СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспар "Жұмбақтар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Айдалада ақ отау

Аузы мұрны жоқ отау

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспар "Жұмбақтар"»

Қорытынды

Бастауыш сынып оқушыларына саналы тәрбиемен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында қазақ этнопедагогикасы материалдары жұмбақтар оқушы дүниетанымын қалыптастыруда басты құрал болып саналады.

Жұмбақтар баланың ой-өрісін кеңейтуге әсер етіп, өз бетімен ойлап, заттар мен құбылыстардың сипатына, болмысына қарай аттарын таба білуге септігін тигізсе, сонымен оқушыларды табиғат әлеміндегі көріністермен таныстырып, жыл мезгілдеріне байланысты табиғатта болып жатқан табиғи өзгерістер мен құбылыстардың ерекшеліктерін аңғартып, табиғаттың әсемдігі мен сұлулығын сезініп үйренеді.

Сан алуан тақырыптағы қазақ жұмбақтары оқушы қиялына қанат бітіре отырып оның өлі және тірі табиғаттың сан алуан құбылыстарының сырын ұғып, түсін танып біліп, дүниетанымын кеңейтеді және баланың жадында сақтап жаттауына, керек кезінде тез еске түсіруіне қолайлы.

Сонымен жұмбақтар оқушылардың есте сақтау қабілетінің дамуына, ой жүйесінің тереңдеуіне ең негізгісі ми құрылысының жұмыс істеуіне ерекше әсер етіп үлкен атқаратындығы.





Алғы сөз

Жұмбақ- ауыз әдебиетінің бір түрі.Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ тақпақтап,ұйқастырылып айтылады.

Жұмбақ-қарым-қатнас жасаудың ерекше бір құралы.Жұмбақты шешу,оны ойлаудың өзі де өнер.

Жұмбақтар баланың ой-өрісін кеңейтуге әсер етіп,өз бетімен ойлап,заттар мен құбылыстардың сипатына,болмысына қарай аттарын таба білуге септігін тигізеді.

Бұл жұмбақтар оқушыларды табиғат әлеміндегі көріністермен таныстырып,жыл мезгілдеріне байланысты табиғатта болып жатқан табиғи өзгерістері мен құбылыстардың ерекшеліктерін аңғаруға назар аудартады,табиғаттың әсемдігі мен сұлулығын сезіне білуге үйретеді.

Сан алуан тақырыптардағы қазақ жұмбақтары оқушы қиялына қанат бітіре отырып өлі және тірі табиғаттың сан алуан құбылыстарын,сырын ұғып,түсін танып білуге жетелеуде оқушы дүниетанымын кеңейтуге баланың жадында сақтап жаттауына,керек кезінде тез еске түсіруіне қолайлығында.

Демек,жұмбақтар оқушалардың есте сақтау қабілетінің дамуына,ой жүйесінің тереңдеуіне ең негізгісі ми құрылысының жұмыс ітеуіне әсер етуде үлкен рөл атқарады.

КҮЗ

Қыркүйек – күздің алғашқы айы. Аспанға жиі бұлт үйіріліп, жел күшейеді. Күн қысқарып, түн ұзара бастайды. Алғашқы сарғайған жапырақтар пайда болады. Күннің көзін кейде бұлт тұмшалап, кешқұрым күн салқын тарта бастайды. Құстар жылы жаққа ұшуға дайындалады.

Қазан – жапырақтар түсе бастайтын шақ. Қоңыр күздің желімен үзіліп түскен жапырақтар сары алтындай жер бетін көмкереді. Бұлттар жерге қарай жақындап, нөсерлетіп өтеді. Кейде аяз болып, қылау түседі. Жануарлар қысқа дайындық жүргізеді. Ұсақ жәндіктер, тышқандар, өрмекшілер мен қырықаяқтар жан-жаққа бытырап, жоқ болады. Бақалар судың тұнбасына тығылып, кесірткеден қалған қабықтың астын паналайды. Көптеген құстар оңтүстікке ұшып кетеді. Аспанда тырналар қиқулап, қош айтысып, тізіліп ұшып кетеді.

