СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Санның пайызын табу.

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Санның пайызын табуға арналған есептерді шешу

Просмотр содержимого документа
«Санның пайызын табу.»

Тақырыбы:

Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу

Күні,айы: 09.04.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Мырзағазы Қ.С


Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.2.34

берілген санның пайызын табу;

5.1.2.35

бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше табу;

5.1.2.36

берілген пайызы бойынша санды табу;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін бекіту . Оқушыларды ынтымақтастыққа , ұжымдық жұмыс жасауға әсер ету. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Оқушылардың басым бөлігі:

Есеп шығаруда пайдалана біледі, сабаққа деген қызығушылығын артады, өз бетімен жұмыс жасауға, өзін-өзі бағалауға дағдыланады.

Кейбір оқушылар:

Есептің і мазмұнын талдайды,пікірлерін дәлелдейді,есептер шығарады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

  • Оқушылардың сабаққа дайындығы.

  • Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.

  • Сабақ мақсатымен таныстыру.

  • Психологиялық ахуал

Үй тапсырмасын тексеру:

«Көршіңді тексер» әдісі арқылы үй тапсырмаларының орындалуы мен дұрыстығын тексеру және сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты қайталау.

Психологиялық ахуал


Сабақтың ортасы

«Пазл» әдісі арқылы топтастыру (оқушылар пазылдар құрау арқылы топтасады).

1-топ: «Пайыз» тобы

2-топ: «Ондық бөлшек» тобы

3-топ: «Жай бөлшек» тобы

Балалар, бүгінгі сабақта біз өткен тақырып бойынша есептер шығарып, өз білімізді шыңдаймыз. Сабағымызды ойын түрінде жүргіземіз.«Галереяны шарлау» әдісі (Саймон Браунхилл бойынша). Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.

№1118.

а саны

15

80

120

7,5

9,6

Р%

8

40

75

20

50

bсаны






Келесі кезекте, «Мақсатқа жету» ойынын ойнайық. Тақтаға қарасаңдар әр түрлі мамандықтар суреттері ілулі тұр. Әрбір суреттің артында есеп жасырылған. Қанекей кезекпен шығып, тапсырмаларын орындайық.

(6 карточкада 6, есепті тақтада оқушылар орындайды)

Демек, балалар, белгілі бәр маман иесі болу үшін біздің біліміміз терең болуы керек және оған көп дайындалу қажет.

Дәрігер   Мұғалім     Ғарышкер    Полиция қызметкері Футболист Банк қызметкері

  1. Қант қызылшасының құрамында 5% қант бар. 20 т қант қызылшасынан қанша қант шығады?

Шешуі:

Жауабы: 20 т қант қызылшасынан 1 т қант шығады.

  1. Бидайдан 80% ұн алынады. 700 кг бидайдан қанша ұн керек?

Шешуі:

Жауабы: 700 кг бидайдан 560 кг ұн алынады

  1. Сыныпта 30 оқушы бар. Сынып оқушыларының 60%-і қыздар. Сыныпта неше қыз бар?

Шешуі:

Жауабы: Сыныпта 18 қыз бар.

  1. Піскен ет піспеген еттің массасының 65%-ін құрайды. 800 г піспеген еттен қанша піскен ет алынады?

Шешуі:

Жауабы: 520 г пісен ет алынады.

  1. Мектептің математикалық олимпиадасына 200 адам қатысып, оның 25%-і сыйлық алды. Мектептің математикалық олимпиадасына қатысушылардың қаншасы сыйлық алды?

Шешуі:

Жауабы: 50 адам сыйлық алды.

  1. Кітапханада 3500 кітап бар. Олардың 22%-і көркем әдебиет. Көркем әдебиеттен қанша кітап бар?

Шешуі:

Жауабы: Көркем әдебиеттен 770 кітап бар.


Оқулық


№1жұмыс дәптері


Қосымша тапсырма

Презентация


Плакат


Сабақтың соңы



«Математикалық лото» логикалық сұрақтар:
1. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат – бірінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1 - Марат, 2 - Асет, 3 - Талғат
2. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
3. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы

«Сәйкесін тап» әдісі. Әр оқушы алдына берілген парақ бойынша берілген сандардың пайызын немесе бөлшек түрін тауып, сәйкестендіреді. Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. Кері байланыс орнату арқылы оқушылардың бағалауы жүргізіледі.


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.