СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сал серінің өмір жолы" ғылыми жоба

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Иманжүсіп Құтпанұлының өмір жолы жайнда зерттеу жұмысы

Просмотр содержимого документа
«"Сал серінің өмір жолы" ғылыми жоба»












Ең үздік реферат

Алишер Данагүл Бағдатқызы

Тақырыбы: Сал серінің өмір жолы






























Жоспары:


1.Кіріспе;

2. Негізгі бөлім;

3. Қорытынды;

4. Пайдаланған әдебиеттер.







































Кіріспе


Иманжүсіп Құтпанұлы (1863, Павлодар облысы, Ақсу ауданы – 1929, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы) – халық композиторы, әнші, ақын, батыр, күрескер.

Атасы Тұрғанбай датқа (1804 – 1850) Түркістан қаласы маңындағы Шілік өңірінің биі болған. Әкесі Құтпан Кенесары Қасымов көтерілісіне қатысқан. Иманжүсіп жас кезінен-ақ жырға, шешендік сөзге құмар болып, сал, серілер дәстүрін ұстап, саятшылық құрып, палуан атанады. Иманжүсіп суырып салма ақын, әнші болған. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта шырқаған. Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл-кеңес берген, оған өлең де арнаған. Патшалық Ресей өкіметінің қысымына шыдамаған Иманжүсіп 19 ғасырдың аяқ шенінде Ақмолаға келеді. Мұнда да әкімдердің зорлығына, әділетсіздігіне шыдамай, оларға шығарған өткір өлеңдерін айтады. Жалған жаламен тағы да қуғынға түседі. 1905 – 12 жылдары Өскеменге, 1914 жылы Жетісуға жер аударылады. Шұбарағаш, Ойжайлау, Лепсі, Қапалда тұрып, бірнеше рет жауапқа тартылған. Иманжүсіп 1913 жылы атамекеніне оралып, Сырдария губубернясының Шиелі болысына қоныстанған. Кеңес дәуірінде тағы да қудалау көрген Иманжүсіп Сарысуға көшіп, 1930 жылы 20 желтоқсан күні тұтқындалған. 2.3.1931 ж. ОГПУ жанындағы үштіктің шешімімен атылып, 1990 жылы толық ақталған. Иманжүсіп – Жаяу Мұса, Мәди сияқты әділет, теңдікті жырлаған күрескер әнші. Оның кең ауқымды әндері Арқада, Жетісуда кең таралған. “Сарымойын”, “Бұғалы мен Тағалы”, “Ішім өлген, дүние-ай, құр сыртым сау”, “Әкем Құтпан болғанда, ағам Шонай”, “Қысырақтың үйірі жирен ала”, “Мен қалайша жалғанда тұрақтайын”, т.б. әндері өр үнді әншінің азаматтығын танытады. Оның әндерін Александр Викторович Затаевичке Қ.Байжанов, Қ.Байсейітов, И.Байзақовтар нотаға түсірткен. Затаевич Иманжүсіптің бірнеше әндерін жазып алып, “Қазақ халқының 1000 әні” атты жинағына енгізген. Соңғы жылдары Иманжүсіптің жаңа әндері де табылып отыр. “Сейфүл-мәлік”, “Сарыарқа” (4 нұсқасы), “Сарыбел”, “Ерейментау” (2 нұсқасы), “Болған жастан” (2 нұсқасы), т.б. әндері әр жылдарғы фольклорлық экспедициялар кезінде жазылып алынған. “Сармойын” әні Е.Г.Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында (Бекежан ариясы) пайдаланылды. 2001 ж. жарық көрген “Иманжүсіп” (авторы Р.Көшенова) атты кітапқа Иманжүсіп әндері толық енгізілген.

Қазақ даласына заманында атақ-даңқы дүркіреген батырлардың бірі Иманжүсіп Құтпанұлы еді. Ежелгі әулеттің асыл нәсілі болған Иманжүсіп ел азаттығы үшін арпалысып өткен. Ел жанашырларының бірі болған Иманжүсіп еліне деген сүйіспеншілігін өлең жолдары үшін қуғындалғанынан білуге болады. Сал-сері жайлы толық мәліметті кез-келген жерден кездестіре бермейсің. Оның «Сарымойын», «Ерейментау», «Сарыарқа», «Сарыбел» өлеңдерінде еліне деген махаббаты мен сағынышы (айдалып жүргенде) көрінеді. Өмірдің қиыс-ойысын көрген композитор «Ақмола» түрмесінде де болған. Халықтың қалаулысы бола білген Имекең шамасы билікке ұнамаған сыңайлы. Жоғарыда айта кеткенімдей асыл әулеттің тұқымы Иманжүсіп естеріңізде болса, XVIII-XIX ғасырдың аты шулы датқасы – Тұрғанбай болатын. Әкесі – Баймырза, яғни, Құтпан Кенесарының ұлт азаттық соғысына бастан-аяқ қатысқан.

