СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары: "Ұлдар мен қыздар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға ұлдар мен қыздардың айырмашылығын көрсету, тілдерін дамыту, бір-бірімен қарым қатынасын қалыптастыру.Денсаулықтарын нығайту.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: "Ұлдар мен қыздар"»

Ұйымадастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 03.11.14

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымадастырылған оқу іс-әрекеті: Валеология

Тақырыбы: Ұлдар мен қыздар

Мақсаты:балаларға ұлдар мен қыздардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету.Бір бірімен қарым қатынастарын қалыптастыру және дамыту. Адамның денсаулығын сақтап,нығайтудағы көңіл күйдің тигізетін әсері жайлы білімдерін қалыптастыру.


Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық



Сәлем Жер ана

Сәлем саған нұрлы күн

Аман есен болайық

Бейбітшілік қалайық.

Бәрі бірге амандасады


Ұйымдастыру-

шылық-

ізденушілік













Балалар қараңдаршы сендер бір біріңмен қалай ерекшеленесіңдер?

Барлық адамның дене құрылысы қолы,аяғы,көзі,құлағы т.б.болады. Бірақ әр адамның көзінің,шашының,мұрынының пішіні әр түрлі болады. Әр адамның өзіне тән мінезі,шығармашылық қабілеті мен таланты болады. Әр адам қайталанбас жеке тұлға.

Адамдар әйел,еркек,қыз,ұл болып бөлінеді.

Ал енді бір қыз бен бір ұл айнаның алдына келіп өздерін сипаттасын.

Қыздар өте нәзік болады. Олар көйлек киеді,,бұрымы болады,сәндік заттар тағады. Ал ұлдар қыздарға қарағанда күшті,иықты,денелі келеді,шаштары қысқа,дауыстары жуандау болады.

Балалар мысалы бізде бұршақ дәннен өседі,ал сендер өскенде кімге айналасыңдар.

Бұршақ дәні,гүлдейді(жеміс береді) солады

Бала,бозбала,еркек(әке) ата

Қыз,бойжеткен,әйел(ана) апа

Ұлдар мен қыздардың ойыншыққа деген талғамы да әр түрлі болып келеді.Қыздар немен ал ұлдар немен ойнайды?

Отбасында да әйел адам мен ер адамның атқаратын жұмыстары әр түрлі. Қане олардың атқаратын жұмыстарын еске түсірейікші.

Қандай мамандық ер адамдікі,қандай мамандық әйел адамдікі екенін де ажыратуға болады.

Ұлдардың ең басты міндеті денсаулығы мықты,күшті болып өсу,себебі ол туысқандарын әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан қорғауы,нәзік жандар аналар мен қыздарға қамқор болуы керек. Ұлдар қыздарға күш көрсетпейді.

Ал қыздардың ең басты міндеті дені сау,бақытты болып өсу,өйткені жақсы ұрпақты тәрбиелеп өсіруі тиіс.

Бізге дәрігер Салауат ашықхат жіберіпті.Қазір мен сендерге соны оқып берейін. «Ертеде бір қалашықта Күлкі мен Ашу өмір сүріпті.Күлкі өте ақкөңіл,сүйкімді,қайырымды болыпты,барлық адамдар оны өз үйінде көргенде қуанады екен. Оны бәрі қонаққа шақырып,достасуға тырысады. Күлкі қай жерде болса,сол жерде күн нұрын шашып,құстар ән салып,төңіректің бәрі көріктенеді екен. Ал Ашу болса,өз өзінен ашулы,ешнәрсеге көңілі толмай жүреді екен. Ол болған жерде бәрі жоғалып кетеді екен.Ешкім көңіл көтеріп күлмейтін болыпты.» Ал енді сендер маған Ашу мен Күлкіні ишарамен көрсетіңдерші.

Сендер аналарыңмен бірге үйдесіңдер.Аналарың бүгін көңілсіз және әбден шаршаған кейіпте. Біз анамыздың көңілін көтеру үшін,алдымен күліп,оны құшақтап және өзінің күлуін сұрауымыз керек.

Сендердің күлкілерің әсіресе ата әжелеріңе үшін өте қажет,сондықтан көбінесе солармен қарым қатынас жасау керектігін естен шығармаңдар.

Күлкі бұл өз көңіл күйіңе,жақын адамдарыңның жүрегіне жол табатын құдіретті кілт.

.








Өздерін сипаттайды.










Қыздар қуыршақпен ал ұлдар машинамен ойнайды

Әйел адам кір,ыдыс,сәкі жуады,тамақ пісіреді. Ал ер адам аула сыпырады,дала жұмыстарын атқарады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Әр адам қайталанбас жеке тұлға.Әр адамның өзіне тән мінезі,шығармашылық қабілеті және таланты болады. Адамдар жынысына қарай еркек әйел,ұл қыз болып бөлінеді. Қоғамда еркек пен әйелдің рөлі әртүрлі болып бөлінеді.Адамдар әрдайым күлімдеп жүру керек. Сәлемдескенде күлімде.Әдемі тіс күлкі ажары екенін ұмытпа.



Күтілетін нәтижесі:

Білу керек: қыздар мен ұлдардың айырмашылығы мен ұқсастығын.

Білді: адамның денсаулығын сақтап жүру керектігін

Біледі: көңіл күйдің тигізетін әсері жайлы,күлкі туралы мәліметті.