СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шылау сөздер туралы түсінік

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шылау сөздер туралы түсінік беріледі.Әр алуан тапсырмаларды орындау арқылы жүргізіледі.

Просмотр содержимого документа
«Шылау сөздер туралы түсінік»

Cабақтың

тақырыбы: Шылау сөздер туралы түсінік.

Сабақтың

мақсаты: а) білімділік:

шылау туралы түсінік беру; әр түрлі мысалдар арқылы оның қызметін

түсіндіру;

ә) дамытушылық:

сөзжұмбақ пен «Тиісті орнын тап» деген ойынды пайдалана отырып

оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тілдік қорларын

байыту;

б) тәрбиелік:

халқымыздың фольклор жанрын пайдалана отырып ой дәлдігіне және

шапшаңдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың

түрі: Жаңа білімді хабарлау сабағы

Сабақтың

әдісі: талдау, жаттығу, сұрақ – жауап, түсіндірме, баяндау.


Көрнекілігі: 1. Слайдқа жазылған сөзжұмбақ

2. Шылау туралы схема – кесте.

3. Мысалдар жазылған кесте.

4. Шылаулардың түрлері жазылған кесте.

5. Карточкалар.

Пәнаралық

байланыс: әдебиет, этнография.

Сабақ

барысы: а) ұйымдастыру кезеңі:

(сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын қадағалау).

Жаңа сабақ.

  • Ал, енді балалар, бүгінгі сабағымызға сөз таптары қонаққа келіпті. Олар өзара дауласа келіпті. Енді сол сөз таптарын тыңдап жіберейік.

  • Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? – 9 сөз табы. Ортаға сегіз сөз табы шығады.

Зат есім (1- оқушы):

  • Оу, халқым! Дүниедегі барлық, байлық кім? не? деген сұраққа жауап береді. Олай болса, менен асқан кім бар?

Сын есім (2- оқушы):

  • Сол заттардың түр – түсін, дәмін анықтап жүрген кім екен? Менен асқан қайсың бар, айтыңдаршы!

Сан есім (3- оқушы):

  • Байлық та, басқа да есепсіз болмас. Сондықтан да есеп керек, есеп!

Есімдік (4- оқушы):

  • Барлығың қанша мақтансаңдар да, менен алыс кете алмайсыңдар! Мұны ұмытпаңдар!

Етістік (5-оқушы):

  • Тоқтат, тоқтай тұрыңдар! Зат біткен көркем болсын, көп болсын қимыл - әрекетке түспесе не пайда?

Үстеу (6- оқушы):

  • Өте дұрыс. Біз де босқа жүргеніміз жоқ. Осыны ескеріңдер.

Еліктеу (7- оқушы):

  • Түу, пыс – пыс әңгіменің не керегі бар! Мен сияқты маң – маң басып жүрмейсіңдер ма?



Шылау (8- оқушы):

  • Өздерің туралы мақтан айтуға қалай ұялмайсыңдар? Доғарайық сөзді. Бүгінгі күнгі жұмыстарың теқ қана мен туралы болсын!(қолымен бәрін артқа қарай итереді де, өзі ортада қалды).

  • Сонымен, балалар ,біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз – шылау. (тақтаға жазылады).

Тақтаға шылауға арналған кесте ілінеді. Мысалдары жазылған. Осы мысалдарды пайдалану арқылы шылаудың қызметі түсіндіріледі.

Шылау туралы схема -кесте


түрленбейді

толық лексикалық мағынасы жоқ


шылау сөйлем мүшесі бола алмайды


сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді

байланыстырады


сөзге қосымша мән үстейді




Сыныпта 323- жаттығу орындалады.

Одан әрі қарай «Тиісті орнын тап» ойыны ойналады.

Мақсаты: Сөйлемдегі сөздердің орындары ауысқан. Әрбір сөзді өзінің орнына қойып, сөйлемді құрамыз. Содан соң шылауды тауып астын сызамыз.

№1.

Жауыңыз да, өшіге, соқтығады,өршелене,сол үшін. (М. Әуезов).

(Сол үшін жауыңыз да өшіге, өршелене соқтығады).

№2.

Жастықтан, басымды,Шеген, мен, ортасына, Бораштың, жұлып, алып, отырдым. (Ғ. Мүсірепов).

(Жастықтан басымды жұлып алып, Шеген мен Бораштың ортасында отырдым).

№3.

Өзгелерден, қара торы, кейін келген, қыз. (Т. Әлімқұлов).

(Қара торы қыз өзгелерден кейін келген).

№4.

Шыққан жоқ, жұмысқа, екі күннен бері. (Ә. Сәрсенбаев).

(Жұмысқа екі күннен бері шыққан жоқ).

№5.

Қуанарын да, білмегендей, Әбіш айтқан, шошынарын да, сөзден. (М. Әуезов).

(Әбіш айтқан сөзден қуанарын да, шошынарын да білмегендбей).



№6.

Сейдім аталады, тау, құм. мен, поселке, орын тепкен, арасынан. ( Т. Әлімқұлов).

(Тау мен құм арасынан орын тепкен поселке Сейдім аталады).


Жаңа сабақты бекіту:

Слайдқа жазылған сөзжұмбақты пайдаланамын.



ш

а

ш


ұ

й

қ

ы





к

ө

л

е

ң

к

е


а

й

р

а

н


у



Сөзжұмбақтың шарты – жұмбақтың шешімін табу және ішінен шылауды табу.

№1.

Жас кезінде қара орман,

Жыл озған сайын ағарған.

(шаш)

№2.

Көрінбейді көзіңе,

Тіл қатпайды өзіңе.

Жығады ол күн сайын,

Палуандардың өзін де.

(ұйқы)

№3.

Мен жүгірсем, ол да жүгіреді,

Мен мүдірсем, ол да мүдіреді.

(көлеңке)

№4.

Сұйық еді аппақ,

Бауырдай болып қатыпты,

Ішсең дәмі тәтті – ақ .

(айран)

№5.

Уәли де өлең жаттады,

Уазипа да жаттады.

Қай әріптен басталған

Екеуінің аттары?

(у)

Барлық оқушыларға ортақ тапсырма беріледі. Сынып өміріне қатысты шылауларды қатыстырып мәтін құрау,бірнеше оқушының жазған жұмыстары тыңдалады.

Үйге тапсырма: 1. Шылау сөздер.

2. 324- жаттығу


Оқушыларды бағалау.