Просмотр содержимого документа
«Сәбізбен қызылша»
Ұйымдастырған оқу қыметінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности
Күні-дата:12.10.2018
Тәрбиеші\воспитатель: Садвокасова В.А.
Білім саласы-Образовательная область:Шығрмашылық,
Пән,предмет:Мүсіндеу
Тақырыбы-Тема«Сәбіз бен қызылша».
Мақсаты-Цель
1. Тәрбиелік – воспитательная : балаларды ұқыптылыққа,тазалыққа, сулулыққа тәрбиелеу
2.Дамытушылық – развивающая : Балаларды өз бетінше жұмыс істей алуға дағдыландыру.
3.Оқыту –обучающая: Көкөністердің негізгі пішінін, қызылшаға, сәбізге тән ерекшеліктерді беруге үйрету.
Бөлшектерді саусақтың және кескіштің көмегімен келтіре отырып, екі қолмен мүсіндеу.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение :кесенің суреті, ермексаз, пышақ.
Көп тілділік полиязычие: сәбіз-морковь- қызылша-свекла-
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
Балалар бізге хат келіпті, кәне кімнен келді екен оқиық.Хат қояннан екен бізге тапсырмалар тапсырыптв. Кәне орындайық.
Негізгі бөлім.
1) «Көкөністер мен жемістерді ажырат» дидактикалық ойынын ойнату. Ойын ойнау арқылы балалар көкөністер мен жемістерді ажыратады.
2) Балалардан жылдың қай мезгілі екенін, күз мезгілі несімен басқа жыл мезгілдерінен ерекшеленетінін сұрап білу. Күзде барлық жеміс - жидектер, көкөністер пісіп, оларды жинау науқаны басталады. Күз айларын молшылық, береке, мереке сыйлайтын мезгілге жатқызатынымызды айтып түсіндіру.
3) Бүгін көкөністерді ермексаздан жасайтынын хабарлау. Жұмыс барысында қай бала көкөністердің қай түрін жасайтынын таңдап алады. Көкөністің ол түрін жасау үшін ермексаздың қандай түсін таңдайтынын көрсетеді. Көкөністердің пішіндері әртүрлі болатындықтан балалардан сәбіздің пішіні қай геометриялық фигураға ұқсайтынын, сондай - ақ картоп, қызылша, шалқандардың пішіндері неге ұқсайтынын сұрап анықтау.
4) Балалар мүсіндеу кезінде қандай тәсілді қолданатынын айтады.
Көкөністердің жұмыс дәптеріндегі жасалу жолын көрсетіп, түсіндіріп беру.
Жұмыс барысы:
- Қызыл, күрең қызыл, жасыл, қызыл сары ермексаз кесектерін жұмсартып аламыз.
Көкөністі жасау:
қызанақ - қызыл домалақталған ермексаздың жоғарғы бөлігіне саусағымызбен батырып баса отырып шағын ойықша жасаймыз, ойықшаға жасыл ермексаздан жасалған сағағы менжапырағын орнатамыз;
қияр - жасыл ермексаздан жасалған цилиндрдің екі шетін домалақтап тегістейміз, тіс шұқығыш шидің көмегімен қиярдың бетіне бүртіктер саламыз;
қызылша - күрең қызыл домалақтанған ермексаздың бір бүйірін созу тәсілімен тамырын шығарамыз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермексаздан немесе түсті қағаздан жасалған жапырағын бекітеміз.
сәбіз - цилиндр пішінді ермексаздың бір ұшын аздап созып, тіс шұқығыш шидің көмегімен үстіне жіңішке сызықтар түсіреміз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермексаздан немесе түсті қағаздан жасалған жапырағын біріктіреміз;
бұрыш - жасыл түсті ермексаздың бір ұшын аздап созып, домалақтап тегістейміз, жоғарғы бөлігін саусағымызды батыра басып, шағын ойықша жасаймыз да, оған ермексаздан жасалған жапырақтың сағағын бекітеміз.
Балалар жұмыс дәптерін алып, мүсіндеудің орындалу ретімен танысып, жұмысты орындайды.
Сергіту сәті: Тыныс алу жаттығуы "Гүл"
ІІІ. қорыту.
Дайын болған көкөністердің мүсінін үстел үстіне қойып,
«Біздің өнім» атты көрме ұйымдастырады. Балалармен бірге жұмыстарды бағалап, кімнің жұмысы сәтті шыққанын анықтап, сабақты қорытындылау.