Тақырыбы: «Шығыстың қос жұлдызы»
Патриоттық сағатын өткізудегі мақсатымыз: Аттары аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырып, есімдері тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі алауын жаққан қазақтың қос шынары Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлованың ерліктері туралы мәлімет беру. Қызмет алушылардың бойына патриоттық сезімін ояту, Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыру.
Көрнекілігі: ерлік туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар, бүктемелер, Әлия мен Мәншүк портреті, батырдың ерлігі жайындағы естеліктер, сурет көрмесі, кітап көрмесі: «Олар біздің бақытымызды қорғады».
Кіріспе:
1-жүргізуші: Бүгінгі мерекеміз Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты. Сан мыңдаған ер азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор. Төрт жыл бойы дүниені дүрліктірген соғыста небір жанқиярлық ерліктер жасалды. Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан аға ұрпақтың қатарында қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары да болды. Соның ішінде Кеңес Одағының Батыр қыздары Шығыстың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова туған жерді қасиет тұтып, атамекенді ардақтау Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған балалар үшін шайқасты.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйемін.
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған Отан деп сыбырлаған.
Бозторғайы бол оның шырылдаған
Отан, Отан
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем,-деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, әрбір қазақтың жүрегінде Отан туралы сезім жоғары тұрады.
2-жүргізуші: Армысыздар Құрметті қызмет алушылар, қонақтар. Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі батырлық сағатымыз Шығыстың қос шынары қос батырымыз Әлия мен Мәншүкке арналады. Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.
Священная война» өлеңі ойнап тұрады
1-жүргізуші: Кәрі жасты шулатып, аналарды боздатып, балаларды еңіреткен Ұлы Отан соғысы қалай басталып еді?
Өздеріңізге белгілі, 1941 жылы 22 маусым күні таңғы төртте бейбіт жатқан елімізге Германия ойламаған жерден соғыс ашты. Фашистік Германия қарақшылықпен Совет Одағының шекарасын бұзып, басып кірді. Суық хабар сол күні-ақ байтақ жерімізге жер-жерден, ауыл-аймақтағы радиодан әйгілі диктор Левитанның қуатты үнімен түгел тарады
Экранға назар аударайық. /Үнтаспадан Левитанның үнін естиді/.
2-жүргізуші: Қазақтың қанында бар қайсарлықты сын сағатта қазақ қыздары да көрсетті.
Әлия –Мәншүк!
Бұл есімдер халқымыздың қадір қасиетін ұлттық мінезін,патриоттық қасиетін биіктететін тұлғалар.
Қазақтың екі асыл қызының өмір жолының көз жасының тамшысындай бірдейлігін таңдандырып өмірлерін жақындастырады.
1-жүргізуші:
Даламыздың даңқысын
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Қаhарман қыз Әлия Молдағұлова 1925 жылы 16 маусымда Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Бұлақ аулында дүниеге келген.
1933 жылы анасы қайтыс болғаннан кейін әжесі Тәжікеннің тәрбиесінде, апасының сіңілісі Сапурамен бірге тең дәрежеде жүрді. Нағашы ағасы Әубәкір қызмет бабымен Әулие-Атаға көшіп келеді. Сол жерде №11 темір жол мектебіне Әлия 1-ші сыныпқа 1934 жылы қабылданады. Молдағұловтар отбасы Мәскеуге көшіп келеді де Әлия мен Сапураны 1935 жылы №35 Мәскеу орта мектебіне береді. Сол жерде 1938 жылдың наурызына дейін оқиды. Отбасының жағдайына байланысты Молдағұловтар Әлияны Ленинградтағы №46 балар үйіне береді. Ол №140 орта мектепте оқиды. Әлия бір беткей, әділетті шындықты көзге айтатын, қорықпайтын, сыныпта староста болған. Мектепте пионер вожатый қабырға газеті редакция алқасының мүшесі болған. Соғыс басталғанда Әлия комсомол қатарына қабылданды. Әлия 1942 жылдың желтоқсан айының 18 жұлдызында мергендер дайындайтын Орталық қыздар мектебіне оқуға түсіп, үздік бітіріп шығады. 1943 жылдың шілдесінде Әлия өз еркімен соғысқа алғы шепке аттанады. Әлия бұл кезде небары 21 жаста. 1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Алия Молдағұлованың соңғы шайқасы туралы бейнероликке назар аударамыз!
