Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: "Дәрігер"»
Ойынның тақырыбы: Дәрігер
Ойынның мақсаты:
1.Балалардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру.
2.Дәрігердің сезімталдығы, кішіпейілдігі, қамқорлығы сияқты қасиеттерін жете түсіндіру.
3.Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: дәрігердің ақ халаты, басына киетін қалпағы, градусник
Дайындық бөлімі (5-7 минут)
Алаңды айнала 2 минут жүгіру.
Мына жаттығуларды орындау.
-Аяқтың ұшымен жүріп, екі қолды алға, екі жанға созып, қайта төмен түсіру.
-өкшені көтере басып жүріп, қолды алға, артқа қарай айналдыру(5 рет)
-Қолды белге ұстап, қадам басқан сайын бір аяқты алға және жанына қарай соза жүру. (5рет)
-Теріс қарап жүру мен жүгіру 3рет
Негізгі бөлім (20минут)
Балаларды сапқа тұрғызып, ойынның мазмұны мен ережесін таныстыру.
Ойынның мазмұны.
Балаларды рөлдерге дұрыс бөлу.Ойын бастамас бұрын рөлдер тағайындалады. Мысалы: «Дәрігер»-Қанат, «Мейірбике»-Раушан, «Ауру бала»-қуыршақ, «Ауру баланың шешесі»-Шолпан.
Ойын басталды. Шешесі ауру баланы дәрігерге әкеледі.ауырған Қанатқа градусникті қойды да, балаңыз «баспамен»ауырып қалыпты деп, дәрінің аты жазылған рецепті шешесіне ұсынады. Шешесі баласын ертіп, кетуге ыңғайланады.
Тәрбиеші осы сәтте балалардың ойын кезінде жіберген қатесін түзетеді, дұрыс бағыт береді.
Ойынның ережесі.
1.Тәрбиеші ойынның жүруін қадағалау.
2.Дәрігерді құралдарын дұрыс пайдалану.
3.ойынды кезекпен ойнау.
Әдістемелік нұсқаулар
Ойын қызықты өту үшін ережені дұрыс сақтау керек. Әр бала қолданатын заттардың атын білуі қажет
Қорытынды бөлім (3минут)
Ойынды қорытындылау. Ойынға қатысқан балаларды мадақтау.