СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Шешендік өнер" жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Үшінші сыныпқа арналған "Шешендік өнер" жоспары

Просмотр содержимого документа
«"Шешендік өнер" жоспары»













































Мазмұны








1.Түсінік хат..............................................................................3-4


2.Тақырыптық жоспар.............................................................5-6


3.Бағдарламалық мазмұны......................................................7-10


4. Глоссарий..............................................................................11


5. Қолданылған әдебиеттер.....................................................12




























Түсінік хат


Оқушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор.Қазақ халқышешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан,бастауыш сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу,тілдерін дамыта түсу ,олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат. Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет - дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма - қол туып айтылатын, суырып салма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.
Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен - билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие - өнер мектебі болған. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Халқымыз "Сөз қадірін білмесең, өз қадіріңді білмейсің", "Сөз сүйектен өтеді", "Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік" деп, сөз өнерін ерекше тани білген.
Шешендік сөздер – ғасырдан - ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тындаушының көңілінен шығып оны сөзсіз иландырады.

Бұл бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сайқұрылған.

1-4 сынып оқушылары ана тілі пәніне негіздей отырып,көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады.Би – шешендердің сөздерін жаттап өсіп,жаңа ұғымдармен танысады.Мақалдын немесе өлең  ұйқастарын таба отырып,берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастара білуді үйренеді.

Бұл жинақ ана – тілі пәніне де көмекші құрал ретінде пайдаланылады.

Бағдарламаның көздеген мақсатының бірі – тілдің рухы.Тілдің рухы деген өтебір құдіретті ұғым.Ол біздің салт-санамыз,дәстүріміз,ұлттық психологиямыз,дүниетанымымыз.

1-4 қазақ сыныптарына арналған,барлығы 34 сағаттан,аптасына 1 сағат.


 Бағдарламаның мақсаты:                                                                  

Бастауыш сыныптардағы шешендік өнер сабақтарының түбегейлі мақсаты,оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып,әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу,рухани дүниесін кеңейту,ақыл-ойыы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету,кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

Осы мақсатты орындауға келгенде оқу бағдарламасының алдына мынандай міндеттер жүктеледі.

       

  Міндеттері:

— оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

— көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;

— шығарманың түпкі мазмұн – мәнін түсінуін ,эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл күйіне ортақтасу,күйіну,сүйсіну т.б.)қамтамасыз ету;

— шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін  аша білуге бағыттау.

— ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу,сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

— өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу

— оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық,адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;

-көркем мәтіндерді мәнерлеп,сазына келтіріп оқуға баулу;

— жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге тәрбиелеу;

Бағдаламанының мақсаты осы міндеттерді орындауға бағытталады.

 

Күтілетін нәтиже

— сөздік қорын толықтырады

— оқу материалдары бойынша курста ( диалог,рөльмен инсцинировка  жасау,әңгіме,пікіралмасу т.б.) дағдыларын меңгереді.

— сөздерді мақсатқа негізгі ойға,мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады.

-шығармашылығын шыңдайды,танымдық қабілеттері дамиды,өзіндік ой қорытуға ,ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады.

-халықтың қанатты сөздерінің мәнін ,мағынасын түсініп,одан тәрбие алады.




















«Шешендік өнер»

( Аптасына-1 сағат, барлығы-34 сағат )

р/с


Тақырыбы

мерзімі

күні

1

Шешендік өнер дегеніміз не?

1


2

Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер

1


3

Атақты шешендер.

1


4

Шешендік сөз -асыл ойдың өрнегі 

1


5

«Аталар сөзі-ақылдың көзі»

1


6

«Кітап-білім бұлағы», «Кел,балалар ,оқылық!»

1


7

Ы.Алтынсарин  шығармалары.

1


8

Ескірмейтін есті сөз

1


9

Сөздің көркі -мақал

1


10

Би, шешендер туралы ұғым

1


11

Төле би.

