Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру, көктем мезгілімен таныстыру. Ұлттық ойындар,киімдер,ыдыстар,тағамдар жайлы әңгімелесу
Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: "Наурыз көктем мерекесі"»
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Наурыз- көктем мерекесі.
Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Шығыс халықтарының жаңа жылы екендігін түсіндіру. Наурызкөже ұлттық ойын түрлері, т.б. туралы айту. Ұлттық мерекеге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілктер: қазақтың салт-дәстүрі бейнеленген және ұлттық тағам түрлерінің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қарыңдаштар, желім, ватман.
Алдын ала жасалатын жұмыс: Наурыз мерекесі туралы фильмдер көру, суреттер қарау, қосымша әңгіме жүргізу. Шаттық шеңберге байланысты өлең жаттау.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық | 1.Педагог балаларды шенберіне тұрғызады. Дөңгелене тұрамыз, Керегені құрамыз. Уық болып иіліп, Шаңыраққа киіліп, Киіз үйді құрамыз. 2.Көктем мезгілі, көктем мезгілінде болатын мерекелер туралы сұрақтар қояды. | Шеңберге тұрып қимыл-қозғалыс жасайды Сұраққа жауап береді |
Ұйымдастырушылық ізденушілік | Балалардан Наурыз мерекесі, оның басқа мерекеден ерекшелігі, Наурыз мерекесінде өтетін ұлттық ойын түрлері мен ұлттық тағамдар, наурыз көже, мереке қонақтары, дәстүрі (ағаш отырғызу) туралы сұрақтар қоя отырып, мағлұмат береді. Теледидардан «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін көрсету. Ертегі желісі бойынша қосымша 2-3 сұрақ қояды. Педагог балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға әртүрлі тағамдардың суреттерін ақ ватманға жапсырып, әңгімелеп беруді (ұжымдық жұмыс), екінші орталықтағы балалрға мазмұнды суретке (тақырыпқа байланысты). Сергіту сәті Педагог сергіту сәтін ұйымдастырадыда балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп, балалардың орталықтағы жұмысын, әрекетін қадағалайды. Орталықтағы жұмыстардың аяқталғандығын айтып орындарына отырғызады | Балалар өткен жылғы Наурыз мерекесін еске түсіріп, өз тәжірибелеріне, Наурыз мерекесі туралы көрген бейнетаспалар мен суреттерге сүйене отырып жауап береді. Ертегі бойынша қойылған сұрақтар арқылы жыл басын анықтайды. Бірінші орталықтағы балалар ұлттық тағамдардың суретін іріктеп алып, дастарқан бейнесі салынған ақ қарап әңгіме құрастыру тапсырылады. |
Рефлекциялық-түзетушілік | Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. | Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін айтады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Наурыз- шығыс халықтарының Жаңа жылы, наурыз достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі; наурыз көже пісірілетіндігін, бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызу керектігін, ұлттық ойын түрлерін.
Білу керек: дастарқанның басты асы- наурызкөже, Наурыз мерекесіндегі ақсақалдардың батасы және оның ерекшелігі; наурыз айтысы; Ұлыстың ұлы күні адамдардың бір-біріне деген жақсылық тілегі, ұлттық көкпар, күрес, қыз қуу ойындарын.
Білді: Наурыз мерекесіне қалай дайындалу керектігін, ұлттық тағамдар, наурыз көже.