СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сауат ашу және жазу "Лл дыбысы және әрпі".

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу және жазу

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Лл дыбысы және әрпі.   24 – бет.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: л дыбысы және әрпімен таныстыру. Л дыбысы келетін сөздерге мысалдар келтіртіп, сол сөздерді қатыстыртып, сөйлем құрату арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін, ойын дамыту. Оқу іс-әрекеті барсыныда мал төлдеріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, сөздік.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер мен буындар.

Қостілділік компонент: лақ – козленок, піл – слон, балық – рыба.

Просмотр содержимого документа
«Сауат ашу және жазу "Лл дыбысы және әрпі".»

17 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу және жазу

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Лл дыбысы және әрпі. 24 – бет.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: л дыбысы және әрпімен таныстыру. Л дыбысы келетін сөздерге мысалдар келтіртіп, сол сөздерді қатыстыртып, сөйлем құрату арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін, ойын дамыту. Оқу іс-әрекеті барсыныда мал төлдеріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, сөздік.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер мен буындар.

Қостілділік компонент: лақ – козленок, піл – слон, балық – рыба.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, қосылып айтады: Адал жақсы ниетпен, Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректі, Сөздің бәрі ақ тілек.

Шаттық

шеңберін

жасайды.


Ұйымдастыру-іздестіру



















2. Балдырғанның тапсырмасын орындау.- Балалар, бүгін бізге қонаққа Балдырған келіпті, ол бізге бір жаңа әріпті өзімен бірге ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай әріп әкелгенін «айтпаймын» дейді, ол әріпті табу үшін біз мынадай бір тапсырманы орындауымыз керек:

I тапсырма.- Мынау не? (Лақ)- Лақ қай малдың төлі және ол қалай дыбыстайды?- Лақ сөзінде неше дыбыс бар?- Лақ сөзін буынға бөліп көрейік?- Неше буын бар?- Сөздің басында қандай дыбысты естіп отырсыңдар? (Хормен айтқызу).- Л қандай дыбыс?- Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейді?

II тапсырма. Піл, лимон, балық суреттері көрсетіледі. Піл, лимон, балық сөздерін буынға бөлдіру және дыбыстық талдау жасатады. Сонан соң осы сөздерде кездесіп тұрған л дыбысының орнын ажыратқызады. Л дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында келетінін мысалдармен түсіндіреді. Өткен дыбыстармен л дыбысы қатыстырылып, буын, сөздер қүрастырылып оқытылады. Хормен ауызша қайталайды.

III тапсырма. Дәптермен жұмыс: Жазбаша жұмыс орындату. Дәптердегі үзік сызықтарды қосып л әрпінің кіші және бас әріптерін үлгі бойынша жазады.Лақ, түлкі, гүл сөздеріне дыбыстьқ талдау жасап, л дыбысының орнын ажыратады. Бос торкөздегі л дыбысының орнына қарай сөз ойлайды.

3. Сергіту сәті: Достар тату-тәттіміз,Болса қолда тәттіміз.

Біз бөлісіп жатыамыз, Бәріміз дәм татамыз.

4. «Кім тез ойлайды?» дидактикалық ойыны. Шарты: л дыбысына қатысты сөздер ойлап, буынға бөлу, сөйлем құрату. Осы айтқан сөздерінен л дыбысы қай дыбыстан бұрын не қай дыбыстан кейін келіп тұрғанын анықтату.







Балалардың жауаптары тыңдалады.










Дәптердегі тапсырма -

ларды орындайды.




Ойынды ойнатады.




Рефлексивті-түзетушілік

ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Кеспе әріптерден а-ла, ал, ол сөздерін құрастырту, осы сөздермен сөйлем құрап айтқызу. Сөйлемдердің сызбасын сызып көрсету.Педагог сабақ қонағы – Балдырғанның білімді балаларға риза болғанын айтып, сабақты қорытындылайды.




Күтілетін нәтиже:


Нені біледі:л дыбысы және әрпімен таныстыру.

Қандай түсініктерді игерді:л дыбысы кездесетін сөзге мысал келтіртіп, сөйлем құрату.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сөздік қорларын толықтыру, ойын жеткізе білуге баулу.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!