“№5 Шарбақты арнаулы жалпы білім беру мектеп-интернаты”ММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы
«Салт - дәстүр – асыл қазына»
Тәрбиеші: Абельдинова Г.З.
2017 оқу жылы
Қосымша: Тәрбие сағатының тақырыбы: «Салт - дәстүр – асыл қазына»
Тәрбие сағатының мақсаттары:
Білімділік: білім деңгейін көтеру, жетілдіру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды жан-жақты білімді болуға, салт-дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, қонақ қарсы алуға, ұқыптылыққа, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: ата мұраны, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, этика-эстетикалық талғамдарын арттыру, дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.
Арнаулы: Оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
Пайдаланылатын көрнектілер:
Суреттер, нақыл сөздер, дидактикалық материалдар, деңгейлік тапсырмалар,төсбелгілер, интерактивті тақта
Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелесу, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіздерме!
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Өнерлі халық - өміршең халық, қазақтың әдет ғұрпына бағытталған «Салт - дәстүр – асыл қазына» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Сіздер екі топ болып отырсыздар сол себептен
1 топ -Абай ауылы болады; Шыңғыс, Сережа, Махаббат.
2 топ -Ыбырай ауылы болады; Мұрат, Камила, Салима.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды қазақтың салт – дәстүрлерінің бірі Амандасу дәстүрінен бастайық. Халқымыз амандық сұрауға, сәлем беруге ерекше мән берген. Сол себептен ата-ана баланы жасынан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулыған. Амандасудың, сәлем айтудың астарында адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласы, құрметі, сыйластығы жатыр. Сондықтан екі ауыл (топ) бір-біріне сәлем Салем беріп болсақ орнымызға жайғасамыз.
Екі ауылға бір бір тойбастардан беріледі. Ішіндегі заттарды сабағымызда қолданамыз
ІІ. Тақырыпты ашу сұрақтар:
— Салт-дәстүрді дегенді қалай түсінесің? Дәстүр латынша жапсыру, жалғастыру-тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және өнегелі өнер болып табылады.
— Халқымыздың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?
Салт – дәстүрлердің түрлері.



Отбасылық
Діни әдет- ғұрыптар
Маусымдық халықтық мерекелер



Ырымдар 1. Үйлену тойы 1. Жалпы халықтық тойлар
мен 2. Бала тәрбиелеу 2. Кәсіптік мейрамдар
нанымдар дәстүрлері
3. Жерлеу салты
Діни рәсімдер
мен мейрамдар
Діни рәсімдер. Намаз оқу, ораза ұстау, зекет- садақа беру, қажыға бару.
Діни мейрамдар. Ораза айт, құрбан айт
Жалпы халықтық тойлар. Наурыз мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой
(мизам), Соғым басы.
№1 айналым.
Әр оқушыға жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Берілген сөздердің мағынасын ашады. “Тобымызға үлес қосу үшін белсенділік көрсету”
Байғазы (дәстүр)- балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый. (Шыңғыс)
Амандасу (дәстүр)- Халқымыз амандық сұрауға, сәлем беруге ерекше мән берген. Сол себептен ата-ана баланы жасынан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулыған. Амандасудың, сәлем айтудың астарында адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласы, құрметі, сыйластығы жатыр. (Салима)
Шашу (дәстүр)-Тойда, мерекеде ақ жаулықты аналар шашу шашады. Ол қуаныштың белгісі. Шашуды кәмпит тәрізді тәттілерден де, күміс теңгелерден де шашуға болады. Жаңа түскен келін табалдырық аттарда да шашу шашу – қалыптасқан дәстүр (Сергей)
Сүйінші сұрау (дәстүр)-Әйелі, келіні, қызы бала туғанда күйеуіне, ата-әжесіне, әке-шешесіне қуанышты хабарды жеткізіп, сүйінші сұрайды. Жоғалған малы, заты, ертеректе адасып қалған туған-туыстары табылғанда да сүйінші сұрап, қуанышын бөліседі. Сүйіншіге жақсы хабардың маңызына қарай әртүрлі бағалы заттар, мал, ақша беріледі. (Мұрат)
Бауырына салу (дәстүр)-Ата, әжесі немересін уақытша тәрбиелеуге алса, оны «бауырына салу» деп атайды. Ол бала ержеткен соң әке-шешесіне барады немесе сол шаңырақта қалып қояды. Қазақта ата, әжесінің бірінші немересі солардың баласы деп есептеледі (Камила)
Тәбәрік (дәстүр)- Көп жасаған кісілер қайтыс болғанда туған-туыстары тірі кезінде тұтынған заттарын бөлісіп алып, оны киелі санайды. Бұл – тәбәрік алу. (Махаббат)
№2 айналым.