2- жүргізуші:
Шаттансаң,қыз тудым деп қазақ шаттаң,
Мәншүгім Отаныма болған мақтан.
Қала Невель маңында тұлғасы тұр,
Дегендей «Ерлікке аттан, жеңіске аттан».
Сол жермен талай заман адамы өткен,
Желдіртіп қоңыраулы атын жеккен.
Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп
Қазақтың Мәншүк қызы қаның төккен.
Мәншүк Мәметова 1922 жылдың қазан айында Орал облысының Орда қалашығында дүниеге келген. Мәншүктің шын есімі –Мәнсия. . Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк әкесінің інісі Ахмет пен әйелі Әмина бауырларына басады. Мәншүктің балалық шағы Алматыда өткен. Әкесінің орнына әке болған Ахмет Маметов дәрігер болған, сол кісі сияқты Мәншүк дәрігер болуды армандаған. Алматы медецина институтына оқуға түседі. Мәншүк Мәметова Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы мед институтында оқып жүрді. Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен,1942 жылдың тамызында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады. 1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.
Мәншүктің соңғы хаты туралы бейнероликке назар аударайық!
(Мәншүктін анасына жазған хаты Видео қосылады)
Әң «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» орындайтын орталықтын қызметкері Жанат Калиева
1-жүргізуші: Әлия мен Мәншүк есімі мәңгі жадымызда (көрініс)
Сахнада тұрған баланың бірі
Анаға жақындап,сұрақ қоя сөйледі.
Айтшы ана сезіппедің ,сонда сен
Жақындаған қара бұлтты
Қара бұлтты, қара нөсер дауылды
Естіп пе едің сонда сен
Өз еліңе жақындаған
Үрейді алған сарынды.
(Сахнаға әскери киімді Әлия мен Мәншүк келеді.)
Ана: (көрермендерге жақындап)
Бір сұмдықтың болатынын сезіп ем,
Елге дауыл тиетінін біліп ем,
Тыныш жатқан берекелі еліме
Қанішердің келетінін сезіп ем
Бірақ, бірақ бейбіт шақтың келеріне
Мен тәңірідей сеніп ем
Ел қорғайтын ерлерімнің
Мәншүк пен Әлиядай
Қыздарымның ерлігіне сеніп ем.
Мәншүк (анаға қарап сөйлейді)
Мама, мама күнім деген сенсің ғой
Әрең жетті-ау әлсіреген дауысың
Жыламашы шыдап бақшы ерсің ғой
Бар емеспе бір еркектей намысың
Сағындың ба, менде сені сағындым.
Қандай ана сағынбайды баласын
Қандай бала сағынбайды анасын
Жүрегімде жалғыз өзің ғанасың
Батқан күнмен, батқан түнмен бірге күт
Менде саған оралғанша ынтықпын
Оралмасам қош бол мама көрерсің
Қалған менен соңғы белгі мылтықты.
Ана (тебірене)
Тап таза мөп-мөлдір көгілдір,
Жан еді – ау жапырақтай көктемгі
Шырқайтын жыр қылып осынау өмірді,
Әнсің бір жарылып кетердей от кеуде
Жан берді жалғызым өрт топан майданда
Соғыс қой ақмарал аруды сындырған
О, бүгінге жауапты адамдар
Сақтаңдар ұрпақты
Апаттан,қырғыннан
(Әлия мен Мәншүк кезектесіп, залға қарап сөйлейді)
Мәншүк:
Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік
Жерге бақыт,елге бақыт тіледік
Отан ана отқа күйіп жатқанда
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.
