СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары.

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары.»

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

«Мироновка орта мектебі» КММ

Акбатаева Бақыт Сералиевна

Қазақ тілі және әдебиеті

Пәндерінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік :
Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер, грамматикалық ойындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды түгелдеу
Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы
Б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.
ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ . Жаңа сабаққа дайындық.
«Ой-қозғау». Интерактивті тақтадан «Қазақтың ұлттық ойындарының» суреттері көрсетіледі. Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.
«Асық алу» ойыны. 
Грамматикалық сұрақтарға жауап беру.. 
Әр қатардан бір оқушыдан келіп қоржыннан асық алады. Асықтарда сандар жазылған, қай сан шықса, сол санның сұрағы тақтадан шығады.

Сұрақтар: 
1. Септіктерді ата. 
2. Сөйлем мүшелерін ата.

3. Сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді тап. Балалар ойнап жүр. 
4. Бастауыш нені білдіреді? 

5.Баяндауыш нені білдіреді? 
6. Анықтауыш нені білдіреді?. 
7. Толықтауыш нені білдіреді? 
8. Пысықтауыш нені білдіреді? 
9. Зат есім деген не?
10. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

Жаңа сабақ.Оқушылардың өткен сабақтардағы білімдерін тексере отырып, сөзжұмбақты толтырамыз.

Сөзжұмбақтың сұрақтары: 

1. Қазақстан Республикасының президенті. 
2. «Герб» сөзі қазақша қалай? 
3. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы. 
4. Ұлттық бас киім. 
5. Ұлттық музыкалық аспабы. 
6. Қазақстандағы ұлт өкілдері. 
7. Астана қаласындағы Елбасы Резиденциясы. 
8. Қазақтар қандай халық? 
9. Ұннан жасалатын ұлттық тағам 
10. «Сок»қазақша қалай болады? 
11. Жылқы еті қандай? 
12. Қазақстан жері кең – байтақ және өте бай. 
13. Еттен жасалатын ұлттық тағам. 



-Міне, балалар , бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз  «ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР». 
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар : аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын ,зеректікті , ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындар- тоғызқұмалақ, қуыршақ,асық ойындары. Бұлардың көбісі мал шаруа-шылығына , аңшылыққа, жаугершілікке негізделген. Қазақтың ұлттық ойындары: ерлікті – мужество, шапшаңдықты – быстрота, тапқырлықты – находчивость, күш – қуаттылықты – сила, могущество қажет етеді. 
Сөздікпен жұмыс:


Қызық - интересное
Жігіт - парень
Қуады - догоняют
Жету керек - должен догнать
Сүйеді - целует
Соғады – будет бить

Сергіту сәті:Ұлттық ойындар туралы видео материалды қарау.
«Білгенге маржан»

Бұл сайыста ұлттық ойындарға байланысты сұрақтар қойылады.

1) . . .– екі балуан бір-бірімен жекпе-жекке шығады. (қазақша күрес)

2) . . . ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысына құралған.(тоғызқұмалақ)

3) ... - алаң ортасынан көлденең сызық сызылады, ұзын жіп немесе арқан керек.(арқан тарту)

4) . . . - бұл –елдің сыртында әткеншек құрып, өлең айту.(алтыбақан)

5) . . . - ойынға 4-5 бала қатысады. Ойынға он асықалынады. (ханталапай)

6) . . . – шауып келе жатқан аттың үстінен белгіленген затты атып түсіру. (жамбы ату)

7) ...- белгіленген қашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып күміс немесе теңге тасталы-нады. Ойыншылар шауып келе жатып, шүберекті алу керек. (теңге алу)

8) . . . – ашық алаңда көгалды жерде ойналатын ойын. Аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек.(аударыспақ)

9) . . . – қыз бен жігіт аттың үстінде отырып, бір-бірін қуады. (қыз қуу)

- Ал, ендеше, балалар, осы ұлттық ойындарға байланысты видео материалды тамашалаңыздар.

Мәтінмен жұмыс:тізбектеп оқу, аудару.

Қыз қуу
Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең қызығы - қыз қуу. Қыз бен жігіт атқа мініп,бірін-бірі қуады. Қалған адамдар қарап тұрады.Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Жігіт қызға жету керек. Жігіт қызға жетсе, қызды сүйеді. Ал егер жігіт қызға жетпесе, қыз жігітті қамшымен соғады.

Сұрақтарға жауап беру: 
1. Қыз қуу қандай ойын? 
2. Қыз қуу қалай ойналады? 
3. Ойынның тәрбиелік мәні қандай?

1-тапсырма.Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, септік жалғауларын ажырату.Үшінші сөйлемді жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызу.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазу.Сөздіктен аудармасын табу.
Асы...тар, б...ла, ой...н, к...шкентай, ...пай, жин...у, же...імпаз, ойна...ды, ақсүй...к, алтыба...ан, тоғызқ...малақ, көкп...р, жасы...ынбақ,қ...з қуу, тең...е алу.
Суреттер сыры.
Суретке қарап , ойын түрлерін ажыратып айтады.
3-тапсырма. Диалогті оқу, өзара сөйлесу.

Асық жинау керек.Ойын мергендікке үйретеді. Шарты:3-4 метр жерден асықты атып құлату керек. Мақсаты: көп асықты ұтып алу арқылы ұпай жинау керек.

4-тапсырма. Жұмбақтарды шешу, сөйлем мүшелердің астын сызу.

Сабақты қорытындылау.

Балаларды бағалау.
Үйге тапсырма:
жаңа сөздерді жаттау, 4тапсырма «Қазақтың ұлттық ойындары

» туралы жазу.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!