Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары. Тақырыбы: Құстарға көмектесеміз»
Мұғалім: Шынтемір Меруерт Дәулетбекқызы
Ашық сабақ тақырыбы: Құстарға көмектесеміз.
Сынып: 6
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тақырып аясында жаңа сөздерді және мәтін мазмұнын меңгерту.
Дамытушылық: тақырыпты болжай білуге дағдыландыру, сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: құстарға қамқор болуға, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құрай алады, тірек сөздер арқылы болжам жасай алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): мәтін мазмұнын толық түсінеді, Әлібекті және оның іс-әрекетін сипаттай алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): мәтін бойынша өз көзқарасын білдіре алады.
Негізгі түсініктер: кенет-вдруг, внезапно, жақындау-приближаться, қашу-убегать, аяу-сжалиться, щадить, қону-садиться, приземляться, дірілдеу-дрожать, қанат-крыло, крылья птиц, байлау-завязывать.
Оқыту әдістері: ой шақыру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, болжау, Хикая картасы, төрт сөйлем тәсілі. .
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Сабақтың барысы:
Тапсырма | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Оқушыларды орындарынан тұрғызамын, сәлемдесемін. Сабаққа зейіндерін аударту. Оқушыларды түгендеймін. «Көңіл-күйді анықтау» тренингі негізінде оқушылар көңіл-күйлерін айтады. | |
Үй тапсырмасын тексерту | Үй тапсырмасын тексеремін. Кемшіліктерді анықтаймын, түзетемін, бағалаймын. Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. | |
Қызығушы-лықты ояту | Балалар, бүгін қай күн? Аптаның қай күні? «Ой шақыру» әдісін пайдалана отырып, тақырыпты болжату. Оқушылар берілген суреттер бойынша тақырыпты анықтауға тырысады. Осылайша тақырыппен таныстырамын. | суреттер |
Мағынаны тану | 1. Сөздікпен жұмыс. А) жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Сөз, сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырады. | |
| Мәтінді болжату. Оқушылар берілген тірек сөздерге сүйене отырып, мәтіннің мазмұнын болжап көреді. Тірек сөздер: Әлібек Құс Қыс мезгілі Көмек көрсету | |
| Мәтінмен жұмыс. А) Оқулықтың 94-бетінде берілген мәтінді өз беттерімен оқыттыру. (3 минут). Мәтін бойынша сұрақтар қоямын. Мәтін кім туралы? Ол жолда нені көрді? Әлібек не істеді? Торғайға не болды? | Оқулық, аудио |
| Мәтін бойынша тапсырмалармен жұмыс. Топтық жұмыс: 1-топқа тапсырма: Хикая картасын сызады. 2-топқа тапсырма: Іс-әрекеттерді ретімен дұрыс жазады. | А4 парағы, суреттер |
| «Дұрыс немесе бұрыс». Аты аталған оқушы орнынан тұрып, іс-әрекеттің дұрыс немесе бұрыс екендігін айтады. Іс-әрекет | Дұрыс | Дұрыс емес | Әлібек сабаққа бара жатты. | | | Кенет жолда кішкентай торғайды көрді. | | | Торғайдың аяғы сынған екен. | | | Әкесі торғайдың сынған қанатын байлады. | | | Бес аптадан кейін қанаты жазылды. | | | | кесте |
| Жеке және жұптық жұмыс. Диалог. Әр оқушы мәтін мазмұны бойынша өздері жеке 2 сұрақтан құрастырады. Бір оқушы шығады, екінші топтан бір оқушыны шақырып, сол оқушымен сұрақ алмасып, диалогке түседі. | |
Бекіту | Төрт сөйлем тәсілі. Әлібек қандай бала? деген сұраққа өз көзқарастарын жазып, дәлелдейді. Әлібек ... бала Себебі ол .... Мысалы ..... Сондықтан ..... деп есептеймін. | дәптер |
Бағалау | Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды. | |
Үйге тапсырма | 9-тапсырма. Суретке қарап, мәтін құрап жазу. | |