Сонымен, Тұрғанбай Иманжүсіп Құтпанұлы өмірінің соңына дейін азаттық үшін күресіп келген әнші, ақын,халық композитор, сал-сері, батыр һәм «зар заман» ақыны.

Негізгі бөлім

Тәуелсіздік жолындағы халқымыздың күрескер ұлдарының есімін атағанда да, 30-жылдарғы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ауызға алғанда да Иманжүсіпті аттап кете алмаймыз. Ел жадында болса да, ірі тұлғаның терең зерттелмеуіне оның ұзақ уақыт бойы ресми ақталмауы себеп болды. Атам Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, 1992 жылдың маусым айында ғана толық ақталды. Бірақ Иманжүсіп ақталмай тұрған кезде де, ғалымдар тарапынан нақ¬ты зерттелмесе де, ол ел жадынан шық-қан жоқ. Оған атамның өмірі мен шығармашылығын зерттеуге бел буған кезімде көзім анық жетті. Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарын аралаған кездерімде Иманжүсіпке деген елдің ынтызар көңіліне куә болдым. 90-жылдары оның көзін көрген кісілердің біразы әлі арамызда жүр еді. Солардың таңды таңға ұрып айтқан әңгімелерін жазып алдым. Атамның ел жадында жаңғыра беретініне оның ерекше мінездің, жігердің, жүректің және өнер¬дің адамы болғандығынан деп ойлаймын.

Азаттықты аңсаған халықтың біртуар ұлдарының барлығы бірден көтеріліске шыққан жоқ. Көтеріліс – халықтың ашу-ызасы тарихи пісіп-жетілгенде сыздауық жарасы секілді жарылатын құбылыс. «Ноқтаға басы сыймаған» ұлдардың отаршылдыққа, заманның әділетсіздіктеріне көрсеткен қарсылығы әртүрлі көрініс тапқан. Ол Иманжүсіптің: «Тумай жатып өш болды маған болыс, Аударылды сол үшін та¬лай қоныс. Сатырлатып сабаушы ем шеттерінен, Мынау ояз демеуші ем, мынау болыс!..» – деген өлеңдерінен де байқалады. Атам нағыз дала рыцары, даланың серісі, көкжалы болған. Ол осындай жаратылысынан Қазан төңкерісіне дейін де, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де қуғындалды. Оның көзін көргендер 2 метр 10 сантиметр бойы бар ерекше ірі тұлғасын, сәнді киім киісін, өжет мінезі мен тамаша әншілігін тамсана айтатын.

Иманжүсіп пен оның атасы, әкесі туралы алғашқы деректі Әуелбек Қоңыратбаев берген болатын. Автор онда Қоқан хандығы тұсындағы Түркістан билеушісі Тұрғанбай Сіргебаевтың ата-тегін, оның баласы, Кенесарының серігі болған Құтпан Дайрабаевтың, немересі Иманжүсіптің тарихын баян етеді. Кеңірек айтсақ, Иманжүсіптің атасынан бастап, әкесі, өзі – үш ұрпақ халқының азаттығы үшін көкжалдай күресіп өткен. Атасы Тұрғанбай датқа Қоқан хандығына қарсы азаттық қозғалысын бастап, Түркістан шаһарында қазаға ұшырайды. Ел аузынан жеткен әңгіме¬лерге қарағанда, Тұрғанбайға қарасты қыпшақтарды қоқандықтар көгенге байлап бауыздаған, датқаның үстіне ыстық су құйып өлтірген. Қоқан әскерлері Тұрғанбай ауылын шапқанда, оның әйелі Малбике үш жасар баласы Баймырза мен бес жасар қайнысы Басығараны алып қашады. Әбден қалжыраған әйел қайнысын жетектеп, өзінің ұлын жолдың шетіне отырғызып кетеді. Ауылға әзер жеткен әйелдің сілтеуімен іздегендер баланы таппай қалады. Бұл кезде Арқаға бара жатқан керуеншілер жол шетінде шырылдап жатқан баланы алып кетеді. Оны Дайрабай деген кісі асырап алып, атын Құтпан деп қояды. Сол Құтпаннан Иманжүсіп туады. Менің атам осындай тағдырлы да жан болған. Ал әкесі Құтпан Дайрабайұлы – Кенесарының ұлт-азаттық соғысына бастан-аяқ қатысқан адам.

