| Апта: | 1 | Күн: 3 | 14.07.2016 |
| Сабақтың тақырыбы: | Мотордың көмегімен қозғалту |
| Жалпы мақсаты: | Оқушыларға EV3 арналған бағдарламаны жасау, моторларды қозғалту мүмкіндіктерін үйрету. |
| Күтілетін мақсаты: | Оқушылар роботты қозғалтуға арналған алғашқы программаларын жасап, моторлар арқылы қозғалту және рульдік басқару блогын түсінеді. |
| Негізгі идеялар: | Роботты мотордың көмегімен қозғалту программасын құрау, қозғалыс барысында рульдік басқаруды еркін қолдануды үйрену |
| Сабақ жоспары: |
| № | Уақыты | Мақсаты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ФБ (формативті баға) |
| 1 | Ұйымдастыру кезеңі. 3 минут | Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. оқушыларды суреттер арқылы топқа бөлу | Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабақтың тақырыбын тақтаға жазу. Оқушыларды топқа бөлу | Топқа бөлінген оқушылар орындарына жайғасып. | Оқушыларға рахмет айтып орнына отырғызу |
| | Үй тапсырмасы: 5 минут | Үй тапсырмасын сұрау | Оқушыларға сұрақтар арқылы ұй тапсырмасын тексеру: 1. роботтарды тарихы 2. олардың болашағы туралы не айтуға болады. 3. жалпы роботтардың сипаттамасын | Оқушылар өткен тақырып бойынша қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті етіп жауап беруі қажет. | Белсенді оқушыларға смайлик беріп мадақтау |
| | 20 минут | Роботты қозғалту барысында программа құрылымы, онда қандай блоктар пайдаланылады және блок қасиеттерін мен баптауларын өзгерту жолдарымен таныстыру | LEGO MINDSTROMS EV3 Edition бағдарламасы арқылы программа жасап, роботты моторлардың көмегімен қозғалтуды үйретеді. Мұғалім блоктардың қызметі,олардың қасиеттері мен баптауларын өзгерту жайлы айтып, дайын бағдарламаны сақтау жолдарын түсіндіреді. | Оқушылар зейін салып тыңдап, түсінбегенін сұрайды. | Белсенді оқушыларға мадақ айту. Пассивті оқушылардың белсенді сабаққа қатысып отыруын айту |
| | 30 минут | Жаңа сабақты пысықтау | EV3 модулі туралы жалпы мағлұмат беру, | Оқушылар берілген тапсырманы қызығушылықпен орындайды. | Белсенді оқушыларға мадақ айту |
| | Сергіту сәті 3 минут | Оқушылар арасында ынтымақтастық қарым қатыныс қалыптастыру | "Роботтың миі " сурет арқылы көрсету | Оқушылар сурет сала отырып сергіп алады | Белсенді оқушыларға мадақ айту |
| | 30 минут | Өткен сабақты пысықтау Оқушылар жасаған программасын EV3 модуліне жүктеп, іске қосады | Бағдарламаны EV3 модуліне жүктеу жолдарын айтып, оны іске қосуды үйретеді. Бағдарламаны жүктеу жолдарын меңгерту. | Мұғалімнің алдын ала берілген тапсырмасына сүйене, оқушылар бағдарлама жасап көрсетеді | Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға смайликтер тарату,мадақтау |
| | Рефлексия 2 минут | Өткен сабақты қорытындылап, оқушылардың не түсінгенін, не түсінбегенін және сабақтың қандай бөлігі ұнағанын анықтау. | Мұғалім оқушылардан не түсінгенін, не түсінбегенін және сабақтың қандай бөлігі ұнағанын сұрайды | Оқушылар мұғалім қойған сұраққа жауап береді, түсінбегенін сұрайды және сабақ туралы пікір айтады | Сабақты жақсы түсінген балаларға мадақтау айтады. Топ басшылары топ мүшелеріне баға қояды |
| | Үй тапсырмасы 2 минут | Жаңа сабақты пысықтау | Реферат жазу | Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазып алады. | Рахмет оқушылар |
| Қорлар | Мұғалімге арналған нұсқаулық, EV3 жинағы, оқулық., слайдтар. |
| Келесі іс-әрекет, үй тапсырма: | Роботтар туралы сөзжұмбақ құрастыру |
| Тапсырмаға ескертпе, кері байланыс | |