Білу және түсіну «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басым бағыттары ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының бұл бағдарламадағы идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы ұлттың ұлы бағдары. Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылу керек. Мәңгілік ел – * Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. * Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. * Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. * Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық. * Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. * Ол – Мәңгілік ел идеясы. «Қар кесегі» әдісі (Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады. Жаттығудың сипаттамасы: Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұп ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт,бес,алты жауап бір жауап болып біріктіріледі.) Ортақ сүрақтар: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы дегенді қалай түсінесіңдер? «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» сен үшін маңызы қандай? -Сіздер мектепте «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» мектепте қандай жолмен жүзеге асырылуы керек деп ойлайсыздар? |