Қараша – күздің соңғы айы. Ол жылдың ең бір бұлыңғыр тартатын шағы. Желдің күші үдей түседі. Ормандар мен саябақтар қуаң тартады. Алғашқы аяз белгі беріп, су тоғандары қатып, қар жауады. Соңғы құстар оңтүстікке қарай қанат қағады, ал қыстап қалғандары адамдардың үйлеріне жақын маңдарға жылжи бастайды. Кейбір жануарлар шырт ұйқыға кетеді. Қылышын сүйреп қыс келетін уақыт таяу.



Қант боп шыққанын көреміз

Ол не?

(Қызылша)

Алдыменен үзіп жеймін,

Бірте-бірте жүзін жеймін.

Тойғанымды сезінбеймін,

Тағы бер деп күлімдеймін.

Шекер ме екен, бал ма екен,

Салбыраған, тал да екен.

Атын тауып, дәл айтатын,

Бала, сірә, бар ма екен?

Ол не?

(Жүзім)

Саяжайдан көресің

Қурай десе сенесің,

Таңмен біпге таласып,

Тәтті жеміс тересің.

Ол не?

(Таңқурай)

Егіп, суарсаң есебі

Қара жерде өседі.

Үлкен-кіші қызыққан,

Айнымайды шұжықтан.

(Қияр)

Сырты сары,

Іші дәрі.

(Лимон)

Бұл не деген көк киім

Жетпіс қабат көк киім

Жаңбыр одан өтеді,

Қабат-қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді.

(Орамжапырақ)


Доп-домалақ сары,

Ішінде бар дәні.

Қызығасың көріп,

Оның аты-...

(Өрік)

Жапырақты тасалап,

Өсетін жері-бақша-бақ.

Күрең қызыл, шіркін-ай.

Оның аты-...

(Құлпынай)



Жұпар иісі- тамақтың

Дәмін білгізеді.

Сепкен кезде салаттың

Сәнін кіргізеді.

Ол не?

(Аскөк)

Көктемде танапқа себеміз,

Өнімін зауытқа береміз.

Домалақ дақылдың ағарып,

Жиып – теріп болатын,

Қамбаға астық толатын,

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

(Күз) Ол тоқ болса әрдайым,

Біз тойатын нан дайын,

Күзде ғана жем іздер,

Бұл не десең? ...

(комбайн)

Келеді үлкен алып аузын ашып,

Жүреді он екі аяқ қадам басып,

Әрбірінің отыздан бармағы бар,

Құтылмас ешбір адам мұнан қашып.

(Жыл, он екі ай)

Бір атасы бар,бір анасы,неше жүз мың баласы.

(Күн, ай, жұлдыз) Бір жерде он екі үй, әр үйде отыздан қой.

(Жыл он екі ай, отыз күн)

Күндіз ұйықтап,түнде жайылады.

(Ай)

Бір кісі үш жүз алпыс бес жас өмір сүріпті.

(Бір жылда 365 күн,12 ай ,48 апта.)




Сырты тастай қатты,

Дәні майдай тәтті.

Шағып қара таңдап,

Оның аты-.

(Жаңғақ)

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын. Биіктен қайта түскенде,

Өңі кірер даланың.

(Жаңбыр)

Алтын терек, он екі бұтақ,

Үш жүз алпыс бес жапырақ.

(Жыл, 12 ай, 365 күн)

Торғын көкте қара құс,

Іші толған шәрбат,

Дәмі қандай әйбат.

Үзесің бірден жүзін,

Оның аты-...

(Жүзім)

Бір сабақта көп түйме,

Жей алмайсың көк күйде.

Санап қара, қанша?

Оның аты-...

(Алша)





Аласа ғана бойы бар,

Қабат-қабат тоны бар.

(Орамжапырақ)

Гүлсіз миуа піседі,

Көп жесең тіл жарады.

Ай сияқты дөңгелек,

Бұл не,кім табады?

(Әнжір)

Сары қапта бір қап ұн,

Ұн ішінде бір ұстын.

(Жиде)

Күннен көзін алмайды,

Мойны бірақ талмайды.

(Күнбағыс)

Сопайған ғана бойы бар,

Қызыл мақпал тоны бар.

(Қызыл бұрыш)


Жер астында алтын қазық,

Ол баршаға болар азық.

