СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақын Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы айтылған.

Просмотр содержимого документа
«Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы»

 

 Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылық жолы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы,ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік,ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту,коммуникативтік,оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, талдау

Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы,музыка.

Көрнекіліктер: ақын суреті, шығармалар жинағы, «Абай елі» фотоальбомы,слайд,бейнеролик

Сабақтың барысы :

І.Ұйымдастыру кезеңі :а) Оқушылармен сәлемдесу; ә) Оқушылардың сабаққа қатысуларын тексеріп, сынып тазалығына назар аудару; б) Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген Жамбылдың «Сұраншы батыр» дастаны сұралады.

Үй тапсырмасы зымыран сұрақтар арқылы тексеріледі.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы бойынша оқып танысамыз.

  • 1-бейнероликтен Ш.Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы туралы таныстырылады.6 мин.

  • Мұғалім сөзі

  • 1-слайд

1858 жыл

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген.

1866 жылы

Әкесі Құдайберді дүние салған соң, Шәкәрім атасы Құнанбайдың тәрбиесінде және Абайдың қамқорлығында болады.

1905-1906 жылдары

Меккеге барып, бұл сапарынан олжалы қайтады.

1909-1910 жылдары

Шыңғыстау өңіріндегі Шақпақ деген жерден сая табады.

1917 жылы

Аталған дүбірлі кезеңді ақын әділет жолы деп ұғып, ел ішіне оралып халқымен бірге болуға бекінеді.

1931 жылы

Мемлекеттік саяси басқарманың өкілдері ақынды оңаша, үйінен ауданға бара жатқан жерінде, жол үстінде атып өлтіреді.

2-бейнеролик «Алаш алыптары-Шәкәрім» 3 минут.Ақын өлімінің жұмбақ сырлары көрсетіледі.

-Мұғалім сөзі.

ІV. Шәкәрімнің қандай шығармалары бар?

2-слайд арқылы таныстырылады.

Поэзия

Проза

Өлеңдері: Сатиралық лирика, азаматтық лирика, философиялық лирика, махаббат лирикасы, көңіл-күй лирикасы

Поэмалары:«Еңілік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Айсұлу-Нартай», «Ләйлі-Мәжнүн»

«Әділ — Мария», «Бәйшешек бақшасы», «Мәнді сөздер», «Шын бақыттың айнасы», «Мен жетпіс екі жасқа келгенше», т.б.

3-бейнеролик.Ән»Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» 4минут.Ән орындалып жатқан сәтте

оқушыларға ақын шығармалары бойынша тапсырмалар беріледі.Сол жұмыстар бойынша өз бетінше жұмыстар жүргізеді. Ән орындалып біткен соң оқушылар жұмыстарын талдап қорғайды.

V. Қорытынды.

Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің- қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын .Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды. Бірақ өзі өлсе де аты өшпейді. Осы ретте Абай атамыздың:

«Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де, ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар.Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу- біздің міндетіміз.

Жамбыл мен Шәкәрім шығармашылығын байланыстырып сабақты қорытындылаймын.

»Әріптер сөйлейді»

Ж-жырау Ш-шыншыл

А-ақын Ә-әділ

М-мұрагер К-кемеңгер

Б-бабалар мұрасын жалғастырушы Ә-әндер шығарушы

Ы-ынтымақты жырлаушы Р-реалист ақын

Л-лайықты І-ілім таратушы

М-мақтауға лайық жан



VI. Үйге тапсырма:

1.Оқулықтағы автор өмірі мен шығармашылығын оқу.

2.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы төңірегінде қосымша зерттеулер жасау.

VII. Оқушыларды бағалау.