СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Республика ерікті ел - Қазақстан!"

Категория: Завучу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасы күніне орай колледж студенттеріне арналған мерекелік іс-шара сценарийі.

Просмотр содержимого документа
«"Республика ерікті ел - Қазақстан!"»

Қазақстан Республикасы күніне орай өтетін «Республика ерікті ел Қазақстан» атты мерекелік іс шараның жоспары


Мерзімі: 21.10.2022 жыл

Уақты:16.30

Мәжіліс залы


/мәжіліс залы мерекелік тақырыпқа сай безендірілген, шарлар, залда колледж оқушылары, оқытушылар, колледж әкімшілігі/


голос за кадром видео ролик


Біз, қазақ халқы оны ұзақ уақыт аңсадық, арман тілегімізді ғасырлар бойы жырға қосып, тасқа қашадық. Күннен күн келді, аңсаған таң атты, тілегіміз қабыл болып, егемендік болдық. Жүрегімізбен жар салып, жер жаhаннан сүйінші сұрадық. Алдағы күннен сенім арттық. Бүкіл ел болып әр жетістігіне балаша қуандық, алар асуымыз алда. Сен мықтылардың қатарындасын. Шарықта, самға,

Тәуелсіз Республикам менің!!! Тек алға!!!


сосын «Жаса, Қазақстан!» әні шырқалады. Ән орындау барысында флэш моб, видео ролик көрсетіледі/ Ерасыл мен Жанайым



ФАН ФАР /заставка/

Ортаға жүргізулер шығады


1 Жүргізуші:

Аударып жұрттың назарын,

Бардың да көрген базарын.

Жоқтын да көрген азабын,

Даладай дала Қазағым!

Алты алаштың арманы болған,

Арда елдің айбары болған,

Ең ұлық мереке Республика күні құтты болсын!!!

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен колледж оқушылары, бүгінгі  Республика күніне арналған «Республика ерікті ел Қазақстан» атты мерекелік салтанатты кешке қош келдіңіздер!!!

2 Жүргізуші /рус/:

Добрый день, уважаемые учителя и обучающиеся! Сегодня мы собрались в наш прекрасный зал отметить светлый праздник Страны День Республики!!!

/Қазақстан Рсепубликасының Мемлекеттік гимн/

1 Жүргізуші:

Ақжайық, Алтай арасы,

Қазақтың шалқар даласы.

Республикама қарашы!

Жерімнің дәні маржандай,

Қырманы асқар таулардай.

Республикама қарашы!

1993 жылдың 25 қазан күні ҚазССР-нің мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, 2001 жылы Республика күні деп жалпақ жұртқа жария еткен болатын. 8 жыл өткен соң мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталып, арада 13 жыл өткен соң мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл мейрам ұлттық мереке ретінде қайта тойланатын болды.

2 Жүргізуші /рус/:
Казахстан стал подлинно независимым суверенным государством и в этом качестве стал полноправным членом Содружества Независимых Государств и мирового сообщества. Мы являемся современниками и творцами исторических событий происходящих на нашей древней земле. Провозглашение Декларации о Государственном суверенитете, рождение и становление республики Казахстан стали самыми значительными явлениями нашего времени, которые еще будут по достоинству оценены будущими поколениями.

1 Жүргізуші:

Ендеше алғашқы мерекелік құттықтау сөзі мен өз баяндамасымен ортаға Арқалық медииналық колледжінің қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Жанажанова Айым Аманқызына беріледі.

2 Жүргізуші /рус/:

С первым праздничным поздравлением и докладом в среду выступит преподаватель истории казахстана Аркалыкского медиинского колледжа Жанажанова Айым Амандыковна.

ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ ЖӘНЕ БАЯНДАМА ПРЕЗЕНТАЦИЯ

1 Жүргізуші:

Сізге көп рахмет. Алдарыңызда мерекелік ән шашуымен 192 Фкб тобының оқушысы Сатыпалды Жаннұрдың орындауында «Тәуелсіз Қазақтың қызымын» әнін қабыл алыңыздар.

ӘН: Сатыпалды Жаннұр «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫМЫН»

1 Жүргізуші:

Тәуелсіздік халықтың арман қанаты. 1991 жылы біз қанатымызды байлап тұрған құрсауды бұзып, биікке құлаш сермедік, әлемге Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде жарияладық. Біз, өз Отынымздың жаңа дәуір тарихын бірге жаздық, негізін бірге қаладық. Халықтың ынтымағы бізді мызғымас тәуелсіз мемлекетке айналдырды, береке мен бірлік, татулық пен келісім бұл біздің тәуелсіз мемлекетіміздің жетістігі және өркениет көшіне ілесуінің кепілі болып табылады.



2 Жүргізуші /рус/:

Независимость - это крыло мечты народа. В 1991 году мы сломали подворотно, связывающую наши крылья, взлетели на высоту, объявили миру Казахстан как независимое государство. Мы вместе писали историю своей Родины новой эпохи, вместе закладывали основы. Сплоченность народа сделала нас незыблемым независимым государством, процветание и единство, мир и согласие являются залогом успеха и прогресса нашего незыблемого государства.

