СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шығармашылық, апликация Бақ гүлдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шығармашылық, апликация Бақ гүлдеріШығармашылық, апликация Бақ гүлдеріШығармашылық, апликация Бақ гүлдері

Просмотр содержимого документа
«Шығармашылық, апликация Бақ гүлдері»

Екінші кіші тобының ұйымдасқан оқу кызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Кіші сала: «Жапсырма»

Тақырыбы: «Бақ гүлдері»

Мақсаты:Қағазды екіге бүктеп, жапырақ пен гүлдің күлте жапырақшаларын жырту тәсілі арқылы жапсыруға үйрету.Жапсыру тәсілін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: гүл, бақ, ,үлкен-кішкентай, әдемі-әсем. т.б.

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, түсіндіру, сұрақ-жауап;

Құрал-жабдықтар: көбелек, суреттер, гүлдің бейнесі, қағаз, желім т,б;

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер:

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Құрметпенен сізге

Бас иеміз біз

(қимыл қозғалыстарын көрсетіп, балалармен бірге орындау)

Тәрбиешімен бірге орындайды. Қайталайды

Ұйымдастырушылық ізденіс

-Балалар қазір бізде қандай жыл мезгілі?

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Көктем мезгілі сендерге ұнайды ма?









-Балалар мен сендерді бүгін баққа демалуға шақырамын.

Алыстан көмек сұраған дауыс естіледі.

-Бұл көбелектің дауысы ғой

Көбелек бізден көмек сұрап ертегілер елінен келген. Ол көктем келгелі өзіне гүлдері көп бақ таппай жүргенін айтады. Оған гүлге толы бақ керек.

Ол үшін мен сендерді сурет тамашалауға шақырамын. Бақ гүлдерінің қандай болатынын қарайық. Бақта қандай гүлдер өсетінін көрейік.

(Бақ гүлінің суретін көрсету теледидардан көрсету).

-Балалар ал сендер қандай бақ гүлдерін білесіңдер.

-Ал қазір біз сендермен бақ гүлдерінің алаңын ашық хаттар арқылы жасаймыз.

Алдыменен біз сендермен гүлдің құрылымымен танысамыз. Гүл- тамыр , сабақ, жапырақ, күлтелерден құрылған.

Балаларға дайын қиылған шаблондарды тарату.

Саусақ жаттығуы:

Ақ қанатты көбелек

Көк қанатты көбелек

Қызыл қанат көбелек

Гүлге келіп қона кет


Жапсыру тәсілі түсіндіріледі


Жұмысты жасап болғаннан кейін алаңды балаларға, көбелекке көрсету,сыйға тарту, мадақтау.

-Көктем мезгілі



-Күн жылынады, қар ериді т.б..

-Ия, ұнайды . Көктемде күн жылынады, ағаштар бүршік жарады. Жер жасарады, шөптер шығып құстар жылы жақтан ұшып келеді. Және де жақында жер жасарғанда көптеген гүлдер өседі.

Балалар қуана келіседі



Балалар дауысқа назар аударады.





Балалар тәрбиеші көрсеткен гүлге зер сала қарайды













Балалар өздері білетін гүлдердің атауын айтып шығады.








Гүлдің құрылымын тәрбиешіменен бірге қайталайды.




Саусақ жаттығуын бәрі бірге қайталайды.





Тәрбиешімен бірге тапсырманы орындайды




Рефлекстік түзету

Қайда бардық?

Кімге көмек бердік?

Қандай гүлдерді білеміз?

Не жасадық?


Сендерге жасаған жұмыстарын ұнады ма?

Жарайсыңдар!


Баққа бардық

Көбелекке

Білетін гүлдерін атайды


Гүлі бар ашық хат жасадық

Ия, ұнады


Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: Көктем мезгілінің өзгерістерін, гүлдін атауын

Түсінеді: Жырту тәсілімен, желіммен жұмыс жасай алуды.

Қолдана алады: Қағазды екіге бүктеп, жапырақ пен гүлдің күлте жапырақшаларын жырту тәсілі арқылы жапсыруды




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Похожие файлы

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!