Ендігі мақсатымыз елдің есіне Иманжүсіпті қайтадан жаңғырту. Қазіргі кезде оған көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Мысалға алатын болсақ, батырдың немересі Көшенова Раушан Нұрханқызының қазіргі күні атқарылып жатқан жұмыстары, ақынның құрметіне музей ашылатыны, өлеңдері кітаптарға енгізіліп жатқандығы, 2013 жылы ақынның 150 жылдығы аталып өткендігі, Иманжүсіптанушылардың көбеюі т.с.с. соған дәлел. Әлдеде, ақын өмірін насихаттау.

Бұрын-соңды ешқандай ғылыми-танымдық яки әдеби нұсқаларда Иманжүсіп жайлы нақты, мардымды жазбалар жоқтың қасы. Елдегі көнекөз қариялар мен ұрпақтарынан дерек алу арқылы, олардың шындыққа қаншалықтығы жанасымдылығын салыстыру негізінде алға қойған мақсатымның негізін пайымдадым. Тарихи мәліметтер, көне жазбалардан, ұрпақтарының қарашықтай сақталған мәліметтері ғана көмектесіп отыр десек те болады. Материалдар С. Торайғыров атындағы университетінің Е. Бекмаханов атындағы «Өлкенің тарихы мен этнографиясын зерттеу орталығында» Кереку- Баян кітапханасынан «Иманжүсіп Құтпанұлы» кітабынан, Раушан Нұрханқызының «Ерлік пен намыс жыршысы» атты кітабынан, «Айтылмаған іштегі мұң..» жазбасынан, Раушан Нұрханқызының жеке мұрағатынан, Әубәкірдің кіші ұлы Ерғалидің, Ақшинеева Гүлфия Хикметқызының әңгімелерінен, Александр Затаевичтің, Абдильда Тажибаевтің, Кажымұқан Мұңайтпасовтың, Қасым Аманжоловтың, Әуелбек Қоңыратбаевтың, Зейтін Акишевтің, Әбиш Кекілбаевтің, Оралхан Бөкеевтің, Шерхан Мұртазаның Иманжүсіп туралы жазған деректерінен, Ғалым Жайлыбай, Серікзат Дүйсенғазы, Кеңшілік Мырзабеков, Мансұр Бекежанов сынды т.с.с. тұлғалардың Иманжүсіпке арнаған өлеңдерінен, көнекөз қариялардың әңгімелерінен алынып отыр.

Мені қызықтырып елеңдеткен жағдай Иманжүсіптің Сәкенмен достығы. Айтылған әңгімелерге қарайтын болсақ, біреулер олардың әкелері дос болған, әкелерінің достықтарының арқасында шынжыр байласқан лесе, енді біреулер Аягөзде болатын жәпмеңкеде жиі кездесіп қалып жүріп, дос болып кеткен дейді, ал басқалары бірге ұлт азаттығы үшін күресіп жүргендерінде бірге түрмеде болған деседі. Бірақ, шындыққа жанасымдылығы және көпшіліктің айтуы бойынша жәрмеңкеде кездесетін екен.

Тағы бір толғандырған жағдай Иманжүсіптің басым өлеңін өртеген екен, ал біз үшін жеткендерінің тарихы мүлде қызық. Әубәкір-Бәтеннің кіші ұлы Ерғалидің әңгімесінде «Атам кейде қонышты етіктің бір жерінен қара былғарыдан жасалған бір «кумажниктің» ішінен сарғайған бірнеше параққа бөлінген қағаздарды кептіріп, қайтадан тігіп қоятын. Атам сонда «Кумажниктің ішінде Иманжүсіп дегн нағашымнаң өлеңдері бар, сақтап жүрмін, ешкімге айтушы болма, біреулер біліп қойса мені соттайды, тыйым салынған...» деп бір әңгімесінде айтқан еді. Иманжүсіп ақын жайлы мен 2014-2015 оқу жылында жазып,жинақтауды бастаған болатынмын. Оған себеп болған жағдай біріншіден, қызушылығым, екіншіден, Көшенова Раушан Нұрханқызының мектепке келіп Иманжүсіптің 150 жылдығына концерт ұйымдастыруы еді. Өмір жолын айтқанда, өлеңдерін оқығанда шабыт оянған болатын. Сол кезден бастап Иманжүсіптің өмірін зерттеймін деп шештім. Сырға толы ақынның өмірін толығымен зерттеу мүмкін емес болса да, «асыл қылыш қап түбінде» жатпайды емес пе?!

