Күні:
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсініктер беру.
Тәрбиелігі: Жаңашылдыққа, әдемілікке, тіл мәдениетіне жаңа заман талабына сай тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылығын, қолөнер шеберлігін, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Сабақтың әдісі: іздену, әңгімелеу, сұрақ – жауап,сөзжұмбақ,топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, тағам түрлері, сөзжұмбақ,слайдтар.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А. Оқушылармен сәлемдесу.
Психологиялық дайындық.Шаттық шеңбер.
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық.
Күннен қуат алайық,
Алақанға салайық.(Күн шуағын бір бірімізге сыйлайық.Алақандарын үрлеу.)
ІІ.Қызығушылықты ояту.Көрініс.
-Қалың қалай Нұрхат?
-Жақсымын. Арайлым мен Америкаға кеткелі жүрмін.
-Онда не бар?
-Онда бәрі күшті дейді гой!
-Ал,онда салыстырып көрейік!
-Америка
-Қазақстан
-Вашингтон
-Астана
-Барак Обама
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
-Голливуд
-Ақтөбе
-Кока кола,пепси,спрайт,фанта.
-Қымыз,шұбат,айран,сүт.
-Пицца,гамбургер,хотдог.
-Ет,сорпа,қуырдақ,қазы қарта,жал жая
-Кирешки,чипсы.
-Бауырсақ,шелпек.
-Йогурт.
-Қаймақ,кілегей,қатық.
-Сникерс,баунти.
-Құрт,ірімшік,жент.
-Мерседес,тайота.
-Тұлпар,ат арбасымен.
-Джинсы,кепка,красовки.
-Шапан,қалпағымен, саптама етік.
-Арайлым мен жеңілдім.Өзіміздің тағамдарда күшті екен ғой.Мен ешқайда кетпеймін.
-Дұрыс айтасың Нұрхат. Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол!(Сұрақ жауап әдісі арқылы жаңа сабақты ашу.)
Топтастыру. Көріністе қандай тағамдар жайлы айтылды. Тағы қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақпен жұмыс.
А.Тақырыбын хабарлау. Қазақтың ұлттық тағамдары.
Ә.Мақсат міндеттерімен таныстыру.
Қай халықтың болмасын дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет - ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкендіктен болар қазақ халқының тағамдары өзге жұрттан өзгешелеу. Оның негізгісі: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік секілді өңкей малдан алынатын өнім түрлері.
Қазақ халқы қонақжай, бар тәуірін қонаққа деп сақтаған. Екі - үш қонақ көрпесі, екі - үш қойы тұрмаған шаңырақты қазақ тақыр кедей санаған. Ал бар бола тұра қонаққа қадір құрмет көрсетпеген кісіні «Шық бермес Шығайбай» атандырған.
Иә қонақжайлылық, мейманды қабылдау, қонақасының жай - жапсарын жетік білу ата - бабамыздан қалған аса қастерлі салтымыз, дәстүріміз.
Слайд көрсету.
«Бұл қандай тағам?»
Ата-аналар бірнеше ұлттық тағам түрлерін таныстыра отырып,дайындалу жолы бойынша оқушылырға мәліметтер береді.
Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол - жеңіл және сусындық тағам. /Айран./
2. Кез келген малдың етінен жасала береді, өкпе - бауыр қосып жасайды. Түрлері көп: соғым, өкпе - бауыр, қарын/ Қуырдақ./
3. Шай дастарханының басты асы. Ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Әр түрлі пішінде, үш - төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Түрлері көп. Мысалы: бармақ, жол, ақ, той т. б. /Бауырсақ./
4. Сүттен жасалған ұлттық тағам. Мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. /Құрт/
5. Аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам.. Оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік, мүйіз салып араластырады. /Жент/
6. Жылқы етiнiң деликатесi. Онша семiз емес салқындатылған жылқы етiнен не салқындатылған немесе мұздатылған майдан әзiрлейдi.
/Шұжық/
ІҮ.Сергіту сәті.
Ән: Дастархан.
Ү.«Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар»
1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.
3.Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
6.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
7.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
8.Ертеңгі асты тастама
Кешкі асқа қарама.
9.Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
10.Дастарханнан аттауға болмайды.
11.Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.
12Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.
ҮІ. Топтық жұмыс.
Әр топ оқушыларына ұлттық тағамдардың суреттері беріледі. Суреттердің ішінен әр топ өздеріне тиісті ет,ұн,сүт тағамдарын жинау керек.
Ет тағамдары Сүт тағамдары Ұннан дайынд. тағамдар.

ҮІІ. Сұрақ-жауап.
1.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (Шұжық, бесбармақ, қазы, қарта т.б.)
2. Шұжық ненің етінен жасалады? (қой, сиыр, түйе, жылқы етінен)
3. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?(ет)
4. Қымыз ненің сүті?(биенің сүті)
5. Сүт тағамдарын ата?(шұбат, айран, қымыз)
6. Айран ненің сүтінен жасалады? (сиыр сүтінен)
7. Бесбармаққа ненің етін салады? (жылқы, сиыр, қой, түйе етін)
8. Құрт неден жасалады? (сүттен)
ҮІІІ.Мақал - мәтелдер.
Досыңның үйінде, су берсе де ішіп кет Арай.
Ынтымақты үйдің асы тәтті. Әсия.
Ат – адамның қанаты, ас - адамның қуаты Айдана
Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің. Ақбота
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Ас - иесімен тәтті Нурхат.
Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай - ас екен. Дана
Ас - атасы нан, нан атасы – дән.
Аз ас, көп ниет. Арын.
Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы. Ералы.
Ашта жеген құйқаны тоқта ұмытпа.
Ет етке, сорпа бетке. Анел.
Бір түйір дәнде, бір тамшы тер бар. Ұлбосын.
Айран ішкен, құтылады, шелек жалаған тұтылады. Жасұлан.
Сиыр сауып ішшең, мың күндік.
Сойып жесең, бір күндік . Қазына.
Сиырдың сүті тілінде. Фурхат.
ІХ. Сөзжұмбақ
1. Өңделген бидай ( Ұн).
2. Майға қуырылған шеңбер нан (Күлше).
3. Айраннан алынатын, жейтін өнім (Құрт).
4. Сиырдан алынатын сусын (Сүт).
5. Бидай, арпа қосылып жасалған сусын (Ашытпа).
6. Бидай, күріш, тары – бұлар дәнді -? (Дақыл).
7. Ұйыған сүттен жасалатын қою сусын (Қатық).
8. Піспеген нан (Қамыр).
9. Жейтін заттың жалпы атауы (Тағам).
10. Түйе сүтінен жасалатын сусын (Шұбат).
11. Биенің сүтінен жасалатын сусын (Қымыз).
Рефлексия. Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар. Нені білдіңдер? Нені білгілерің келеді? жазып, смайлик арқылы жапсырамыз.
Х.Қорытындылау.
Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ұлттық тағамдармен танысып, ырым - тыйымдарды да білдіңдер. Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», демекші еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің ата - ананың айтқандарын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу.
Мадақтау қағазымен белсенді оқушыларды марапаттау.
Cаржансай орта мектебі
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Біз боламыз ертеңі,
Болашағы елімнің!»
3-класс
Өткізген: Елемесова Ш.М.
2016-2017 оқу жылы.