1 – Қыркүйек Білім күні
Жүргізуші: Сәлеметсіңденр ме балалар және құрметті қонақтар! Бүгін біз керемет мейрам 1- қыркүйек тойлаймыз. Біз сіздерді осы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Бөбектерім оқы ойна
Оқу білім саған пайда
Кітабыңның шетін жыртып
Сияменен бояп қойма.
Кел балалар оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей ақ табылар!
Қ.Р. Ән ұранын орындауға рұқсат етіңіздер!
Гимн орындалады.
Балалар тақпаққа шығады.
Балабақшам байтағым
Күліп ойнап қайтамын
Ән саламын би билеп
Тақпақты да айтамын.
Көңіліміз күлемі
Әріптерді білеміз
Бақша біздің үйіміз
Тату тәтті жүремі.
Білім ой мен арымыз
Рухани нәріміз
Құттықтаймын достарым
Құтты болсын білім күні!
Ән.
Әннен кейін әуен ойналып Буратино келеді.
Буратино: Құтқарыңдар, құтқарыңдар! Айналып келіп жүргізушінің артына тығылады.
Жүргізуші: Буратино саған не болды? 1
Буратино: Сәлеметсіңдер ме балалар, мені таныдыңдар ма? Ия дұрыс мен Буратиномын, мені қу түлкі Алиса мен Базилио деген мысық қуып келе жатыр, олар менің алтын Кілтіммен мына Сумкамды тартып алмақшы. Сендер мені құтқарыңдаршы! (жүргізушінің артына тығылады)
Жүргізуші: Ой балалар Буратиноға көмектесеміз бе? - Ия
Әуен ойналып Алиса мен Базилио жүгіріп кіреді
Б. А.: Буратиноны көрдіңдер ме балалар, қайда кетті екен а ?
Іздеп тауып алады.
-Аа сен мында екенсің ғой, кел мында!
Қолынан тартып шығарады
Жүргізуші: Тоқта Базилио, неге Буратиноны ренжітесің, одан не керек сендерге?
Алиса: -Ана сумкаңда не бар? десек айтпайды, ана қолындағы кілт біздің кілт, соны бермей қашып кетті.
Жүргізуші Буратиноға таңырқап қарайды!
Буратино: Мен мына балабақшаға келе жатып мына кілтті тауып алдым, кілт сіздердікі ғой деп бері алып келдім.
Кілтті жүргізушіге береді.
Базилио: Ана сумкаңда не бар көрсет! Артынан тағы да қуады.
Жүргізуші: Базилио бұларың жарамас, бүгін білім күні балалар мерекесі!
Алиса : Аа олай болса ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар балалар, егер мен жеңсем Кілт менікі болады.
(Сумканың ішінде сабақ құралдары болады)
Жүргізуші: Балалар ойын ойнаймыз ба? - Ия
Ойын. «Потфель жинау»
Жеіңліп қалады
Алиса: Жарайды бізге Кілт бұйырмады.
Базилио: Кане сумкаңды аш, не бар ішінде?
Буратино жайлап сумканы ашады да, ішінен үлкен ертегі кітабын шығарады.
Буратино : Міне балалар мен де мектепке баруға дайындалып жүрмін. Міне Базилио оқи алсаң ал!
Кітапты ұсынады. Базилио кітапты алады да ары ақтарып бері ақтарып;
-Мына жерде не деп тұрғанын білмейм Алиса сен ше оқи аласың ба?
Алиса: Ой мен де оқу білмейм.
Буратино: Олай болса бер қайтарып (кітапты қайтарып алады)
Екеуің ертегі дегеннің не екенін білесіңдер ме?
Екеуі: Арине білеміз
Буратино: Олай болса мен казір сендерге сұрақ қоям жауап берсеңдер кітапты сендерге берем, ал жауап бермесеңдер балаларға берем 2
Базилио: Жарайды
Буратино: 1. Кемпір мен шал баласын шақырады, баласы итін шақырады, ит мысығын шақырады. Бұл қандай ертегі?
Екеуі жауап бере алмай бір біріне қарайды
Жүргіз: Балалар біз жауап береміз бе? -Ия Шалқан / Репка
2. Ал ертегіде келетін дәрігердің аты кім?
Екеуі тағы да бір біріне қарайды.
Балалар: Айболит!
3. Жаңа жылда бізге сыйлық акеп беретін кім?
Балалар: Аяз ата / Дед мороз
4. Атасы мен әжесінен қашып кетеді, сосын оны Түлкі жеп қойыпты№ ол қандай ертегі?
Балалар: Бауырсақ / Колобок
Буратино: Дұрыс балалар, міне қандай ақылды балалар, мен осы кітапты сендерге сыйға тартамын.
Кітапты жүргізушіге ұсынады.
Базилио: Жарайды, тағы жеңіліп қалдық.
Буратино: Балалар сендер Колобок туралы не білесіңдер?
Бала-р: Би билейміз!
Би «Колобок»
Әуен ойналып сырттан шар ұстаған көңілді Сайқымазақ келеді.
Клоун: Салем балалар, мен сендерді құттықтауға келдім. Білім күндерің құтты болсын, меркеде не істеп жатырсыңдар?
Бала: Би билеп, ән айттық
Клоун: Ал тақпақ білесіңдер ме?
2 бала тақпаққа шығады.
Клоун: Керемет балалр олай болса мен сендермен ойын ойнайын.
Базилио, Алиса , Буратино сендер де келіп қалыпсыңдар ғой. Келіңдер балалардың көңілін көтерейік
Ойын. Шармен
Базилио: Балалар кешіріңдерші біз сендердің мерекелеріңе құр қол келдік.
Жүргіз: Балалар кешіреміз бе? -Ия
Олай болса Базилио мен Алисаны биге шақырайық.
Би Жираф
Клоун: Балалар мен балабақшаға келе жатып Кілтімді жоғалтып алып едім, көрмедіңдер ме?
Жүргіз: Арине көрдік. (Кілтті береді)
3
Клоун кілтті алып, - Балалар рахмет сендерге менің сендерге тосын сыйым бар, мені күтіңдер! (қуанып шығып кетеді)
Жүргіз: Балалар олай болса көңілді Сайқымазақымыз қайтып келгенше әнімізді айтайық!
Ән «Әрқашан күн сөнбесін»
Әуен ойналып қолында ұстаған қобдишасы бар Сайқымазақ келеді.
Клоун: Міне балалар мен сендерге құр келген жоқпын.
Қобдишаны ашып сыйлықтарын береді.
4