Екі топқа сұрақ таратылып беріледі кезектесіп жауап беру.
А) Қазақтың ұлттық киімдерін атаңыздар(1-топ) Абай ауылы
(камзол, желетке, шапан,тон, бөрік, тымақ, қалпақ, малақай, тақия, кимешек, орамал, сәукеле, шәлі, мәсі)
Ә) Қазақтың ұлттық тағамдарың атаңыздар (2-топ) Ыбырай ауылы
(ірімшік, уыз, құрт, қаймақ, бауырса, самса, бесбармақ, қымыз, айран, шелпек, қазы, талқан,қарта, шұжық)
№3 айналым.
Білімдеріңізді «Мақал-мәтел» арқылы тексеру.
Көз қорқақ, қол батыр.
Десаулық зор – байлық.
Өнер алды, қызыл тіл.
Ел іші алтын бесік.
Кітап алтын байлық.
Отанды сүю – от басынан басталады
ІІІ. Сергіту сәті (ҚАРА ЖОРҒА)
Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыздар
(Айгөлек (ойын), соқыртеке, орамал тастау,жаяу жарыс,қарғымақ
қарақұлақ (ойын), ұшты-ұшты,арқан тарту, теңге ілу,ақ сүйек (ойын)
көкпар, қазақ күресі,білектесу, бәйге мен аламан бәйге, аударыспақ
қыз қуу, жасырынбақ, асық ойындары)
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ.
Алшы ойыны. Тігілген асықтарды атуға жарамды сақатаңдап алынады. Бірінші ойыншы атқан кезде сақасы асықты жұлып түсірсе, ойынды жалғастыра береді. Ал ата алмай қалған жағдайда ойынды екінші ойыншы жалғастырады.
Білектесу.Қарама – қарсы отырған екі жігіт оң қолдарының шынтағын үстелге тірепқояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Белгі берілісімен шынтақтарын сол орынан қозғамай, қарсыласының қолын шалқасына түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған ойыншы жеңіледі.
Қыз қуу. Сөреге қыз бен жігіт шақырылады. Жігіт қыздан 10-15 метр кейін тұрып жарысқа қосылады. Жігіт қызды қуып жетсе, өзінің жеңгендігін білдіру үшін қыздың білегінен орамалды алуға тырысады. Ал қыз керсінше, қуғыншыдан қашып құтылып, сөреге бұрын жетуге әрекет жасайды.
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ КӨРСЕТІЛЕДІ.
Тұсау кесу. Жасы бірге толған, қазақша жасандырып киіндірген, үкі таққан бір немесе бірнеше баланы (ұл не қыз) қаумалаған елдің ортасына алып шығады. Жүргізуші тұсау кесу дәстүрінің мән-маңызын түсіндіріп, хабарлайды. Елге сыйлы ұл болса – ағаны, қыз болса – апаны ортаға шақырады. Баланың тұсауын кесіп беруге шақырады. Тұсау кесуші баланың аяғына жіп байлап, ырымдап бәкімен (қайшымен), көк шөппен тұсауды кеседі. Тұсау кесу сөзін айтады.
Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Қаз-қаз, балам, қаз балам.
Тақымыңды жаз балам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін,
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер. Әумин!