(Сәбіз)

Бір анадан жүз бала,

Жүзі де боз бала.

(Жүзім)

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

(Пияз)


Кішкентай ғана құтша,

Іші толған мықша. (Анар)


Көк лағым көгенде тұрып семіреді. (Қарбыз)

Сусыз піскен ас көрдім,

Домаланған бас көрдім.

(Қауын)

Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар.

(Сарымсақ)

Бір мұраның қырық ұясы бар,

Қырық ұяда қырық мұрасы бар.

(Тары)


Жерден шығар көгеріп ,

Беліне қылыш байланып.

(Жүгері)


Асты тас, үсті тас,

Ортасында піскен ас.

(Жаңғақ)


Әрі қызыл ,әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты

(Алма)




Қыс

Желтоқсан – жылды аяқтайды, қыс мезгілін бастайтын ай. Астрономдардың пікірінше, нағыз қыс қысқы тоқырау күні – 22 желтоқсанда басталады. Халық қысты су қоймалары қатып, қар түскенде басталады деп есептейді.

Желтоқсан айында жер жылу алмайды. Қысқы күннің көлбеу сәулелері оны қыздырып үлгермейді. Өйткені күн көкжиектен аз уақытқа ғана көтеріледі. Айналаны аппақ қар басып, жануарлардың ізін жауып қалады. Қар неғұрлым қалың және үлпілдек болса, оның астында қыстап жатқан өсімдіктерге де соғұрлым жылы болады. Қар аз болса, топырақ та суық тартады.

Қаңтар – өзгелеріне қарағанда ең үскірік ай. Ол өзендер мен көлдерді мұзға айналдырып, терезе әйнектерін айшықты суреттер салады.

Ызғарлы, аязды қаңтар күндерінде тіпті қысқы тон киген аңдардың өзі індерінен шықпайды.

Жер, су, орман – бәрі қар жамылып, терең мызғымас ұйқы кешеді. Қар көрпенің астындағы өсімдіктер өмірдің тылсым күшін бойына сіңіріп, көктемге дейін жасырынып жатады. Салқынқанды жануарлар – қосмекенділер, бауырымен жорғалайтындар да ұйқыға кетеді. Кейбір аңдар да ұйқыға батқанды ұнатады. Мәселен, аюды, кірпіні немесеборсықты есіңе ал. Ал құстар мен сұтқоректілердың қаны аязда өздерін жылытады. Олар қыс бойы азық іздеумен уақыт өткізеді.

Ақпан – ең бір қарлы ай. Көктемге дейін әлі ұзақ уақыт бар, бұрқасындатқан қар мен үскірік аяздың қауқары қайта қоймайды. Қоштасқысы келмегендей қыс қарын үйіп-тогіп, боранын үдетеді. Көбінесе ақпан қыстың ең суық айы болыпкеледі. Түн мезгілінде бау-бақшаларда, саябақтар мен ормандарда қатты сықырлаған дыбыстар естіледі. Бұл – суықтан тырс-тырс жарылған ағаш діңдері. Сондықтан да ақпанның аязы сықырлауық деп аталып кеткен.

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

(Қыс)

Тікен-тікен тік пісте,

Қысы- жазы бір түсте

(Шырша)

Әуре болма теріп бекер,

Ұстай қалсаң, еріп кетер.

(Қар)

Алуан сурет салады,

Көргендер таң қалады.

(Аяз)


Гуілдейді,

Уілдейді,

Одан басқа,

Тіл білмейді.

(Жел)

Төгіліп жерге ақ моншақ,

Ғайып болды сол шақта-ақ.

(Бұршақ)

Көлге жапқан қақпақ,

Сіресіп тұр қатты-ақ.

(Мұз)



ЖАЗ

Маусым – жаздың бірінші айы. Пікірінше, нағыз жаз жазға тоқырау сымда басталады. Маусым айының басында айнала құлпырып шыға келеді. Табиғат көз тартатын әсем бояуларға енеді. Айнала жасыл желеке еніп, көгал гүлге толады. Орманға жан бітіп, жан-жануарлар ұяларынан шығады. Өзендер мен көлдер көгілдір тұнық келбетімен көз тартады. Кейбір жануарлар төлдейді.