Кезеңдеріне келетін болсам: 1. Ақын өміріне жалпы шолу жасаймын. Иманжүсіпті білетіндер де, білмейтіндерде бар. 2. Өлеңдерін, әндерін музыка тарих сахнасына қайтадан жаңғарту. Әрине, композитордың аты өшкен емес, өшпейді де. 3. Әдеби кітаптардың парақтарынан көрсету. Бұл қазіргі және келешек ұрпаққа Сарыарқанының жолдарымен кім жүріп өткендігі туралы көрсету. Талаптану әрине, өз жемісін береді.Ақын-жазушылар мен философия, филология ғылымдарының докторлары, талай тарихшылармен тілдесуімнің маңыздылығы осы болып отыр. Аз да болсын нәтижелерге қол жеткізіп келемін. Алынған материалдарды сараптай келе, олардың өзара байланысы, бір арнаға саятындығы байқалды. Сыр мен мұңға толы ақынның ғұмыры қай зерттеушіні болмасын қызықтыратыны анық.

Иманжүсіп ақынынның туған жеріне барып қайттық, ондада аз да болсын мәліметтер алдық. Шымкент, Павлодар қалаларындағы сал-серінің басына қойылған ескерткішті көріп қайттым. Ақынның 50 жылдай мекен еткен жері Жібек жолы ауылының тұрғындарына қандай адам тұрғаны жайлы және киелі мекен екендігі жайлы көздерін жеткіздік. Ең маңыздысы «Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебінің» оқушыларына өздерінің қара шаңырақ иелері екенін түсінді.

Қорытынды

Танымдық еңбегімді абстрактылы түрде тарқата келіп зерделі байлам жасар болсам, XIX-XX ғасырдың ағымында өмір сүрген ақынның болған жерлері, өлеңдерінің негізіне айналған Ерейметау, Сарыбел, Сарыарқа сағынышын көрсетеді. Елінің алдында тұлғасымен, сал-серілігімен көзге түскен мәшһүр ардақты арыстардың бірі ретінде де алдағы күндерден өз бағасы мен биігін күткен өз заманының жұлдызды жауһары іспетті іргелі, кешенді зерттеу керек ететін елеулі де еңселі бейне.

1960 жылы Иманжүсіптің ісі қайта қаралған болатын. Тек 1990 жылы ғана толығымен ақталып шықты. Тек сол кезден бастап Иманжүсіп тану ілімі кіре бастады. 2001 жылы ең алғашқы толық өлеңдері тіркелген кітап жазылып шықты. Көнекөз қариялар мен ұрпақтардың һәм көне жазбалардың арқасында зерттеу жұмысымды қорытындылай келе Иманжүсіп Құтпанұлының елге сіңген ерен еңбегі мен ержүректілігінің астынан қызыл жолақ жүріп өтемін.

Иманжүсіп туралы Берік Жүсіпов былай деген екен: «Иманжүсіп – өз құндылығын білген қазақ мәдениетінің, тарихының көрнекті қайраткері. «Сарыарқа», «Сарымойын», «Сарыбел», «Әкем Құтпан», «Бұғылы-Тағылы», «Ерейментау», «Сейфіл-Мәлік» т.с.с. әндері халықтың қазынасына енген, адам мүмкіндігінін шексіздігін көрсететін алтын адам.

Қазіргі және өткен ұрпаққа ақынның жарқын әрі қайғылы тағдыры, оның еркіндігі мен рухшылдығы пір тұтуға лайық»






























Пайдаланған әдебиттер тізімі:


1. «Иманжүсіп Құтпанұлы» - «Өлкенің тарихы мен этнографиясын зерттеу орталығы» 2003 жыл

2. «Айтылмаған іштегі мұң» Зүлфия Хикметқызының естеліктері 1992ж

3.Ерлік пен намыс жыршысы Көшенова Раушан 2016 жыл

4. Көшенова Раушанның жеке мұрағатынан

5. KAZtube ғаламтор.









8