СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары. "Мақал-мәтелдер"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы түсіндіру, мағыналарын ашу, ұғындыру. Сабақтың міндеттері:

- Сөздік қорларын молайту;

- Мақал-мәтелдер арқылы баланың ой-қиялын жетілдіру;

- Ой-саналарын өрістету;    

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары. "Мақал-мәтелдер"»

Сынып: 9 «В»

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты: Мақал-мәтелдер туралы түсіндіру, мағыналарын ашу, ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:

- Сөздік қорларын молайту;

- Мақал-мәтелдер арқылы баланың ой-қиялын жетілдіру;

- Ой-саналарын өрістету;


Сабақтың түрі: топтық жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдер: «Тізбектеу», «Бес жолды өлең», «Концептуалдық кесте»

стратегиялары.

Сабақтың формасы: жекелей, жұптық, топтық әрекет.

Сабақтың көрнекілігі: АКТ, жаңа сабақ бойынша сызба, мақал-мәтелдер жазылған плакат, таратпа кестелер, қиықшалар, бағалау парағы.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі,


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі .

1. Сәлемдесу.

2. Ауызекі сөйлесу: Кезекшімен, топпен.

3. Оқушыларды психологиялық дайындау (эмоциялық).


ІІ. Жаңа сабақ.

А). Сабаққа қызығушылықты ояту.

а). Сабақтың мақсатын айтамын. Жаңа сабақты сызба арқылы түсіндіремін.

Сызбаға мысал:


Мақал-мәтелдер


Халық даналығы




Тақырып




Отан


Өнер-білім


Батырлық, ерлік




Ынтымақ, бірлік



Өмір, жандүние,

тыныс-тіршілік




ә). Оқушыларды топқа бөлу. Балалар, қазір біз топқа бөлінбес бұрын, қима қағаздарды талдап шығайық. Осы талдау жұмысы арқылы топқа бөлінеміз. (Қима

қағаздарда әр түрлі тақырыпта мақалдар жазылған. Мысалы:1. Туған жер, Отан туралы. 2.Еңбек туралы. 3.Өнер-білім туралы. 4.Достық туралы. Әр тақырыпта жазылған мақалды тапқан әрбір оқушы мақалдың тақырыбы бойынша топқа бөлініп, топтық жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

А). Отан тобы (Отан оттан да ыстық)

Ә). Еңбек тобы (Еңбек түбі сары алтын)

Б). Өнер тобы (Өнер алды қызыл тіл)


Ә). Мағынаны тану сатысы. Жекелей, жұптық, топтық әрекет

а). Топтық жаттығу жұмыстары. (Міндеті: мақал-мәтелдер арқылы баланың ой-қиялын жетілдіру).


1-тапсырма. Оқушылар, берілген мақал-мәтелдердің тақырыптарын анықтайды. Мақал-мәтелдердің тақырыбын алдына- ала берілген кестеге тізбектеп шығады. Мақалдар интерактивті тақтада тұрады. «Тізбектеу» стратегиясы. Топтық жұмыс.

Кесте:

Мақалдар

Тақырыбы


Отан


Өнер


Білім


Батырлық, ерлік


Ынтымақ, бірлік


Еңбек


Мақалдар:

1. Ерлік білекте емес, жүректе.

2. Отансыз адам

Ормансыз бұлбұл.

3. Білікті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

4. Ырыс алды-ынтымақ.

5. Өнерлі өрге жүзеді.

6. Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарнын тілеңбей.


2-тапсырма. Оқушыларға берілген қазақша мақал мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тауып айтады. Орысша-қазақша мақал мәтелдер алдына-ала оқушылардың алдыңда жатады. Топпен жұмыс.

1. Балықшы балықшыны алыстан көреді. 1. Рыбак рыбака видит издалека.

2. Аз болса да, саз болсын. 2. Лучше меньше, да лучше.

3. Ердің атын еңбек шығарады. 3. Человека прославляет труд.

4. Темірді қызған кезде соқ. 4. Куй железо, пока горячо.

5. Өлгеніңше үйрен. 5. Век живи, век учись.

6. Көз қорқақ, қол батыр. 6. Глаза боятся, руки делают.

7. Еңбек етсең, емерсің. 7. Кто не работает, тот не ест.

8. Біреуге ор қазба, өзің түсерсің. 8. Не рой другому яму, сам упадешь.

9. Не ексең, соны орасың. 9. Что посеешь, то и пожнешь.



3-тапсырма. Оқушыларға өздері қалаған мақал мазмұнына сурет салдыру. Тапсырма флипчартқа орындалады.


Б). Ой толғаныс сатысы. (7 минут) «Бес жолды өлең» стратегиясы.

Келесі тапсырманың шарты. Берілген мақал-мәтелдерді аяқтау. Мақал-мәтелдердің басы берілген, оқушылар керекті сөздер арқылы жалғасын табады. Мақал-мәтелдердің басы интерактивті тақтада беріледі, керекті сөздер оқушылардың алдыңда жатады. Тапсырманы дәптерге орындайды.

1. Ер-елінде, 5. Отансыз адам

Гүл-... Ормансыз ... .

2. Бейнетсіз ... жоқ. 6. Отан ... да ыстық.

3. ... қанаты-ат. 7. Ырыс алды-... .

4. Еңбек түбі-... . 8. Шешен сөз бастар,.

Көптің түбі-... . Батыр қол ... .


Керекті сөздер: бұлбұл, оттан, мереке, бастар, ер, жерінде, береке, ынтымақ, рақат.


ІІІ. Тұжырымдау.    

«Концептуалдық кесте» стратегиясы . Мақал-мәтелдің мазмұнын түсініп, тақырыбын ашып, тану.

Берілген мақал –мәтелдің бірінші, екінші, не үшінші сыңарлары сіздерше қалай өрлеуі мүмкін?

Мысалыға:

... бала-.... бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала.


Кім? бала.

Қандай? әдепті, әдепсіз, сорлы, арлы

Антоним: әдепті-әдепсіз.


Оқушыларға:

Батыр ... ...,

Шешен ... ....,

Көсем .... .....


Кім? батыр, шешен, көсем.

Не? қол, сөз, жол.

Не істер? бастар

Идея – ерлік пен білімнің тақырыбы ұштасады.

Синоним: ер, би, дана.


Дұрысы:

Батыр қол бастар,

Шешен сөз бастар,

Көсем жол бастар.




ІҮ. Бағалау. (5 мин)


Оқушыларды бағалаймын, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтаймын.

Оқушылар топта бірін-бірі бағалайды. Әр топты мұғалім бағалайды.

Бағалау критерийлері:

«5» - берілген барлық тапсырмаларды белсене орындады, өз пікірін дәлелде жеткізуге және қазақ тілінде сауатты сөйлеуге барынша тырысты.


«4» - берілген барлық тапсырмаларды белсене орындады, бірақ кейбір пікірлері ұтымды болмады. өз пікірін қазақ тілінде жеткізуге барынша тырысты. Ауызекі сөйлеуде 1-2 қателер кетті.


«3» - берілген тапсырмалардың кейбірін ғана орындады. Белсенділік байқалмады. Пікір алмасқанда көбіне орыс тілінде сөйлеп отырды.


«2» - сабаққа дайын, алайда ешбір тапсырманы өздігімен орындамады, өз пікірімен бөліспеді, өз бетімен отырды.




Ү. Үйге тапсырма. (2 мин)

Қалаған тақырыпта 10-15 мақал-мәтел жаттап келу.