| Күні: Сынып: 1 |
| Сабақтың тақырыбы | Табиғатқа саяхат. П дыбысы мен әрпі. |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап 1.2.6.1* мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату 1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру |
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
| Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
| Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
| АКТ қолдану дағдылары | бейнеролик |
| Тілдік құзыреттілік | Пияз-лук |
| Сабақ барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
| Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | Ертеңгілік шеңбері Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдаршеңберге. Қандайжақсыбіртұру, Достармененбіржүру! Қандайжақсыдос болу! Бір-бірімен үш тілде амандасу -Балалар біз көңіл-күйіміздің әрқашан көтеріңкі болғанын қалаймыз.Көңілімізді ешқашан кірбің, бұлт шалмаса екен деп ойлаймыз. Аспандағы күніміз де әрқашан жарқырап тұрсын. Бірақ күніміздің бетін бұлт шалыпты. Күн көзінен бұлтты сейілту үшін мына бұлттардың артында сұрақтар берілген.Сол сұрақтарға жауап бере отырып күнімізге көмектесейік. 1. Әріп дегеніміз не? 2. Дыбыс нешеге бөлінеді? 3. Әріптің жазба түрі қайда жазылады? 4. Дыбыс дегеніміз не? 5. П дыбысы қандай дыбыс? 6. Дауыссыз дыбыстарды қалай ажыратамыз? 7. Қызыл текшемен қандай дыбысты белгілейміз? 8. Ө қандай дыбыс? Сабақ мақсатымен таныстырып өту Топқа бөліну 1-топ «Дыбыстар» 2-топ «Буындар» 3-топ «Сөздер» 4- топ «Сөйлем» | Шаттық шебері |
| Сабақтың ортасы | Жұмбақ жасыру Болса да ащы, Дәмдіетерасты. Өседіолжерге, Тығыпалыпбасты. Пияз
Ойын «Өз үйін тап» Сөздер жазылған карточкалардыүйлерге орналастыру. Қорықпайды күшті аңнан Қорқады тек тышқаннан. (Піл). Жұптық жұмыс Сөз құра, тез құра. | Суреттер, карточкалар |
| Сергіту сәті | Әппақ болып таң атты, Түтiнтiке шығады. Қарлығаштар қанатын Самғап биiк ұшады. Топ-топ, топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады) | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
| Аяқталуы Қызықты тапсырма | Топтық жұмыс Топ« Дыбыстар» кітап, кірпі, қолғап, кептер сөздеріне дыбыстық талдау жасау. 2 топ « Сөздер» Топтастыру П әріпі бар сөздерді табу, топтастыру 3 топ «Буын» Адасқан буындар 4 топ«Сөйлем»Мәтінмен жұмыс. Кітап –адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітапты таза, ұқыпты ұстау керек.Өмірде ең жақсы кеңесші-кітап. | Суреттер, тапсырмалар |
| Сабақтың соңы | Өздік жұмыс Қалыптастырушы бағал Рефлексия Бағдаршам Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім   
| Бағдаршам түстері |
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
| Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |