СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары: "Киіз үй жабдықтары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Киіз үй жабдықтарымен таныстыру. Қазақ халқының тұрмыс-салтымен таныстыру

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: "Киіз үй жабдықтары"»

Ұйымадастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 07.11.14

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұйымадастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Киіз үй жабдықтары

Мақсаты: Киіз үй жабдықтарымен таныстыру.Киіз үйді ауа райынынң қандай жағдайында да пайдалануға болатындығын,киіз үй жабдықтары туралы айтып,балалардың есте сақтай білу қабілеттерін дамыту.Атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға баулу.


Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық



Сәлем Жер ана

Сәлем саған нұрлы күн

Аман есен болайық

Бейбітшілік қалайық.

Бәрі бірге амандасады


Ұйымдастыру-

шылық-

ізденушілік













Балалар менің қолымда қандай зат?

Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі,ауа алмасуы талапқа сай,жел дауылға көп шайқалмайды. Киіз үйдің негізгі қаңқасын сүйегі деп атайды. Олар : кереге,уық,шаңырақ,сықырлауық.(жарма есігі)

Шаңырақ: киіз үйдің уықтарын біріктіріп,еңсесін көтеріп,тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер .

Кереге: киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі.

Уық: кереге меншаңырақтың арасын ұстап,қосып тұратын сырық.

Киіз есік: сықырлауықты жауып,шаңырақ арқылы өткізіліп байланады.

Киіз есіктің сырты киіз,ортасы ши,астары жарғақ теріден жасалады.

Үй жиһаздары:

Абажа: тамақ пен ыдыс аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып,киізбен,былғарымен қапталған

Кебеже: сүр ет,құрт,шай салып сақтау үшін ағаштан жасап,өрнектеген үй жиһазы.

Әбдіре:зат сақтайтын үлкен сандық.Сырты қаңылтырмен әшекейленіп қапталады.

Ағаш төсек:жату үшін пайдаланатын үй жиһазы.

Асадал:тамақ пен ыдыс аяқ сақталатын кебеже.

Жастықағаш : ерте кезде жастықтың астына салатын ағаш тиянақ

Адалбақан: киім ілуге арналған үй жиһазы.

Жүк аяқ: үйде жүк астына қоятын ағаш зат.

Сандық: киім кешек,т.б.зат салуға арналған үй жиһазы.

Төсеніштер:

Алаша,киіз,сырмақ.

Тұскиіз сәндік үшін төсектің тұсына тұтатын үй бұйымы

Қоржын екі жағын тең етіп тоқыған зат салатын дорба.

Киіз үй











Сурет салады


Рефлексиялық- түзетушілік

Сұрақ жауап,сабақта алған білімдерін бекіту.

Сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтижесі:

Білу керек: киіз үй жабдықтарының білу

Білді: киіз ұйдің қазақ халқының тұрмысындағы пайдасын білу

Біледі: киіз үй жабдықтарын тұрмыста пайдалана білу.