- Әңгiмелеу
Мұғалім сыйы
Жақсылық
Бұрынғы заманда бір кедей өмір сүріпті. Жанұясын асырау оған қатты қиынға соғатын. Бірде ол тау басында жүріп, құлынды тауып алады. Құлынның иесі табылмағандықтан, ол оны өзіне қалдыруға шешім қабылдады. Барлық ауыл адамдары оның бұл олжасы туралы айтып, енді оның жұмысы алға басатыны туралы бірі қызыға, бірі қызғана айтатын болды. Шынымен бұл құлын жаңа иесіне шаруашылықта көп көмегін тигізді.
Күндердің күнінде кедейдің жеті жасар ұлы тайға мініп алып, ойнап жүреді. Кенеттен бір нәрседен шошынған тай шауып ала жөнеледі. Бала тайдан құлап, қатты жарақат алады. Ата-анасы балаға ұзақ қарайды, аман қалмайды деп ойлайды. Бала күндер өте жазылғанымен, өмір бойы мүгедек боп қалады. Енді ауыл адамдары тайды қарғап, кедейге жанашырлық білдіріп жатады.
Арада 10 жыл өтеді. Хан көрші елге соғыс жариялап, барлық аймақтағы ер-азаматтарды соғысқа шығуға бұйрық береді. Айылдың барлық ер адамдары соғысқа аттанып, ата-аналары қайғыға батады. Тек қана мүгедек жігіт соғысқа шақырылмайды. Соғысқа кеткен азаматтардың ешқайсысы аулына оралмайды.
Сөйтіп кедейдің бір кездерде тау басында тауып алған құлыны оның баласын аман алып қалады.
Сұрақтар:
- Бұл аңыз әңгіме нені меңзейді?
Құлынның балаға тигізген зияны неге әкеліп соқтырды?
- «Қандай да бір істің бастауы жақсылыққа апарады» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сіздердің өмірлеріңде осындай жағдай кездесті ма?
- Әкенің орнында не істер едіңіз?
|