Әлия:
Отан –ана жылағанда шерленіп
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт
Қара бұлтты қақ жарайық дедікте
Қолымызға қару алдық ерленіп
Мәншүк:
Қыздың жанын біз білмесек кім білер ,
Көктем келсе құлпырмайма мұңлы жер
Үстімізге біз кимедік ақ көйлек
«Жар-жар» жырын естімедік,сіңілілер
Әлия:
Күліп қарсы ап бал бақыттың ақ таңын,
Айтпадық біз махаббаттың тәтті әнін
Бізге жылы хат жазатын жігіттер,
Қаныменен қарға жазды хаттарын
Мәншүк:
«Отан» деген сөз көкейде жатталып,
Зор айқасқа кеттік біздер аттанып
Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,
Біз сендердей арман гүлін тақпадық.
Әлия,Мәншүк:
Қатар тұрмыз қатар жүріп келеміз,
Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз,
Біздер өлдік,өлмесіндеп басқалар,
Бізді қайта туды Отан, ел егіз
Жетсек деген арманымыз көп еді.
Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі
Біздің туған күнімізді құттықтап
Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.
Бірақ ерте,тым ертерек жандық біз,
Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз
Қолымыздан осы болды келгені
Біздердей ерте солмау үшін басқа қыз.
/Әлия мен Мәншүк ескерткіш тәрізді тұрып қалады/.
Ана :
Қош бол қыран қыздарым менің! От болып жанып кеткен, ер болып елге танылып кеткен, қос қарлығашым,өздерің ерте солғанмен,соңдарыңда өшпес ерліктің даңқы қалды. Ел мен жерің өздеріңді ұмытпақ емес.
2- жүргізуші:
Әң «Шығыстың қос жұлдызы» орындайтын орталықтын қызметкері Жанат Қалиева.
1 жүргізуші:
Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл-көмей,
Абзал досым, мүгедекті жұр демей.
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді
Еске алайық бір сәт тұрып ұндемей.
Соғыс құрбандарын 1 минуттық еске алу .
2- жүргізуші:
Олар өлді тек аспан сау болсын деп,
Олар өлді туған жер бар болсын деп.
Олар өлді ақ арман сөнбесін деп,
Олар өлді өзгелер өлмесін деп.
Олар жұтқан ауаны құлатпадық
Олар жыртқан даланы жылатпадық
Олар өліп кеткенмен өлмейтұғын
Даңқыменен Берлинде бір аттадық.
Сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
1 жүргізуші: Әлия мен Мәншүктің жауынгерлік жолыда қысқа. Өмірлері аққан жұлдыздай жар еттіде жоқ болды. Қамшының сабындай қысқа ғұмырларында ел сүйсінерлік,ерлік жасады.Елінің халқының тарихында аттары алтын әріппен жазылып,мәңгілік есте қалды.
2 жүргізуші: Әлия мен Мәншүк есімдері қастерлеуге де, ұлықтауғада лайық. Әлия мен Мәншүк - халық үшін егіз есім,бір ұғым. Қос ару шығыс елінің Жанна д Арк атанып ,бүгінгі тарих төрінде бірін–бірі биіктете,бірін-бірі асқақтата түсуде.
1- жүргізуші:
на фоне песни « Жеңіс күні»
Әлия –Мәншүк ер қыздары елімнің
Әлия –Мәншүк –гүл қыздары жерімнің
Әлия –Мәншүк аттары әнге айналған
Әлия –Мәншүк қос жұлдыз көкте жайнаған,-
деп мерекемізді « Жеңіс күні» әнімен аяқтаймыз!
2- жүргізуші: Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін әрдайым мақтан тұтамыз. Елімізді ғана емес, Еуропаны фашизмнің қара түнегінен азат еткен ардагер ағаларымыз бен апаларымызды кейінгі ұрпақ - біз ешқешан ұмытпаймыз. Біз олардың алдында мәңгілік қарыздармыз. Сондықтан да біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін эрқашан қастер түтамыз. Олардың ерлігі ешқашан естен шықпақ емес. «Батырдың өзі өлсе де, аты өлмейді
Қамықпаған қиындықтың түсінен,
Қамықпаған қиындықтың түгінен.
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен,
Бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ атынан,
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен! – деп, келесі кездескенше, аман есен болайық ағайын!