Келін түсіру. Бет ашар. Сәукеле киген қалыңдықты екі жеңгесі екі жағынан сүйемелдеп жұрттың алдына алып шығады. Олардың қарсы алдына ақын келіп домбырамен (сырнаймен) беташар жырын айтады. Ата-баба аруағына, тойға қатысып отырған үлкен кісілерге өлеңмен аттарын атап, сәлем беруге келінді шақырады. Екі жеңгей келінді ілестіре иіліп, жұртшылыққа сәлем береді. Әр сәлем сайын аты аталған адамдар, жұртшылық ризалық алғыстарын білдіріп отырады. Қыдыр ата бата береді.
Қортынды сұрақтар
Отбасылық дәстүрлерді атаңыздар
Жалпы халықтық тойларды атаңыздар
Діни мейрамдарды атаңыздар
Қортынды:
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда!.
Осымен ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!!!!
Қосымша “ Темекі- денсаулық дұшпаны”
Мақсаты: Темекінің адам өміріне зиянды және улы екенін түсіндіре отырып, оқушыларды саналылыққа, тазалыққа, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, темекі туралы бейнетаспа, «Денсаулық» сөзжұмбағы
Түрі: Ашық тәрбие сағаты
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, сахналық көрініс.
Сабақ барысы:
I. "Ой қорыту"кезеңі.
II.“Сөзжұмбақ ” шешу
ІІІ. «Мені жалғастыр» ойыны
ІV. «Бәйге» ойыны
V. “Уланбасын өмірің” көрініс
VI. Тренинг: «Қолшатыр»
VII. Қорытынды.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып, жүрек жылуын сыйлайық.
Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жер!
Армысың, көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым!
Денсаулық- бірдің емес мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық. Болашақ ұрпағымыздың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым- біліммен жақсы қаруланған болуы тиіс. Қазіргі кезде адам ағзасын улайтын бірнеше зиянды заттар бар.
Адам ағзасын улайтын қандай заттарды білесіндер?
Темекі, шылым, анаша, насывай.
“Темекі- денсаулық дұшпаны”- атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда “Саламатты Қазақстан” атты жүрдек жолаушылар поезымен бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз. Аялдамаларда сіздерді көптеген тапсырмалар күтіп тұр.
1-аялдама: «Кел танысайық» Темекінің зияны туралы видеоролик.
Видеороликті көріп болғаннан соң оқушылар хормен:
Сұрақтар:
1.Темекіден қандай аурулар туындайды? (өкпе,жүрек,бауыр аурулары).
2. Адам ағзасындағы қан айналымының бұзылуы үшін қанша темекі қажет? (1 дана).
3.Темекінің құрамында қанша химиялық заттар бар?(4000 астам)
4. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесіне қанша смола жиналады? (1 литр).
5.Темекіде қандай зат улы болып саналады?
Денім сау болсын десең - темекі тартпа!
Әдемі болғың келсе - темекі тартпа!
Әнші болғың келсе - темекі тартпа!
Ғалым болғың келсе - темекі тартпа!
Білімді, ақылды азамат болғың келсе - темекі тартпа!
Сендер білесіңдер ме?
• Әрбір темекі адам өмірін 8 минутқа қысқартады.
• Күніне 1 қорап темекі тартатын адамның 1 жылда өкпесіне 1 литр смола жиналады.
• Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 3, 5 млн адам қайтыс болады.
• Шылым шегетіндер қысқа уақыт өмір сүреді, өз өмірін 6 жылға қысқартады.
• Темекі шегушілер инфаркт, рак, асқазан жарасы сияқты аурулардан 10 - 30 есе көп қайтыс болады.
• Балаларға темекінің қаупі, үлкендерге қарағанда 2 есе көп. Кейде балалар 2 - 3 тал темекіні қатар шеккеннен жүрегі тоқтап қалған оқиғалар болған.
2 - аялдама: Ой жұмбақты шешу. «Денсаулық» сөзжұмбағы
1) Тыныс алу мүшелері адам денесінің қай бөлімінде орналасқан? (кеуде)
2) Тыныс алу мүшесі? (көмей)
3) Темекінің құрамындағы улы зат? (никотин)
4) Никотиннің түсі қандай? (сарғыш)
5) Тыныс алу мүшесі? (ауатамыр)
6) Никтоин қандай зат? (улы)
7) Темекі шеккенде адам өкпесіне не жиналады? (смола)
8) Тыныс алудың бастапқы мүшесі? (мұрын)
9) Ырыс алды .... (ынтымақ)
Тәрбиеші: Бұл аялдамалардың барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім — кімге де ақиқат. Балалар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?
