|
Жалпы мақсаты:
|
1.Оқушыларды ертегімен таныстыра отырып, идеялық мазмұнын ұғындыру. 2. Тілін дамыту,мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту, өз бетімен ізденуге үйрету. 3Еңбексуйгіштікке,ата-ананы сыйлауға,өтірік айтпауға тәрбиелеу.
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
-Ертегі арқылы шыншылдыққа, еңбекқорлыққа, адалдыққа үйренеді. -Топпен бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді;
-Пікір алмасу арқылы ой түюге дағдыланады;
-Тақырыпты менгеріп, алған білімін өмірде пайдаланады;
-Бірін-бірі бағалайды;
|
|
Әдіс-тәсілдер :
|
Сыни тұрғыдан ойлау, жеке жұмыс, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, «Ыстық орындық», «ой ашар», «ротация» әдісі.
|
|
І.Ұйымдастыру кезеңі 4мин
|
1.Психологиялық ахуал Шаттық шеңбер Алақанды ашайық Жылулықты шашайық, Сәттілік тілеп, достарға . Біз сабағымызды бастайық-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
2. Оқушыларды 3 топқа бөлу:
|
Оқушылардың ұйымдасуы, топқа бөлінеді
1-топ «Теңге» 2-топ «Рубль» 3-топ «Доллар» және ұйымдасуы бойынша пікірлерін айтады.
|
|
ІІ.Негізгі кезеңі 5мин
6мин
4мин
8мин
|
1 Қызығушылығын ояту.Үй тапсырмасын тексеру « Ер еңбекпен сыналады» Жекен Жұмақанов
Мәтін бойынша сұрақ қою
1. Жүк машинасы не деп мақтанды?
2.Көтергіш кран қалай жауап берді?
3.Мәтін шығарманың қай түріне жатады?
4.Сенің ойыңша кімдікі дұрыс?
5. Мәтіндегі негізгі ойды тап.
6. Сенің сыныбыңда мақтаншақ оқушы бар ма?
«Ер еңбекте сыналады» деп бекерге айтылмаса керек. Өйткені әрбір тіршілік иесі өзіне тиесілі жұмысты жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен жасаса, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мақтаншақтықтан, ұқыпсыздықтан, жалқаулықтан арылмайынша, жұмысың алға баспайды. Сондықтан өзіңе тапсырған істі мұқият, тындырымды етіп орындау керек. Еңбек ер атандырады.
2.«Ой ашар» Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер ......
3.Жаңа сабақ
Тақырыбын, мақсатын хабарлау
Еңбекпен тапқан тиын
Ертегілер туралы әңгімелеу.
- Ертегі дегеніміз балалар, ауызша жеткен халық шығармаларының түрі.
- Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте-дегендей әр елдің өз ертегілері бар. Бүгінгі жаңа сабағымызда грузин ертегісін өтеміз.
Грузин елінің астанасы – Тбилиси қаласы. Ресми тілі — грузин тілі. Ұлттық ақшасы — лари деп аталады екен.
(Грузиндердің ұлттық киімімен түскен суретін көрсету)
4.Оқулықпен жұмыс (оқиды, талдайды, сөздік жұмыс жүргізеді)
|
Оқушылар жауап беру арқылы үй тапсырмасын , білімдерін тексеру.
Бір-біріне сұрақ қою арқылы білімдерін толықтыру.
Топтар тақырыпқа байланысты мақал-мәтел айтады, мағынасын ашады.
Оқушылардың жауабын тындау(жануарлар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер,шыншыл ертегілер болып бөлінеді.
Видеожазба , слайд
«Ротация» әдісі оқушылар топта оқиды, талқылайды ,пікірлеседі, ертегіні әрі қарай жалғастырып көр. Ертегіні әрі қарай жалғастырып көр.
|
|
ІІІ.Ой толғаныс 5мин
4мин
|
1.Ертегіні әр топ сахналайды
2 «Ыстық орындық» әр топтан бір оқушыдан.
|
Әр топ кейіпкерлерге бөлініп ертегіні сахналайды.
Ыстық орындыққа отыру арқылы оқушылар бүгінгі тақырып бойынша ойларын білдіреді.
|