СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару туралы  8 сыып сабақ жоспары 

Просмотр содержимого документа
«Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару»


Пән аты: Информатика

Сынып: 8«А», 8 «Ә», 8«Б»

Сабақтың тақырыбы: Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару
Сабақтың мақсаты:
Екілік сандармен орындалатын арифметикалық қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары туралы түсінік қалыптастыру;
Міндеттері:
Білімділік: Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдары қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу,сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Ақпарат дегеніміз не?

2. Ақпараттық үрдістер дегеніміз не?

3. Санау жүйелері дегеніміз не?

4. Санау жүйелері қанша топқа бөлінеді?

5. Екілік санау жүйесі қандай цифрлардан тұрады?

6. Санның цифрына бөлінетін позициясын қалай атаймыз?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру жиі кездеседі. Санды екілік, сегіздік немесе оналтылық жүйелерден ондық жүйеге ауыстыруды қарастырдық.

Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру.

89110=11011110112

Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру.

Ауыстыру ережесі: Ондық оң бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек блігін қайтадан 2-ге көбейту керек.

Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.

Сандарды ондық жүйеден сегіздік жүйеге ауыстыру үшін екілік жүйеге ауыстыру әдісін қолдануға болады. Түрлендіретін санды ондық жүйенің ережесі бойынша 7-ден аспайтын қалдығын еске сақтай отырып, 8-ге бөледі.

Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру.

Ондық сандарды оналтылық жүйеге жоғарыдағы ұқсас ауыстырады. Айырмашылығы –берілген сан 8-дің орнына 16-ға бөлінеді.

IV. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Екілік сандармен қандай арифметикалық амалдар орындалады?
2. Екілік сандар үшін қосу амалын қолданғанда қандай ереже орыдалады?
3. Екілік сандар үшін азайту амалын қолданғанда қандай ереже орыдалады?
4. Екілік сандар үшін көбейту амалын қолданғанда қандай ереже орыдалады?
5. Екілік сандар үшін бөлу амалын қолданғанда қандай ереже орыдалады?
V. Үйге тапсырма беру.
«Cандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару»

VІ. Оқушыларды бағалау.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!