1


12

Қазыбек би

1


13

Әйтеке би

1


14

Қасиетті киелі сандар

1


15

Бабалар сөзі-даналық көзі

1


16

Жиренше шешен мен Қаракөз айым

1


17

Шешендік өнер

1


18

«Билер сөзі» шешендік толғау, арнау

1


19

Тиленші би мен Жәнібек

1


20

«Ел баласы екенсің»

1


21

«Атадан ұл туса игі»

1


22

Шешендік сөздер

1


23

Мақал — сөздің мәйегі

1


24

Жұмбақтар

1


25

Санамақтар

1


26

Жаңылтпаштар

1


27

Өтірік өлеңдер

1


28

Сырым би

1


29

Алтыбай шешен

1


30

Аталы сөз – бата,өсиет,өнеге

1


31

Балаби

1


32

Досбол би

1


33

Байдалы би

1


34

Жәнібек би (қорытынды сабақ)

1






































Бағдарламалық мазмұны

р/с

Тақырыбы

Бағдарламалық мазмұны

1

Шешендік сөздер дегеніміз не?


Шешендік сөздер туралы түсінік беру. Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері, сирек ұшырасатын қасиет – дарын екендігі туралы мағлұмат беру.

2

Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер

Тілдік қоры бай, қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету, парасат пайымы, сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті, ойдың және сөйлеудің дамуы, сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнер, қаратпа сөз хақында, тіл туралы халық даналығы, сөз мәдениетінің орны, мәдениет мәйегі туралы баяндау.                        

    

3

Атақты шешендер.

Оқушыларға ата-бабамыздан қалған асыл мұралардың бірі –шешендік өнер тұлғасында мағлұмат беру, Қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді шешендердің ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мұра ретінде жеткен атақты шешендермен таныстыру.         

4

Шешендік сөз -асыл ойдың өрнегі 

 Оқушыларға шешендік сөздер арқылы зерделі, білікті де, білімді, ой –қиялы ұшқыр, ақылды, парасатты тапқыр болуға баулу. Шешендік сөздер арқылы оқушыларды атадан қалған сыйластық, инабаттылық достық, жолдастық сияқты асыл мұраларды үйренуге, тәрбиелеу           

5

«Аталар сөзі-ақылдың көзі»

Қазақ даласында өмір сүрген орақ тілді шешендердің асыл 
сөздерімен таныстыра отырып, сөз қадірін түсінуге, туған тілінің құдіретін сезінуге, ана тілін, ұлтын,Отанын қастерлеуге тәрбиелеу             

6

«Кітап-білім бұлағы», «Кел,балалар ,оқылық!»

Ы.Алтынсариннің шығармашылығымен таныстыра отырып,оқу, білім, кітапқа деген құмарлығын арттыру.

7

Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер

Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер айтқызу, жаңылтпаштар жаттату.Тілдік қорын молайту,есте сақтау қабылетін арттыру.

8

Ескірмейтін есті сөз

Шешендік сөздерден сұрақ-жауап.    

9

Сөздің көркі -мақал

Мақал-мәтелдерден жарысы отырып, «Кім көп біледі?»  ойынын ойнату

10

Би,шешендер туралы ұғым

Оқушылардың ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы әдеби білімдерін кеңейту, би-шешендер туралы мәлімет беру, билер мен шешендердің сөздерін талдау 

11

Төле би.

Төлебидің шешендік өнерімен таныстыру , шешендік сөздерін оқып үйрену.    

12

Қазыбек би

 Қазыбек бидің шешендік өнерімен таныстыру, шешендік сөздерін оқып үйрену.     

13

Әйтеке би

Әйтек бидің   шешендік өнерімен таныстыру, шешендік сөздерін оқып үйрену.     

14

Қасиетті киелі сандар

Оқушыларды қазақтың қасиетті киелі сандары (3,7,9) таныстыру мағыналарын түсіндіру.

15

Бабалар сөзі-даналық көзі

Қазақ даласында өмір сүрген орақ тілді шешендердің асыл 
сөздерімен таныстыра отырып, сөз қадірін түсінуге, туған тілінің құдіретін сезінуге, ана тілін, ұлтын,Отанын қастерлеуге тәрбиелеу

16

Жиренше шешен мен Қаракөз айым

Жиренше шешен мен Қаракөз айымның шешендік өнерлерімен таныстыру.

17


Шешендік өнер


Төле би», «Қазыбек би», «Әйтеке би» әңгімелерін мәнерлеп оқы, шешендік сөздерін оқып үйрену.  ту

18

«Билер сөзі» шешендік толғау, арнау

Халық ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы әдеби білімдерін кеңейту, шешендік сөздер туралы мәлімет беру, билер мен шешендердің сөздерін талдау.