Шілде – жаздың екінші айы. Бұл кезде жылу мен жарық мол болады. Шілдеде жеміс-жидектер пісе бастайды. Көгалда көбелектер қанат қағып, аралар ызыңдап, шегірткелер сайрайды. Аспан кейде түнеріп, жазғы жаңбырын селдетіп өтеді. Құстар сайрағанын тоқтатып, балапан басып шығады.

Шілде – ормандағы аналар үшін ең бір беймаза шақ. Жануарлардың өркен жая бастаған ұрпақтары іннен шығып, дала кезе бастайды. Өзендер мен көлдердің жағалауында майда шабақтар мен балықтар сайран салады. Кеңістікті мамыражай тыныштық басады.

Тамыз – жаздың соңғы айы. Жылы, кейде ыстық күндерге қарамастан, тамызда күздің белгілері біліне бастайды. Гүл жарған өсімдіктер көп кездескенімен, маусым мен шілдедегідей мол емес. Таңертең жер бетін дымқыл тұман басады. Жаз өзінің масайраған жасыл желегі мен гүлдерін, жылы күндерін өзімен бірге ала кетеді. Әбден пісіп жетілген жеміс-жидектер күн сайын көбейе түседі.




Түрі көркем тұр кілем,

Түгі жоқта кір кілем.

Жайы-жайы жай кілем,

Жайылып жатқан бір кілем.

(Көктемдегі жер)

Ақ түсті,

Көк түсті,

От түсті,

Тот түсті-

Төрт түсті жер үсті.

(Қыс, көктем, жаз, күз)

Айылындай аспанның

Бұл не көпір аспалы?

(Кемпірқосақ)

Алтын қамшы бұқтырады,

Дүние тік тұрады.

(Найзағай)

Қаласың аңырап:

Алып самұрық

Күнді тұтады,

Айды жұтады.

(Бұлт)

Қырдың арғы жағына

Қызыл кесе лақтырдым.

(Батқан күн)




Қыс болса құрып өрмегін,

Салады небір өрнегін.

(қырау)

Қанаты жоқ, ұшады,

Аяғы жоқ, желеді.

Аузы жоқ, ұлиды.

(боран)

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады.

(аяз)

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласақ,

Төріндемін үйінің.

(шырша)

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші, сен оны.

(Аққала)

Қол созсаң, ақ күміс

Алақаңға толады.

Ашып-жұмсаң, із-түссіз

Лезде жоқ болады?

(Қар)




КӨКТЕМ

Наурыз - көктемнің алғашқы айы. Күн көкжиектен асып,жерге нұрын төге бастайтын шақ. Қар ериді. Күні бойы еріген қар таңға қарай қатып,мұз қабыршағын түзеді. Қар бұрынғы аппақ қалпын жоғалтып, түйіршіктеніп, ауыр тарта бастайды. Алақұла жерлер пайда болады.

Сәуір – шөп басы қылтиып, шыға бастайтын көктем айы. Су мұз құрсауынан босап, ағаштар мен бұталар бршік жарады. Сондықтанда сәуір айы сулар сылдырап ағатын, жылу төгетін ай болып табылады. Мыңдаған қанатты құстар жылы жақтардан үйлеріне асығады. Бірінші болып ең соңынан ұшып кеткен құстар оралады.

Мамыр – көктемнің құлпыратын әсем айы. Мамыр айының әрбір күні бізді сарыла күткен жазға жетелейді. Күн жылынып, сай-сала суға толады. Көптеген жәндіктер тіріледі. Бұл мезгілде күнге қарай ұмтылмайтын өсімдік, ұя салмайтын құс болмайды.












Бұлтты айдай желдеткен,

Нөсерлеткен, селдеткен,

Шалшық кешіп ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

(Көктем)

Ағайынды бәрі

Шықса – жасыл,

Түссе – сары.

(Жапырақ)

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде,

Өңі кірер даланың.

(Жаңбыр)

Торғын көкте қара құс,

Ағылып ұшып барады,

Қағып екі қанатын,

Күннің көзін жабады.

(Бұлт)

Көктемде жерге бердім,

Күзде қайта тердім.

(Дән)

Қырға кілем жайдым.

(Қызғалдақ)

Күн күледі,жер түледі.

(Көктем)