: теориялық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу бойынша оқушылардың білім денгейілерін анықтау
Коммуникативтік: теориялық сабақтарда қолданатын әдіс -тәсілдер бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
Мәселелерді шешу: теориялық сабақтарда оқыту әдістерін, сабақ түрін, оқыту технологиясын дұрыс таңдай білу, сабақ жоспарын құра білу.
Сабақтың түрі: Қайталау – қорытындылау сабағы
Қолданылатын технология: Ақпараттық коммуникативтік технология, ұжымдық оқыту технологиясының элементтері, Вен диаграммасы
Қолданылатын құрал жабдықтар:
Мультимедиапроектор, слайдтар жинағы, дәріс жинағы.
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. (2 минут)
Сәлемдесу. Аудиторияның сабақ өтіліуіне, дайындығына көз жеткізу. Оқушыларды тізім бойынша түгендеу. Оқушылардың оқудағы белсенділіктерін арттыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (20 минут)
а) Өткен тақырыпты қайталау сұрақ жауап әдісін қолдану
Фронталды сұрау әдісі (Power Point бағдарламасы қолданылады)
Техникалық диктант (Power Point бағдарламасы қолданылады)
б) Ұжымдық жұмыс формасын бақылау сұрақтары мен тапсырмалар арқылы қолдану:
(Power Point бағдарламасы қолданылады)
ІІІ. Өзіндік жұмыс әдісімен тарауды бекіту. (30 минут)
(Power Point бағдарламасы қолданылады)
ІV. Оқушылардың білімін бағалау. (5 минут)
V . Үй тапсырмасын белгілеу. (3 минут)
Кәсіптік оқыту дидактикасы (Өстеміров К., Шәметов Н., Васильев И. Кәсіптік педагогика -А.: 2006 , V-VI тарау 41- 90 парақтар, дәріс дәптері.)
Әдебиеттер:
Өстеміров К., Шәметов Н., Васильев И. Кәсіптік педагогика -А.: 2006
Ш. Х. Құрманалина, Ә.У. Ғалымова Педагогика - А.:2008
Әбенбаев С., Әбиев Ж. Педагогика- А.: 2009
Сабақ барысы
а) Өткен тақырыпты қайталау сұрақ жауап әдісін қолдану
Фронталды сұрау әдісі:
ҚР «Білім беру туралы» 1999 жылы 7 маусымда қабылданды
Білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі
Білім беру және тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған оқытушы ұйымдастыратын оқушылар іс- әрекетінің түрі
Кіріспе сабағы, Жаңа білімді хабарлау сабағы, Зертханалық сабақ, Аралас сабақ, өздігінен білім алу сабағы, Қайталау – қорытындылау сабағы
Білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл
Білім игеру мақсаттарына қол жеткізге бағытталған оқытушы мен оқытушының бірлікті іс-әрекеттік қимыл - тәсілдері
Қарапайым ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған қимыл элементі
Оқушылардың танымдық іс- әрекетін дамытуға, білім негізін қалауға арналған түрлі ақпарат көздері
Оқу және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс- әрекеттерінің бірізді жүйесі
АКТ, проблемалық оқыту технологиясы, бағдарламалап оқыту технологиясы, модульді оқыту технологиясы, қашықтан білім беру технологиясы, топтық – іскерлік ойындар оқыту технологиясы, денгейлейп- саралап оқыту технологиясы
Күнделікті, тақырыпты, қорытынды бақылау
Дидактикалық диктант Сабаққа қойылатын талаптар
1. Дидактикалық – сабақ тақырыбы, мақсаты, мазмұнының бағдарламаға сәйкестігі, игерілетін іскерлік, дағдылардың айқындылығы, қабылдауға әзірлеу.
2. Дамытушылық – танымға қызықтыру, өздігінен іздену, білімін толықтыру, ой еңбегі мәдениеті, ақыл ойды дамыту.
3. Тәрбиелік –тәрбиелік мақсаттың нақтылығы, білім мазмұны арқылы көзқарас, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу.
4. Гигиеналық – сынып тазалығы, желдетілуі, оқу құралдарының, тақта, бор т.б. Сабақ жабдықтарының болуы, жарық мөлшерінің сақталуы.
5. Психологиялық – білімге ынталандыру, танымдық белсенділігің арттыру, эмоциялық көңіл-күй тудыру, қабылдау, зейін, ойлау.
6. Ұйымдастырушылық – алдын-ала сабаққа дайындық, пәннің тақырыптарын оқу жоспарын жасау.
7. Әдістемелік – барлық талаптардың жиынтығы.