19

Тиленші би мен Жәнібек

Тиленші би мен Жәнібектің шешендік өнерімен таныстыру, шешендік сөздерін оқып үйрену.     

20

«ЕЛ баласы екенсің»

Төле бидің шешендік сөздерін оқып үйрену, талдау, шешендік сөздерін оқып үйрену.  

21

«Атадан ұл туса игі»

Төле бидің шешендік сөздерін оқып үйрену, талдау, шешендік сөздерін оқып үйрену.  

22

Шешендік сөздер

Оқушыларға шешендік сөздер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан – жақты тарихи екенін таныту. Оқушылардың танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілетін дамыту. Оқушыларды туған елін, жерін қадірлеуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу  

23

Мақал — сөздің мәйегі

Оқушыларға мақал-сөз мәйегі деген сөздің мағынасын түсіндіру.

24

Жұмбақтар

Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр екенін түсіндіру.  

25

Санамақтар

Санамақ — қазақтың жас балаларға  арналған ұлттық ойыны. Зеректікті, ептілікті пен икемділікті қажет ететін ойындар екенің, сандарды қайталап айтқызу арқылы балаға алғашқы матем. дәріс санауды үйренетінімізді түсіндіру.

26

Жаңылтпаштар

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болғанын түсіндіру.    

27

Өтірік өлеңдер

Өтірік өлең– қазақ халқының тұрмыс салтына байланысты туындаған ауыз әдебиетінің көне үлгісі.. Өтірік өлең әзіл-оспаққа құрылып, көбіне той-думанда, ойын-сауықтарда айтылатындығын түсіндіру.

28

Сырым би

Сырым бидің    шешендік өнерімен таныстыру, шешендік сөздерін оқып үйрену.  

29

Алтыбай шешен

Алтыбай шешеннің  шешендік өнерімен таныстыру, шешендік сөздерін оқып үйрену.     

30

Аталы сөз – бата,өсиет,өнеге

Бата, өсиет туралы түсінік беру

31

Балаби

Балабидің  шешендік өнерімен таныстыру, шешендік сөздерін оқып үйрену.    

32

Досбол би

Досбол бидің шешендік өнерімен таныстыру , шешендік сөздерін оқып үйрену.    

33

Байдалы би

Байдалы бидің  шешендік өнерімен таныстыру , шешендік сөздерін оқып үйрену.    

34

Жәнібек би (қорытынды сабақ)

Жәнібек бидің шешендік өнерімен таныстыру  , шешендік сөздерін оқып үйрену.   













Глоссарий

Стилистика– тіл білімінің, тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын, қатысымдық әрекет-қызметін зерттейтін саласы. Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметті үйретеді. 

Сөйлеу – бір мезгілде болатын нақтылы сөйлеу. Сөйлеудің дыбыстық және жазба түрлері бар. Сөйлеуге сөйлеу қызметі және сөйлеу нәтижесі жатады. Әдетте, сөйлеу мен тіл қарама-қарсы қойылады. Тіл – араласу құралы болса, сөйлеу – осы құрал арқылы араласуды жүзеге асырады. Сөйлеу арқылы тіл қолданыс табады. Сөйлеу әрқашанда нақтылы болады, тіл – абстрактілі болып қайталануы мүмкін. Сөйлеу – кеңістік пен уақытта жасалады, оның шегі болмайды, сөйлеу – материалды құбылыс, ол есту мүшелері арқылы қабылданады.

Диалог – ( грек. dialogos – әңгіме, екі адамның сөйлесуі) – екі немесе бірнеше адамның сұрақ-жауап ретіндегі сөйлесіп, тіл қатысуы. Диалогтың сөздік құрамына әсер ететін факторлардың негізгі сөзді қабылдау не қабылдамау.

Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. 






















Пайдаланылған әдебиеттер

1.Адамбаев.Б «Шешендік өнер» Алматы 2011 жыл

2.«Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журналы №2 2013 жыл

3.Г.Қосымова Қазақ тілі (шешендік өнер) Алматы 2011 жыл

4.Билер сөзі. Құрастырған - Т.Кәкішев Алматы 2011 жыл

5. Бастауыш сынып әдебиеттік оқу құралдары .2014 жыл



































13



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!