СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: «Астана – бас қала»

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бүгінгі қосқан сабақтың атауы "астана -бас қала".Сабақта тапсырмаларды орындау арқылы Астананың көрікті жерлірімен таныстыру.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: «Астана – бас қала»»

Сабақтың тақырыбы: «Астана – бас қала»


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушыларды Астанадағы көрнекті жерлерімен суреттер, тапсырмалар арқылы таныстыру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау, сауатты сөйлеу,жазу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Туған жерін сүюге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың формасы: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Жұмыс түрлері: жеке, ұжымдық, топпен

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ –жауап, мәтінмен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Астана жайлы суреттер,әріптер.


Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру кезені:

а) Амандасу.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

ә) Кезекті сұрактар:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір қай ай?

-Бүгін аптаның қай күні?

-Қазір қандай сабақ?

-Елімізде мемлекеттік тілі қай тіл?

-Дәптерлерді ашып,бүгінгі күнді жазыңдар.


2.Үй жұмысын тексеру.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

3.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Бүгін біздің саяхат -сабағымыз «Астана- бас қала» тақырыбында өтеді. Астананың көрнекті жерлерін тамашалаймыз.Тақырып бойынша жаңа сөздермен танысасыңдар,Астана жайлы мәтінді, тапсырмаларды мұқият орындап.Суреттердің сырттында жазылған әріптерді ашамыз да сөзді оқимыз.


4.Жаңа сабақ:

-Ендеше,Астана бойынша саяхатымызды бастайық.

1.-Бірінші суретті көрейік.

-Мынау «Бәйтерек»монументі . «Бәйтерек» Астананың нышаны .

-Мынау не?

-Мынау «Бәйтерек» монументі.

Балалар бірге және қайталайды.

-Ал қазір, жаңа сөздермен танысамыз,оларды есте сақтаймыз.

1.Сөздікпен жұмыс:

А)Сөздерді оқимын, аударамын, мағынасын түсіндіремін.

Ә )Оқушылар сөздерді кезекпен оқиды,аударады.

Б) Сөздерден сөз тіркестері мен сөйлемдер құрайды.

В) Сөздерді сөздік дәптерге жазады.

-Міне,біз жаңа сөздермен таныстық.

-Бәйтеректің әдемі суретін көрдік.Енді,суреттің сыртындағы әріпті ашамыз.


2.Екінші суретті көрейік.

-Мынау «Ақорда» Ақордада елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс істейді.

-Мынау не?

-Мынау «Ақ орда».

Балалар бірге және жеке қайталайды.

Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді оқып,аудар.

А) Мен оқимын, оқушылар тыңдайды.

Ә) Оқушылар оқиды, аударады.

-Тапсырманы орындадық.Суреттің сыртында жазылған әріпті көрейік.


3.Үшінші суретті көрейік.

-Мынау «Үкімет үй».Мұнда біздің үкіметіміз жұмыс істейді.

-Мынау не?

-Мынау «Үкімет үйі»

Балалар бірге және жеке қайталайды.

2- жаттығу. Сөйлесуді оқы,аудар.

А)Мен оқимын,оқушылар тыңдайды.

Ә)Оқушылар тапсырманы сұрақ- жауап арқылы оқиды, аударады.

-Жақсы, жарайсыңдар!Енді,әріпті ашуға болады.


-Ал қазір,бәріміз тұрып демаламыз.

Сергіту сәті.


4.Төртінші суретті көрейік.

-Мынау « Бейбітшілік пен келісім»сарайы.

-Мынау не?

-Мынау «Бейбітшілік пен келісім»сарайы.

Балалар бірге және жеке қайталайды.

3 – жаттығу.Аудармасын тап,жаз.

А) Оқушылар оқиды,дұрыс аудармасын табады.

Ә)Тапсырманы дәптерге жазады.

-Тамаша! Міне тағы бір тапсырманы орындадық.Енді әріпті көрейік.


-Бесінші суретті көрейік.

-Мынау ескерткіш «Үш би» деп аталады.Осы ескерткіште Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би бейнеленген.

- Мынау не?

-Мынау ескерткіш.

Балалар бірге және жеке қайталайды.

4- жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы.

А) Мен оқимын ,мағынасын түсіндіремін.

Ә) Оқушылар өлеңді кезекпен оқиды.

-Рақмет,балалар!Өлеңді жақсы оқыдыңдар.Енді әріпті көруге болады.


-Алтыншы суретті көрейік.

-Мынау Есіл өзенінің жағасы.

-Мынау не?

-Мынау Есіл өзенінің жағасы.

Балалар бірге және жеке қайталайды.

5- жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып оқы.

А)Оқушылар тиісті сөзді қойып оқиды.

Ә) Сөйлемдерді оқимыз,аударамыз.

-Жарайсыңдар балалар!Біз соңғы тапсырманы орындадық.Қандай сөз болып шықты.

-Еліміздің елордасы қай қала?


5.Сабақты бекіту.

-Астананың қандай көрнекті жерлерімен таныстық?

-Саған Астана ұнады ма?

- Сен Астанада болдың ба?


6.Сабақты қорыту.Бағалау.


7.Үйге тапсырма беру: 131 бет, 4- жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу,Астана туралы сурет салу.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!