Вен диаграммасы

Әдіс пен технологияның айырмашылықтары
Әдістеме - оқу процесін ұйымдастыру мен өткізу туралы нұсқаулар жиыны
Технология - күтілетін нәтижеге жетуді және оқытушының кәсіптік қызметін қамтамасыз ететін технологиялық құрылымдалған және реттелген процедуралар жиынтығы.
б) Ұжымдық жұмыс формасын бақылау сұрақтары мен тапсырмалар арқылы қолдану:
(Power Point бағдарламасы қолданылады)
Сабақ жоспарының жобасы
| Пәні: | |
| Тобы: | |
| Уақыты: | |
| Сабақтың тақырыбы: | |
| Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: А) проблеманы шешу құзыреттілігі | - әртүрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға өз шешімінің нәтижесін бағалауға дайын болу; - өз қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға дайын болу (яғни, барабар міндеттерге технологиялар әзірлеу); - өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға дайын болу; - өзі үшін барабар жағдайлар, іс-әрекет пен мінез-құлық нормаларын таңдауға дайын болу; - барабар қойылған міндеттерге технологиялар таңдауға, технологияларды нақты қадағалауға мүмкіндік туғызуға дайын болу. |
| Б) ақпараттық құзыреттілік | - сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға; - өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, жоспарлауға және осы мақсаттарға жету үшін танымдық кызметтерді жүзеге асыруға; - ақпаратты өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, кайта құруға, сақтауға, түсіндіруге және акпараттарды тасымалдауды оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға; - логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеме, ұқсастығы бойынша дәлелдеме, моделдеу, ойлау эксперименті, материалдарды жүйелеу) колдана отырып, ақпараттарды өндеуге; - қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін акпараттарды қолдануға. |
| В) коммуникативтік құзыреттілік | - нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін ана, мемлекеттік және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға; - стиль мен жанрды қатысымдық міндеттердің барабар шешімдерін тандауға және қолдануға; - қазақстандық және әлемдік мәдени мұралардың негіздерін білу, ақпараттық мәдениетін дамытуға; - Қазақстан Республикасы азаматының құқығы мен міндетін білу және сақтау, елдің мемлекеттік саясатын түсіну мен қадірлеуге; - ұлтына, діни нанымына, мәртебесіне, жынысына және т.б. қарамастан, өзге мәдениет пен түсініктегі адамдарға төзімділік таныту, өзге көзқарастағы, ұстанымдағы мәдениет өкілдерімен құндылықты-саналы ынтымақтастыққа дайын болуға; - мәдени және шығармашылық жұмыстарға қатысу, тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениеттің маңызды тұстары мен аспектілерін түсіну және қадірлеуге. |
| Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: | А) Педагогикалық қарым-қатынаста жеке тұлғаны ізгілендіру және демократияландырудағы негізделген технологиялар: ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру Ә) Оқушылардың іс-әрекеттік белсендіру және күшейту негізіндегі педагогикалық технологиялар: проблемалық, ойын, тірек сигналдар арқылы оқыту, герман техникалық орталығы жобасы Б) Әдістемелік білім жетілдіру және дидактикалық қайта құрастыру негізіндегі педагогикалық технологиялар: дидактикалық бірліктерді ірілендіру, ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру, модульдық В) Оқыту үрдісін тиімді басқару және ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық технологиялар: АКТ, оза оқыту, ұжымдық және топтық оқыту, жобалап оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту, Г) Дамыта оқыту технологиялары: оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, дамыта оқыту |
| Сабақтың әдісі: | А) білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер: сөздік, көрнекілік, практикалық Ә) таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер: түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивтік, проблемалық, ішінара зерттеу, эвристикалық Б) оқытудың дидактикалық мақсат-міндеттеріне қарай топтастырылған әдістер В) білімді бақылау, бағалау әдістері т.б. |
| Пәнаралық байланыс: | |
| Оқыту құралдары: | |
| Сабақтың әдісі: | А) білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер: сөздік, көрнекілік, практикалық Ә) таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер: түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивтік, проблемалық, ішінара зерттеу, эвристикалық Б) оқытудың дидактикалық мақсат-міндеттеріне қарай топтастырылған әдістер В) білімді бақылау, бағалау әдістері т.б. |
| Сабақтың барысы: | Оқытушының қызметі |
| І. Ұйымдастыру бөлімі | |
| ІІ. Үй тапсырмасы тексеру | |
| ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық | |
| ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру | |
| Ү. Жаңа білімді бекіту | |
| ҮІ. Үйге тапсырма. Қорытындылау. | |
ІV. Өзіндік жұмыс әдісімен тарауды бекіту. (30 минут)
орындалады, Power Point бағдарламасы арқылы тексеріледі
1.Сабақ түрлерін келесі кестеде көрсетіңіз.
