СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сәндік-қолданбалы өнер. "Киіз үй"

Категория: Искусство

Нажмите, чтобы узнать подробности

киіз үй туралы біледі,салып үйренеді

Просмотр содержимого документа
«Сәндік-қолданбалы өнер. "Киіз үй"»

Қысқа мерзімді жоспар.

IV-тоқсан

Пәні бейнелеу өнері. 6сынып.

Күні,айы 08.04.2015ж.

Сабақтың тақырыбы


Киіз үй бұйымдары,ағаш бұйымдары.


Күнтізбек жоспар бойынша № 28 -сабақ

Сабақтың мақсаты


Киіз үй бұйымдары, ағаш мүліктері туралы түсінуге бағыт-бағдар беремін, «Төсекағаштың» суретін бейнелетемін.



Сабақтың міндеттері

1.Киіз үй құрылымын ,бұйымдарын,ағаш мүліктері атауын , жіктелуін білуі тиіс.

2. Оқушылардың топ ішінде белсенділігін арттыру , сөйлеу,бейнелеу қабілетін

арттыру арқылы, шығармашылыққа баулу.

3.Өз ойларын постерге түсіре білуі керек.


Сілтеме


Күнтізбелік жоспар. 6сынып.

Күтілетін нәтиже


Киіз үй бұйымдарын,

ағаш мүліктері атауын біліп, оны қайда қолданатынын,кімдер жасайтынын талдап,тұжырымдайды, үйренеді, зерттей отырып салыну жолын кезең бойынша сала алады.


Сабақтың әдіс- тәсілі

Галлерея әдісі, бес саусақ, сәйкестендіру «лездеме» әдісі.

Көрнекі құралдары

АКТ,қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті.Сейіт Кенжахметұлы. Таныстырылым.Бейнелеу өнері . 6сынып.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих

Блум таксономиясы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу











I.Ұйымдастыру: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сәлемдесу.

Сергіту сәті «Айна»

Топтар төрт топқа бөлініп отырады. «Жыл

мезгіліне орай»

II.Үй тапсырмасын бақылау: «Бес саусақ» сәндік өнер, ою туралы өз білгендерін бес саусақтың ішіне толтырады.

Үйден ойып келген өрнектерін өз

тобының ішінде бағалау.

Оқушылар бір-біріне қарап тұрады,біреуі бет пішінін өзгертеді.Мұны келесі бала қайталап көрсетуі керек.Туған күндері қай жыл мезгіліне келеді,топтасып бөлінеді.

Қағаз бетіне саусақтарын бастырып,үй тапсырмасынан білетіндерін жазады.


Түсіну











III.Жаңа сабақты түсіну:

Сүйегі оның тор шабақ,

Көшсек бұздық боршалап.

Сен де мұны білер ең,

Жайлауда егер болсаң-ақ.

-Жауабы не?

-Киіз үй.

-Бүгінгі өтетін сабағымыз «киіз үй мүліктері,

ағаш бұйымдары». «Лездеме» сұрақтары:

1.Киіз үйді кімдер жасайды?

2.Ер адамдар қандай бөліктерін жасайды?

3.Әйелдер қандай бөліктерін тігеді?

4.Бұл кісілерді кімдер деп атаймыз?

5.Киіз үй қатты дауылдан неге ұшып кетпейді?

1-топ.Киіз үй сүйектерін ,

2-топ.Киіз үй киіздерін,

3-топ.Киіз үй бауларын,

4-топ.Киіз үй төсеніштерін постерге салып қорғайды.топтар бағалайды.

Таныстырылым.Киіз үй -қазақ халқының негізгі баспанасы. Қасиетті қара шаңырақ.

Атадан балаға беріліп келе жатқан мұра.

Сондықтан халқымыз «Атамыз-Алаш, керегеміз-ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған.1.Боз үй,2.Қараша үй, сүйегі ағаштан және киіз жапқыштан тұрады. ХХ-ғасырда боз үй 150 сом, қараша үй 80-100 сом, отау үй 600 сом тұрған.

Отау үй дегеніміз не?


Жұмбақтың жауабын шешу:

(киіз үй)








Сұраққа жеделдете жауап береді.







Әр топ берілген қағазға киіз үйдің бөліктері туралы постер салып қорғайды.








Оқушылар берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан жауап береді.


Қолдану




VI.Жаңа тақырып бойынша түсінгенін тексеру.

Төсек ағаштың суретін салу.

1-кезең. Қағаз бетіне үйлстіру.

2-кезең.Төсек ағаштың формасын табу.

3-кезең.Ою-өрнегін композициялау.

4-кезең.Үйден түстік қатынасын табу.

Альбом парақтарына төсекағаштың суретін салу,оюын композициялау.



Талдау








Сәйкестендіру.Ағаш бұйымдарының суретін

атауымен бағыттап қосу.

Қобдиша, сандық, әбдіре, жағлан,

Жастық ағаш, кебеже,асадал.


Әр топқа 8 бұйымның суреті мен атауы көрсетілген парақша таратылады.Топ бірлесе отырып сәйкестендіреді.


Жинақтау














Шаңырақ.....болсын!

Керегең...болсын!

Түндігің...болсын!

Босағаны..., табалдырықты...

Шыққан қыз... тысқары

От басында,ошақ...


Киіз үйдің арайлы

Терезесі- ...(түңдік)

Ашық тұрса қарайды,

Түнде жұлдыз үңіліп.


«Ақ киіз оттың басына,қара киіз төсек астына»сөзінің мағанасын түсіндір.Кім қалай ойлайды?Неге?


Әр топ2 сұраққа жауап береді.Бос жерлерге керекті сөзді қояды.










Топ мүшелері ақылдасып,біреуі мазмұнын айтады.

Үй тапсырмасы:


Төсек ағаштың түстік қатынасын табу.

Күнделіктеріне белгілеу.



Бағалау









Рефлекция



Топ басшылары өз топтарының әр оқушысын критерий бойынша бағалап,

отырады.Әр тапсырмадан кейін фарматифті бағаланады,соңынан сумматифті бағаланады.



«Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Бүгінгі сабақ қаншалықты қиын болды?Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдым? » Кері байланыс жасау.


Топ мүшелері жалпы ұпайын, сумматифті бағасын шығару.







Әр оқушы өзіне берілген парақшаны белгілеу.



Директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары Л.Қарабекова













Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Калимбетова Ақмарал Шолпанкуловна








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!