Қанеки оқушылар,енді денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын табатын «Мені жалғастыр» ойынына кезек берейік.
3-аялдама: «Мені жалғастыр»
Денсаулық – (зор байлық)
Жарлының байлығы – (денінің саулығы)
Жан ауырса тән азады, (Қайғы басса- жан азады)
Дені саудың – (жаны сау)
Ішің ауырса, аузыңды тый, (көзің ауырса, қолыңды тый)
Тәрбиеші: «Арақ — арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан» демекші, балалар зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.
Тыныштық сәті:
4-аялдама: «Бәйге» ойыны
1.Жастар темекіні тартпау үшін не істеу керек?
2.Темекіні тастауға болама?
3. Насыбай қолдану адамның қандай ағзаларын зақымдайды? (асқазан, бауыр)
4. Түтін болып кіреді,
Күркіл болып жүреді. Ол не ? ( темекі)
5.Мұрныңа тақасаң түшкіре бересің,
Ерніңе тақасаң түкіре бересің. Ол не ? ( насыбай )
5– аялдама: Келесі кезекте «Уланбасын өмірің» бөліміне өтеміз. Енді назарларыңызға зиянды әдеттердің алдын алу шараларын дәріптейтін көріністі ұсынамыз.
- Азамат, екеуміз дос емеспіз бе?
- Ия, доспыз. Неге сұрадың?
- Сен ешкімге айтпа, менде керемет бір нәрсе бар.
Мінекей, қарашы...(қалтасынан темекіні көрсетеді).
- Оны қайдан алғансың?..
- Әкемнен алдым (риза болып)
- Әкеңнен қалай алдың? Темекі деген жаман нәрсе, дереу таста.
-Қалайша? Соншалықты жаман болса әкем неге тартады?
- Ой, достым , сенің әкең жас күнінде темекіге әуестенген,
сол қателігін қазір жөндей алмай жүр.
-Достым, дегенмен осыны тартып көрсек қайтеді?
-Жоқ, достым! Мұндай жаман әдеттерден бойымызды аулақ салғанымыз абзал.
Одан да ойынымызды жалғастырайық.
(Осы кезде бөлмеге темекі, насыбай кіреді)
Балалар: Ассалаумалейкум! Сіздер кімсіздер?
Темекі:
Мен темекі шылыммын,
Аузына елдің іліндім.
Қанша мені тартса да,
Демеді ешкім бүліндім.
Насыбай:
Шығу тегін тышқан деген қарадан,
Мекен жайым Ластық деген қаладан.
Міндетім - тек денсаулықты кірлерту,
Бұл өмірде маған мұқтаж сан адам...
Камила:
О, жаратқан, жаратқан,
Жұрттың аузын қаратқан.
Ағайынды екеуін.
Қандай пәле таратқан?!
О,адамдар,санаң бар,
Екі пәлеге қараңдар.
Екеуі де үлкен жау
Бүкіл әлем алаңдар!
Екеуі де ауыр дерт.
Бүкіл елді бүлдірмей,
Арамыздан аулақ кет!
Тәрбиеші: -Балалар, сонда темекі тарту пайдалы ма, әлде зиянды ма?
-Дұрыс,темекі тартатындардың өмірі темекі тарпайтындарға қарағанда 7-15ж. қысқа келеді.
Тәрбиеші: «Денсаулық» сөзінің әрбір әрпін салауатты өмір салтын ашатын, сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен өрнектейік.
Д - демалу
Е – еңбектену
Н - нашақорлыққа жоламау
С – салауатты өмір
А – алғырлық
У - уайымсыз өмір
Л – лайықты өмір
Ы – ынта
Қ - қозғалыс
Барлық әріптер бірге:
Темекі жойылсын!
Насыбай құрысын!
Дені сау ұрпақтың
Ұрпағы көбейсін!
6. Бекіту: Тренинг: «Қолшатыр»
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек?
Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
7. Қорытынды.
Тәрбиеші: Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш — жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.
Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.