| Сабақ түрі | Аралас сабақ |
| Сабақ мақсаты | Оқушылардың алған білімдері мен дағды көлемінің қандай дәрежеде екендігін байқап тексерумен қатар, оның сапасын бағалау: олардың білетіндері мен білмейтін мәселелерін анықтап, оны болдырмау жолдарын қарастыру. |
| Әдістемелік құрылымы | Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оқушылардың орындаған үй тапсырмасын тексеру. Жаңа оқу материалын ендіру. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы Үйге тапсыра беру |
| Ерекшелігі | Бұл сабақ барысында сабақтың барлық дидактикалық кезеңдері немесе буындары алма кезек өзара ұштасып жатады. |
2. Дәстүрлі әдістерге сипаттама бер:
| Әдіс атауы | 1.Сөздік әдістер | 2.Көрнекілік әдістер | 3.Тәжірибелік әдістер |
| Әдіс сипаттамасы | Білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді. | Білім көзі- бақылауға түскен заттар,құбылыстар, көрнекі құралдар. | Білім және ептіліктер ойын,оқу,қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады. |
| Ұтымды жақтары мен кемшіліктері | Ауызша жаттығулар: түсіндіру,әңгімелесу,талқылау логикалық ойды,есті,тілді дамытады. | Оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән сыр сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп,қолмен ұстап,құлақпен естіп қабылдауға баулиды | Алған білімін есеп беру арқылы нығайту. |
3. Оқыту әдіс – тәсілдерге анықтама:
| Термин | 1. Оқыту әдісі | 2. Оқыту тәсілдері |
| Анықтамасы | Оқу тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушыларды өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері. | Оқу тәсілдері-оқыту әдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы "әдіс" түсінігіне байланысты жалқы ұғым. |
4. Төмендегі сандармен және әріптермен белгіленген оқыту құралдарын мағынасына сәйкес орналастыр:
А. Оқытудың материалды құралдары: Б. Оқытудың идеалды құралдары:
| | Сөз Жазба. Өнер шығармалары. Білім және іскерлік |
5.Оқыту процесі мен тәрбие процесін салыстырыңыз
| | Тәрбие процесі | Оқыту процесі |
| Ерекшеліктері | Тәрбие процесінде аға ұрпақтық тәжірибесі беріліп тәрбиеленушілердің сана-сезімі, тәртіп, дағдылары қалыптасып, өмірге, еңбекке дайындалады. | Оқыту процесі-білім, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүние танымын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытады. |
| Ұқсастықтары | Екі процесс те мақсатты,жоспарлы,таным,күрделі процесс. Даму негізі. |
6. Педагогикалық технологияның мазмұндық сипаттамасы
| Педагогикалық технологияның атауы | Мазмұндық |
| ерекшеліктері | сипаттамасы |
| Бағдарламалап оқыту технологиясы | Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты- оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеру, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалап оқытудың жағымды жақтары: Оқу материалының бөлшкетенуі; Оқушының белсенді өзіндік жұмысы; Техникалық оқыту құралдарын пайдалану; Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері: Бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімсіз | Бағдарламалап оқыту технологиясының өзіне тән сипат-белгілері: -оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі; -әр бөлшек игерілуінің тексерілуі; -қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуы |
| |
7.Оқыту формаларына сипаттама
| | 1. Жеке | 2. Фронталды | 3. Топтық |
| Бақылау (тексеру) түрі | Күнделікті бақылау- оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетінебасшылық жасайды | Тақырыптың бақылау-оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі | Қорытынды бақылау-барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі |
| Оқушылар саны | 1-2 | 10-15 | 4-5 |
| Сипаттама | Жеке-әрбір оқу оқушымен жеке жүргізіледі | Шебер не білікті жұмысшы бір мезгілде жекелеген оқушылар бригадасымен жұмыс істейді, әрбір бригада өз алдына ерекшелігі бар оқу- өндірістік мақсат қояды | Бір мезгілде барлық оқушылармен жұмыс істейді,барлық топтарда сабақ мақсаты бірдей |
| Әдістері | Сөздік,көрнекілік, практикалық | Сөздік,көрнекілік, практикалық, түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивтік, проблемалық, ішінары зерттеу, эвристикалық | Сөздік,көрнекілік, практикалық, түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивтік, проблемалық, ішінары зерттеу, эвристикалық |