Тақырыбы: Сәт сапар саған, жас түлек!
Психологиялық ахуал: «Шаттық шеңбері»
Сынып жетекші сөзі:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, балалар! Міне күндер мен түндер сырғып, олардан жыл құралып, талай уақыт арттта қалды. Соңғы қоңырау мерекесі әр адамда әр түрлі көңіл-күй туғызады:ұстаздар үшін кезекті оқу жылының аяқталғанының белгісі, ал 11сыныптың жетекшілері үшін әр баламен жүрегінің кішкентай бөлшегі кеткендей, біреулер үшін тағы бір жылға есейгенінің белгісі болса, мектеп бітіріруші түлектер үшін бұл ешқашан ұмытылмайтын мереке, өйткені сендер үшін сыңғырлаған қоңырау үні соңғы рет соғылды.
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау
Қимастық сезім оятып,
Соғылады соңғы қоңырау.
Соңғы қоңырау үндері,
Жаңғыртып кең даланы
Қоштасар кез келгенде
Жүректі тербеп барады – дей келе, арамызда жасы үлкен, өмірден тоқығаны көп. Өзі ұстаздық жолда еңбек еткен Қалжанова Бақыт Жамбылқызына беріледі.
Слайд 1-11 сынып суреттерінен
Мұғалім: Құтты болсын алғашқы өмір баспалдағы,
Қорқытпасын мұз, көлі, асқар тауы.
Кірпіш болып қаланып, жеміс берген.
Сіздер үшін айтылады көп арнауы.
ХОР: «Ұстазым»
1-о:-Алдыңа келіп ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым
Күлімдеген көзіңнен.
Мейірімді сезінген.
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан басталғанын түсіндім.
2-о:- Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп нұр жүзіміз жанған күн
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.
Мектеп бітіруші түлектерімізге сөз кезегін береміз.
Қайнар:-Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын
Ұстаз- ғалым, толастатпас мәңгі ісін.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
Алтынай:- Ұстаз! Осы сөзде қанша ұлылық жатыр десеңізші. Сөз маржанын тнрген ақын жазушы да, көк жүзіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас.
Ақмырза :- Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алсын, үйренсін деп.
Құшақ жая алады күнде алдан.
Айзада.-Кейде біздер ерінсек.
Ең жарлыққа берілсек,
Қатаңдау тәртіп қоятын
Қатені ұстаз жоятын.
Ануар:-Кесірге тежеу беретін
Ойынның шексіз өрісі,
Қатаң да әділ төреші
Ұрыспай айтқан ақылын
Ұстазым-қамқор ақылшым.
Бәрі:-Мың алғыс, сізге түлектен!
Мың алғыс отты жүректен!
Бейнебаян 5-11 сынып.
Ақмерей: Қадірлі ұстаздарымыз!
Айым: Асыл ата-аналарымыз!
Дильназ: Көңіл қимас достарымыз!
Динара: Бүгін біз балалықпен қоштасқалы отырмыз...
Ислам: Енді бізді күмбірлеген күміс қоңырау сабаққа шақырмайды...
Алтынай: Енді біз,шәкірт болып ұстаз алдында отырмаймыз...
Артур: Енді біз, тақтаға шығып сабақ та айтпаймыз...
Гүлхан: Енді біз,мектеп формасын да кимейміз...
Ақмырза: Енді бізде каникулдың өзі де өзгеше болады...
Әлич: Бірақ...
Газгүл: мектеп қабырғасында алған өнегені,
Жігер: тәлім-тәрбиені,
Айгерім: жандарыңыздың жылуын,
Абзал: ешқашан
ҰМЫТПАЙМЫЗ!
Ендігі кезекте, мектеп бітіруші түлек, сыныптын тоббасшысы: Балғабаева Ақмерейді шақырамыз.
Ойын : бәрі-бәрі есімде.........................
Тілек айту.
Қорытынды: 25 мамыр күні - Мектеп туралы, Ұстаз туралы айта алмай тұра алмайды екенсің.
Мектеп-оқушы-ұстаз - бұлар бір-ақ ұғым, бірінсіз-бірі болмайтыны ақиқат. Мектеп киелі орын, одан білім алмайтын, ұстаздың алдын көрмейтін адам жоқ. Бүгін барлық мектеп, барлық ұстаздар, оқушылар ертеңгі мерекеге дайындық үстінде, қарбалас шақ. Ұстаздар үшін жылда қайталанатын сәт болғанымен, әр жылдың өз ерекшелігі, әр мектеп бітіретін түлектердің өзіндік орындары бар. Сыныпты өздік бітіріп, мадақтама алатын оқушылардың жүректеріндегі қуаныштарын білерме еді деп ойлаймын. Мереке құтты болсын! Осындай қуанышты сәттер өмірлеріңізде көп болсын.