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕРКІНДІГІМ» КОМПОЗИЦИЯСЫ ЗАСТАВКА

Студент Нұрбибі

Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік, қош келдің!

Студент Әсем

Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш

Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!

...Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!

Алла берген азаттықтың әр сәті-

Аманат қой

Маған,

Саған, Оған да!

Студент Гүлім

Саясатқа сермей алмай семсерді,

Езгі күнге тері қылдым еңсемді!

Желтоқсанда жалын атып жастығым,

Құрсау болған темір қоғам теңселді!

Есте даңқы қыршындардың қалды ма,

Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?

Уа, еркіндік,

Құның немен өлшеңді!?

Студент Алмат

Уа, еркіндік!

Құның немен өлшенді?!

Сені көксеп

Боздақтарым өлсе өлді!

Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,

Ең шуақты,

Ең шырайлы,

Ең шерлі!

Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-

Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!



ХАБАРЛАУСЫЗ ӘН: «ТУҒАН ЖЕР»

Айман мен Шолпан ЗАСТАВКА

1 Жүргізуші:

1992 жылы 4 маусымда біздің мемлекетіміздің тарихына алтын тармақ ретінде тарихқа кірді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды.

2 Жүргізуші /рус/:

4 июня 1992 года – эта дата золотой строчкой вошла в историю нашей страны. Приняты государственные символы Республики Казахстан событие закрепившее появление на политической карте мира нового независимого государства. Флаг, герб, гимн незря называют атрибутами государственности.


САХНАҒА ОҚУШЫЛАР ШЫҒАДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР СӨЙЛЕЙДІ ЗАСТАВКА

ӘНҰРАН: Айым

Әнұраным, жан ұраным,

Айтар әнім сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады.



ЕЛТАҢБА: Жаннұр


Елтаңбасы елімнің,

Неткен көркем әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.


ТУ: Ажар

Жарасқан байрақтың мәні бар,

Көк аспан, көк қыран сәні бар.

Көк байрақ ашық көк кеңісін.

Алтын күн белгісі жеңістің.


1 Жүргізуші:

Бүгінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы елімізді әлемдегі беделді әрі орынықты мемлекетке айналдыруды жалғастыруда.

2 Жүргізуші /рус/:

Сегодня Президент Республики Казахстан Касым Жомарт Токаев, сохраняя преемственность политики елбасы и проводя системные реформы, продолжает превращать нашу страну в авторитетное и стабильное в мире государство.

1 Жүргізуші:

Ерке Есілдің жағасында орын тепкен, сұлу божеткендей құлпырып келе жатқан Астанамыз бар. Астана еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің көк туы желбіреген Астана мәңгі жасасын!!!

2 Жүргізуші /рус/:

На берегу Ерке Есиль есть столица, в которой мы живем, как в прекрасном городе. Пусть Астана увековечит сердце нашей страны, Астана, на которой развевается Голубой флаг нашей независимости!!!



АСТАНАҒА АРНАУ ВЕДЕО РОЛИК



СТУДЕНТ Гүлназ

Ей, Астана! Сен деген туған елдің жүрегісің,

Өзіңнен бастау алар өрелі ісім.

Шаhарлар толып жатыр, бірақ та сен,

Бәрінен бірегейлі, бөлегісің.



СТУДЕНТ Гүлназ

Астанам – асқарымдай көрінесің,

Өлең боп көкірегімнен өрілерсің,

Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,

Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім.



СТУДЕНТ Мадина

Домалап қазағымның өрге тасы,

Думанмен дүрілдесін аспан асты.

Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,

Асқақтай бер, елімнің Астанасы!



Хабарлаусыз Ән: «Менің Астанам!» ВИДЕО РОЛИК

Орындайтын: Қалибек Көркем Фкб-32



1 Жүргізуші:

Тұғырында туым бар,

Орман менен нуым бар.

Сылдырап аққан суым бар,

Бұл менің Қазақстаным!



2 Жүргізуші /рус/:

Егінді далам бар

Еңселі қалам бар

Жастары жалынды,

Арқалықтай қалам бар

Бұл менің Қазақстаным!

ЕКЕУІ БІРГЕ

Жайна, Қазақстан!

Жайна, Арқалық!



СОҢЫ

«ЖАЙНА АРҚАЛЫҚ!» әні орындалады ВИДЕО РОЛИК

Ерасыл, Алмат, Жанайым, Көркем

Барлық қатысушылар сахна төріне шығады

Қолдарында мемлекеттік Ту мен шарлар болады

1 Жүргізуші:

Осымен Қазақстан Республикасы күніне арналған «Республика ерікті ел Қазақстан» мерекелік салтанатты концертіміз аяқталды. Қазақ елі жасасын!!!

2 Жүргізуші /рус/:

На этом завершился праздничный торжественный концерт, посвященный Дню Республики Казахстан. Да здравствует казахская земля!!!

ФОН