СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Разработка урока

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ  жоспары  "Синоним"

Просмотр содержимого документа
«Разработка урока»

Сабақтың тақырыбы: Синонимдер
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың синонимдер туралы білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, досқа адал болуға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, карточкалар
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІI. Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
III. Жаңа тақырып.
Мағыналары бір – біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.

Синоним белгілері



1.Сөздің дыбысталуында өзгешелік болуы керек;

2.Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек;

3.Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы керек.


Зат есімнен

болған синонимдер

Сын есімнен болған синонимдер

Етістіктен болған синонимдер

Үстеуден болған синонимдер

Ел

Халық

Жұрт

Көпшілік

Жамағат

Сұлу

Әдемі

Келбетті

Ажарлы

Көрікті

Кездесу

Дидарласу

Ұшырасу

Жолығу

Алыс

Қашық

Шалғай

Қиян

Жаңа сабақты пысықтау.

Мақал – мәтелдерден синонимдерді тап

  1. Ата қоныс алтын мекен

  2. Жығылған сүрінгенге күледі

  3. Бет көрсе, жүз ұялар

  4. Достық пен жолдастық

Тату үйдің бақыты тасыр,

Ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар.

Оқулықпен жұмыс

73- жаттығу. Көшіріп жазып, синонимдерді жазу.

75-жаттығу. Синоним болса, дәптерлеріңе жазу

  1. Үлестірме қағаздармен жұмыс.
    №1

1.Сөйлемдегі синоним сөздерді тап.

Сенің топырағыңда қаншама дүр – дүр батыр, дүл-дүл ақын, майталман талант иелері туылмады дейсің

№2

Бағалы, құнды, қымбат синонимдік қатардағы сөздерді басқа сөздермен тіркестір

№3

1. Синоним емес қатарды көрсет.

А) байсалды,байыпты В) Шалғай,қашық С) сәт,мезет

Д) ағайын,туыс Е) көмескі,ескі

2. «Ауру» сөзінің синонимдік қатарын тап.

А) дауа,шипа,ем В) айна,әйнек, терезе С) мерез,сырқат,кесел

Д) соқырішек, аққан,қышыма Е) медбике,дәрігер,дәріхана

3. Қай қатар синонимдік қатар бола алмайды?

А) ауыл-аймақ,көрші-қолаң В) бірен-саран, бірлі-жарым

С) анда-санда, оқта-текте Д) аман-есен, сау-саламат

Е) құрбы-құрдас, жора-жолдас

4. Синонимді тап.

А) Таңертең қорадағы екі-үш тұяқты өріске айдап шықты.

В) Ол жазушылық өнерді өте жас кезінен бастады.

С) Күләштің әншілік өнері әлемге әйгілі. Д) Қауіп бар жерде қатер бар.

Е) Дауылдан кейін тыныштық орнаған.

V. Сабақты бекіту:

Берілген суреттер бойынша синонимдер қатысқан мәтін құрау.

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма: 77 – жаттығу.